1 сурет. Өңдеудің технологиялық әдістерінің жіктелуі



бет2/29
Дата23.12.2021
өлшемі2,56 Mb.
#128213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
LЛекции-1

Кесудің негізгі қозғалысы (D ) - кесу процесінде ең үлкен жылдамдықпен өтетін, дайындаманың немесе кесу құралының түзу сызықтық үдемелі немесе айналмалы қозғалысы. Бас қозғалыстың жылдамдығы ( м/мин, м/с) - кесу жиегінің қарастырылып отырған нүктесінің немесе дайындаманың кесудің бас қозғалысындағы жылдамдығы.

4 сурет. Еркін кесудегі кесілім


Беріс қозғалысының жылдамдығы (беріс жылдамдығы) - кесу жиегінің қарастырылып отырған нүктесінің беріс қозғалысындағы жылдамдығы (D ). Беріс (S) - кесу жиегінің қарастырылып отырған нүктесінің немесе дайындаманың осы нүктенің траекториясымен бойлай өткен арақашықтықтың, сәйкес цикл санына немесе кесу кезіндегі басқа қозғалыстың циклының анықталған үлесіне қатынасы. Қозғалыстың циклы деп кесу құралы немесе дайындаманың толық айналымын, жүрісін немесе қосарланған жүрісін айтамыз. Цикл үлесі деп кесу құралының тістерінің бұрыштық адымына сәйкес айналым бөлігін түсінеміз. Қайтара-үдемелі қозғалыс кезіндегі бір жақты қозғалысты жүріс дейміз. Беріс белгіленуі мен өлшемі: S - мм/об.; S - мм/зуб.; S - мм/ход.; S - мм/2ход.; S - мм/мин. Кесудің принциптік сұлбасында кесудің негізгі қозғалысы мен беріліс қозғалысынан басқа жанама қозғалыс, нәтижелі қозғалыс және кесу жолы да көрсетіледі.

Жанама қозғалыс (D ) - жылдамдығы кесудің негізгі қозғалысының жылдамдығынан кем, кесу жиегінің дайындамамен түйісетін бөлімдерін алмастыруға арналған, кесу жиегіне жанамалай бағытталған, кесу құралының түзу сызықтық үдемелі немесе айналмалы қозғалысы. Жанама қозғалыстың жылдамдығы - кесу жиегінің қарастырылып отырған нүктесінің жылдамдығы немесе дайындаманың жанама қозғалысындағы жылдамдығы.

Кесудің нәтижелі қозғалысы (D ) - кесудің негізгі қозғалысы, беріліс қозғалысы және жанама қозғалыстары кіретін, кесу құралының дайындамаға қатысты қозғалыс жиынтығы. Нәтижелі қозғалыс жылдамдығы ( ) -нәтижелі қозғалыстағы кесу жиегінің қарастырылып отырған нүктесінің жылдамдығы.

Кесу жолы ( l ) - кесу жиегінің қарастырылып отырған нүктесінің дайындамамен түйіскен кезде, қарастырылып отырған уақыт аралығындағы, кесудің нәтижелі қозғалысында осы нүктенің траекториясын бойлай өлшеген арақашықтық жиынтығы.

Кесу қозғалысы мен берілісі бір уақытта немесе әр түрлі уақытта орындалуына байланысты, барлық құралдарды екі топқа бөлеміз: қарапайым және күрделі жұмыс қозғалысты құралдар. Кесу қозғалысы кезінде беріліс қозғалысы болмаған кезде құрал қарапайым жұмыс қозғалыста (сургілеу-қашау кескіштер, тартажонғыштар, қобылағыштар). Кесу қозғалысы кезінде беріліс қозғалысы да болған кезде құрал күрделі жұмыс қозғалыста (токарлық кескіштер, жонғыштар, бұрғылар және т.б.).



Кесу түрлері. Жұмысқа қатысушы жүздердің санына, алынған қабат кесу жиегінің бойымен қалай ағуына байланысты кесу түрлері еркін, еріксіз және ротациялық(айналу) деп бөлінеді. Кесудің бұл түрлері 5 суретте көрсетілген.


а) б) в)

5 сурет. Кесу түрлері (а- еркін, б- еріксіз, в- ротациялық)


Еркін кесу кезінде жұмысқа тек бір ғана негізгі жүз қатысып, металл, кесу жиегінің бойымен еркін ағады ( ); егерде жұмысқа негізгі жүзден басқа ауыспалы және көмекші жүздер қатысуымен қатар, жұмыс жасаушы жүздердің бойымен металл ағыны қиындатылған болса, онда кесу еріксіз деп аталады. Егерде кесу процесі кезінде жүздің жұмыс учаскілері дайындамамен алмасса, мұндай кесу ротациялық деп аталады, кесуші пластина өзінің осінің айналымында айналады.

Өңделетін дайындама беттері. Кесу процесі кезінде дайындама бетінде сипатына қарай беттерді ажыратады: өңделетін бет (сур.3,1), өңделген бет (сур.3,2), кесу беті (сур.3,3), негізгі қозғалыс беті және жұмыс жазықтығы.

Өңделетін бет деп, өңдеу кезінде жартылай немесе толығымен алынып тасталатын бетті түсінеміз. Өңдеу нәтижесінде дайындамада пайда болған бетті өңделген бет дейміз. Кесу беті - кесудің нәтижелеуші қозғалысында (R) кесу жиегімен жасалынған беті. Негізгі қозғалыс беті (R ) -кесу жиегімен негізгі кесу қозғалысында пайда болған бет. Жұмыс жазықтығы (P) - негізгі кесу қозғалысы мен беріліс қозғалысының жылдамдықтарының бағыттары орналасқан жазықтық.

Кесу режимінің элементтері. Кесу тереңдігі. Дайындамада өңдеуге әдіп ретінде қалдырылған, металл қабатн кесіп алып тастау үшін, құралдың жүзі металға осы әдіпке тең тереңдікке кіруі керек. Бұл жағдайда осы әдіп құралдың бір рет өткенінде алынады. Егерде әдіп үлкен болса оны екі немесе оданда көп өтімде кесіледі. Құрал жүзінің дайындама металына әр өтім кезінде кіру қалыңдығын кесу тереңдігі деп атаймыз. Кесу тереңдігі t деп белгіленіп, миллиметрмен өлшенеді.

Металды кесіп өңдеуде, кесу тереңдігі, өңделген және өңделетін беттердің арақашықтығы ретінде, өңделген бетке перпендикуляр бағытта өлшенетін қашықтық (3 сур.). Қуыстарды жону, кеулейжону, кеулейбұрғылау, ұңғылау кезінде кесу тереңдігі мына теңдеумен өрнектеледі: t =(D-d)/2, бұл жерде D мен d сыртқы жону кезіндегі өңделетін және өңделген беттердің сәйкес диаметрлері.



Кесу және беріліс жылдамдықтары. Негізгі және көмекші қозғалысты білдектердің атқарушы органдары жүзеге асыруда олардың сандық бағасы қажет. Ең үлкен жылдамдыққа ие негізгі қозғалыс, материалдың кесілетін қабатының деыормациясының жылдамдығы мен бағытын анықтайды және соның арқасында жоңқа пішімі мен оның түсу бағытын да. Сондықтанда, негізгі қозғалыс жылдамдығы кесу жылдамдығы болып келеді. Кесу жылдамдығы құрал мен өңделетін дайындамаға да жеткізіледі. Кесу жылдамдығы - құрал жүзінің қарастырылып отырған нүктесінің немесе уақыт бірлігінде дайындаманың кесу қозғалысы бағытында жылжу жылдамдығы. Кесу жылдамдығын деп белгілейміз және жүзбен өңдеуде м/мин анықталады.

Беріліс қозғалысын сандық бағалау кезінде, сан жағынан берісіспен көрсетілетін негізгі қозғалыс цикл санына (немесе олардың үлесіне) сәйкес, кесуші жүз нүктелерінің беріліс қозғалысы бағытында жүріп өткен, арақашықтық қатынасы қолданылады. Берілісті S әрпімен және индекстермен белгілейміз: S , S , S , S , S мин.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет