1 сурет. Өңдеудің технологиялық әдістерінің жіктелуі



бет1/29
Дата23.12.2021
өлшемі2,56 Mb.
#128213
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
LЛекции-1


1 Тақырып. Металды кесу туралы жалпы мәліметтер. Пәннің мақсаты мен мәселелері. Кесіп -өңдеудің технологиялық тәсілі. Кесу элементтері.

Бүгінгі күні машиналардан жоғары техника-экономикалық және пайдалану сипаттамалары талап етіледі. Бұл үшін конструкторлар әрдайым технологияны кемелдендіруді, тетіктерді өңдеу мен машиналарды құрастыру сапасын жоғарылатуды, жаңа конструкциялық материалдар мен оларды өңдеудің алдыңғы қатардағы әдістерін қолдануы қажет.

Машина жасау саласының қарастыратын басты мәселелерінің бірі болып, машина тетіктері үшін дайындамаларды өңдеудің жаңа технологиялық әдістерін дайындауды ары қарай дамыту болып табылады. Машина тетіктерін жасаудың мәні, әртүрлі технологиялық тәсілдерді бірізділікпен пайдалана отырып, өңделетін дайындамаға берілген пішім мен өлшемдерді көрсетілген дәлдікпен беру. Берілген пішім мен өлшемдерді көрсетілген дәлдікпен берудің бір тәсілі болып дайындаманы механикалық кесіп өңдеу болып саналады.

Механикалық кесіп өңдеумен қатар, илемділік деформациясымен жоңқаны алмай, электрлік, химиялық, сәулелік, жарықтық, магнитті стриктерлік және басқа да энергия түрлерін пайдаланып өңдеу тәсілі кеңінен қолданылады. Кейбір жағдайларда машина тетіктерін жоғары сапамен өңдеуге аралас тәсілдерді қолданады. Технологиялық өңдеудің әдістерінің жіктелуі сұлба бойынша (1 сур.).


1 сурет. Өңдеудің технологиялық әдістерінің жіктелуі


Машина тетіктерін технологиялық өңдеу әдістерінің ішінде кесіп өңдеу, көптеген жылдарға машина тетіктері мен механизмдерін жоғары дәлдікпен дайындаудың негізгі тәсілі болып қалады. Металды кесіп өңдеу деп кесу құралымен, тетіктің қажетті геометриялық пішімі мен беттің кедір-бұдырына қол жеткізу үшін дайындама бетінен металл қабатын кесу процесін айтамыз. Кесіп өңдеу жоғары дәлдік пен өнімділікті қамтамасыз етеді.

Бірақта, кесу процесі өңделетін материалдардың физика-химиялық қасиеттеріне, кесу құралының сапасына, білдектің жағдайына, технологиялық жүйенің қаттылығына және т.с.с. байланысты аса күрделі құбылыстардан тұрады. Металды кесу процесіне илемділік және



2 сурет. Кесу жүйесіндегі геометриялық параметрлер


серпімділік деформациялары, күйреу, үйкеліс, жылудың шығуы және т.б. ілеседі. Кесу процесінің жоғары өнімділігі мен тиімділігін, сонымен қатар дұрыс және үнемді есептеуін, металл кескіш білдектерді, құралдар мен айлабұйымдарды құрастыру және пайдалануға қажетті, кесу процесіне ілеспе заңдылықтар мен құбылыстарды терең білу қажет.

Пәнді зерделеу мақсаты - материалдарды кесу процесін басқарудағы машықтарға болашақ инженер-механиктерді дағдыландыру, жоңқаның пайда болу процесіне ілеспе физика-химиялық, механикалық және басқа құбылыстар жайында жалпы көріністі беру, өңдеу сапасына қойылатын талаптар мен шарттарға байланысты процестің функционалдық параметрлерінің өзгеруінің негізгі заңдылықтарымен таныстыру.

Пәнді зерделеудің мәселелері -түрлі өңдеу әдістерінің кесу режимдерін есептеуді үйрету, операцияларға кесу процесін және технологиялық процесті түгел тиімділеу, автоматтандырылған өндірістегі кесу процесі мен кесу құралының сенімділігін қамтамасыз ету.

Кесудің кинематикалық элементтері мен сипаттамалары. Кесу құралы дайындамадан өңдеуге қалдырылған әдіпті (өңделетін бетте, берілген қасиеттерге қол жеткізу мақсатымен дайындама бетінен алынатын материал қабаты) алып тастау үшін, құрал мен дайындамаға нақты бағыттар мен жылдамдықты қозғалыстар жіберіледі. Құрал мен дайындамаға жеткізілетін қозғалыстың бұрыштық және сызықтық жылдамдықтары қатынасына байланысты, түрлі өңдеу әдістері пайда болады. Дайындама немесе құралға жеткізілетін қозғалыстың бірі - кесу қозғалысы, ал екіншісі - беріс қозғалысы.

Кесу қозғалысы деп, кесілетін қабаттың жоңқаға айналу процесін жүзеге асыруға қажетті қозғалысты айтамыз. Беріс қозғалысы - металл қабатының бөлінуін бүкіл өңделетін бетке таратуға арналған, жылдамдығы кесу қозғалысының жылдамдығынан кем кесу құралы, немесе дайындаманың түзу үдемелі, немесе айналмалы қозғалысы.

Кесу қозғалысының (бас) ерекше белгісі, беріс қозғалысының жылдамдығынан едәуір басым. Бұл қозғалыстар 3 суретте көрсетілген. Суретте көрініп тұрғандай, бұл қозғалыстардың құралға немесе дайындамаға келгеніне қатысты және олардың жылдамдықтарының қатынасына байланысты өңдеудің екі түрін аламыз (а-токарлық; б-сургілеу).




3- сурет. Кесу кезіндегі дайындамадағы қозғалыстар мен беттер




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет