3 Тақырып. Кесу кинематикасы. Негізгі ережелер. . Кинематика (kinematos -қозғалыс) - дене қозғалысын геометриялық жағынан ғана қарастыратын, механика тарауы. Қозғалысты шақыратын физикалық күштер мен себептерге тәуелсіз қозғалыстың суреттемесін береді.
Білдектер кинематикасы мен кесу кинематикасы, бір-бірімен байланыста болса да, теория жағынан да, қолданбалы тәжірибе жағынан да түбегейлі ұқсамайды. Білдектің кинематикалық сұлбасы, қозғалыс көзінен немесе білдектің басқадай бір органынан, әр түрлі органдарына қозғалысты беруге қатысатын, оның бөлек элементтері мен механизмдерінің өзара байланысының шартты кескінін көрсетеді. Білдек кинематикасында, білдек механизмдерінің өзара жұмыстарының кинематикалық құрылымдарының ғылыми негізі мен жұмыстары қарастырылады. Білдек механизмдерін икемдеу арқасында кесу құралы мен өңделетін дайындамаға Бас кесу қозғалысы мен беріліс қозғалысының, кесу жылдамдығы мен беріліс жылдамдығының, қажетті сандық қатынасы пен үйлесімділігін жеткізу. Білдек кинематикасы жұмыс және бос цикл кезінде құрал мен дайындамаға білдек механизмдерінің беретін қозғалысын қарастырады.
Білдек механизмдерімен құрал мен дайындамаға жеткізілетін қозғалыстарды, көбіне X,Y,Z осьтері бар, тік бұрышты координаттар жүйесінде қараймыз. Білдектер кинематикасы механизмдердің әр түрлі қозғалыстар үйлесімін қамтамасыз етеді.:
Жұмыс және бос қозғалысы;
Беріліс механизмінің өшіп тұрған кезіндегі кесу жылдамдығының қозғалысы;
Жылдамдық механизмінің жай тұрған кезіндегі беріліс қозғалысы;
Жылдамдық пен берілістің бір уақытта қозғалуы;
Осы аталған кинематикалық мүмкіндіктердің барлығы металкесуші білдектерді тиімді және әмбебап пайдалануға қажет.
Кесу кинематикасында кесудің принципті кинематикалық сұлбаларының жіктелуі, талдау мен жинақтаудың ғылыми негізі ретінде қаралады:
Машина тетіктерінің пішімделуінің технологиялық тәсілдері,
Металл кесу процесінде құрал жүзінің геометриялық параметрлерінің ауысуы(түрленуі, айналуы, өзгеруі).
Кесу кинематикасы құрал жүзі дайындамамен түйіскен кезінен бастап жұмыс циклы аяқталған кезге дейін, кесу процесіндегі қозғалысты қарастырады. Кесу кезінде білдек механизмі бекітілген құрал мен дайындамаға түзусызықтық және айналмалы қозғалыс хабарлайды. Бұл қозғалыстар қосылып дайындамаға қатысты, құрал жүзіне нәтижелі кесу қозғалысын береді. Кесу кинематикасы білдек механизмімен бөлек немесе бірге қозғалысқа келтірілетін, тәуелсіз өңделетін дайындама мен құрал жүзімен жұмыс циклы кезінде жасалынатын, қатынасты өзара орын ауыстыруды қарастырады.
Білдектер кинематикасындағыдай, кесу кинематикасында дайындама мен құрал жүзінің қатынасты жылжуын, X,Y,Z осьтері бар, тік бұрышты координаттар жүйесінде қарастырамыз.
Нәтижелі кесу қозғалысы, бір уақытта іске келтірілетін бірнеше қозғалыстың жалғасы болып келеді: кесудің бас қозғалысы D ,жылдамдығы ; көмекші қозғалыс D беріліс жылдамдығы (S) және пішімқұраушы қозғалыс (қосымша қозғалыс). Кесудің принципті кинематикалық сұлбалары көбіне екі қозғалыстың, негізгі және беріліс қозғалысының, үйлесімділігін қарастырады. Үш немесе оданда көп бір уақытта орындалатын қозғалыста, күрделі үйлесімділікте,, қосымша қозғалыс пішімқұрау түрін анықтайды, мысалы, тіс тәжін, домалату әдісімен жасау. Біруақытта қимылдайтын бас, көмекші және қосымша қозғалыстар, бірігіп келгенде негізгі кесу жиегі нүктесінің, нәтижелі кесу қозғалысының дайындамаға қатысты жазықтықтық немесе кеңістіктік траекториясын анықтайды. Негізгі кесуші жиектің әр нүктесінің, нәтижелі қозғалысының өз траекториясы бар.
Кесу процесіне қатысқан, негізгі кесу жиегінің барлық нүктелерінің нәтижелі қозғалысы траекторияларының жиынтығымен дайындама бетінде кесу беті R пайда болады. Кесу жылдамдығының , беріліс жылдамдығы мен қосымша пішімқұраушы қозғалысының векторлық қосындысы, нәтижелі кесу қозғалысы жылдамдығының векторын көрсетеді:
= + +
Бұл жылдамдық әрқашан нәтижелі кесу қозғалысы траекториясына жанама сызығының бойымен бағытталған. Траектория беті деп, кесу жиегінің бір нүктесінің нәтижелі қозғалысының траекториясы жатқан бетті айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |