Құралдардың тозуға төзімділігін жоғарылату әдістері. Қазіргі кезде құралдың кескіш қасиеттеріне жоғары талаптар қойылады, әсіресе ЧПУ станоктарына және иілгіш өндірістік кешендерге арналған құралдардың. Күрделі қоспалау тәсілімен құралдың тозуға төзімділігін көтерудің дәстүрлі әдістері өзінің мүмкіншіліктерін тауысты. Осыған байланысты, құралдың жұмыс бетінде белгіленген қасиеттері бар үстіңгі жұқа қабат орнатуға негізделген, тозуға төзімділікті көтеру әдістері жасалуда және өндіріске енгізілуде. Бұның ішінде ең көп тарағаны химия термиялық өңдеу және тозуға төзімді жабуларды жасау.
Химия термиялық әдістері (цианилеу, азоттау, немесе нитроцементтеу, борлау және т.б.) болаттан жасалған құралдардың химиялық құрамы мен беткі қабаттың қасиеттерінің өзгеруі болатын өңдеулердің түрін көрсетеді. Бұл өзгерістер сыртқы ортадан әртүрлі элементтердің болатқа араласу нәтижесінде болады.
Аталған әдістердің ішіндегі кеңінен тарағаны цианилеу, құралдың бетіндегі қабатты көміртегі мен азотпен бір уақытта қанықтыру. Цианилеу термиялық өңдеу мен соңғы қайраудан соң жасалынады. Цианилеуден кейін жоғары қаттылықты 70НРС, сондайақ жылуға төзімділігі мен тозуға төзімді, 20…30мкм қалыңдықты қабат аламыз. Цианиленген қабаттың, өңделетін материалға қарағанда үйкеліс коэффициенті аз. Осының салдарынан цианиленген құралдардың төзімділігі 1,5…2 рет өседі.
Аспаптық материал бетіне жабу жағу, оның бетінде негізінің қажетті деген қасиеттерінің жаңа кешенін орнату. Бұл бағыт құралдың төзімділігін көтерудегі маңызды мәселе болып саналады. Кесу құралының жұмыс бетінде жабу орнату әдістерінің көптеген саны бар. Соның ішінде кеңінен тараған әдістері: бу мен газ фазасы мен вакуумды-плазмалық жабулардың химиялық отыруы.
Газдық фазадан химиялық отыру әдісінде (алған аты ГТ) газ тәріздес қосылыстардың қатты тұнбаға айналуы. Құралдың температурасы жоғары (1000…11000С), жоғары температуралық әдіс болғандықтан тек қана қатты қорытпаларға жабу орнату үшін ғана жарайды. Бұл әдіспен қатты қорытпалардан жасалған көпжақты тілімшелерге жабу орнатуға болады. Көпжақты тілімшелердің жартысынан астамы тозуға төзімді жабулармен шығарылады. Жабуға материал болады: TiC, TiN, TiCN, ZrN, HfC, MoC, MoN, CrN, TaN және басқалар.
Вакуумды-плазмалық әдістердің (КИБ әдісі - жабу беті буланып вакуумдағы плазмалық фазадан құрал бетін иондық атқылау, РЭП әдісі – жабу бетінің вакуумда электрондысәулелік плазмалық реактивті отыруы) технологиялық мүмкіндіктері көп. Бұл әдістерде етек жағындағы температура төмен (~4500С) болғандықтан, әдісті қатты қорытпалар мен тезкескіш болаттан жасаған құралдардың бетін жабуға қолдануға болады. Қазіргі күні көптеген отандық кәсіпорындарда КИБ әдісімен беттерді жабу «Болат» қондырғысының көмегімен іске асады. Ол жерде тілімшелер мен өстік құралдардың бетіне жабу жағуға болады (бұрғы, бұрандаойғыш, зенкерлер, ұңғылағыштар және т.б.).
Бет жабуының оңтайлы қалыңдығы, негізгі материалдың қасиетіне, жағу әдісіне және жағылатын материалға байланысты 8…12мкм болады. Жабулар бір немесе көп қабатты болады. Көп қабатты болған жағдайда төменгі қабаттары илемді титан мен молибден карбидтерінен, жоғарғы қабаттары қаттырақ титан нитридтері мен керамикадан жасалады.
Тәжірибеде көргеніміздей, тозуға төзімді жабулы құралдарды қолдану, олардың төзімділігінің 2...3 рет қолданылады, ал кесу күші мен температурасы 20…30% төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |