Жоңқа түрлері. Илемді және мортты материалдарды қандай болмасын жағдайда кесу кезінде, созылу кернеулерімен байланысты жоңқаның төрт түрі пайда болады: иірмелі, буын тәрізді, элементті және жарықшақ. Элементті жоңқа- бір бірімен байланыстағы емес, немесе жай байланыстағы, бірдей пішімдегі бөлек-бөлек «элементтерден» тұрады (сур.12).
Опырылу беті деп, пайда болған жоңқа элементін, кесілетін қабаттан бөлетін mn шекарасын айтамыз. Ол кесу процесінде кесілетін қабаттың қиратылуы болатын бет. буын тәрізді жоңқаның бөлек-бөлек бөлінуі болмайды(17,б сур.). Опырылу(ығысу) беті тек қана белгіленеді де, жоңқасы бар қалыңдығын теспейді. Жоңқа арасындағы байланыс үзілмеген бөлек буындардан 1 тұрады.
Иірмелі жоңқаның негізгі нышаны оның тегістілігі (17,в сур.) (үзілмейтіндігі). Тегіс 2 бет(түйіспелі), жоңқаның 1 еркін бетінің ұсақ-кертпелері бар. Жарықшақ жоңқа пайда болғанда ұсақ металл шаңы ілесіп отырады. Жарықшақ жоңқаның бөлек-бөлек бір бірімен байланысы жоқ, әртүрлі өлшемді және пішімді кесектерден(17,г сур.) тұрады. Жоңқаның түрі көбіне өңделетін материалдың тегі мен механикалық қасиеттеріне байланысты. Жоңқа түріне кесу құралының геометриялық параметрлерінен алдыңғы бұрышы ° мен кесу жиегінің көлбеу бұрышы ° әсер етеді.
17 сурет. Материалды өңдеу кезіндегі жоңқа түрлері
Илемді материалды өңдеуде ° және ° бұрыштарының әсерлері бірдей: олар ұлғайған сайын элементті жоңқа буындығы, сонан соң иірмеліге айналып отырады. Мортты материалды кесуде ° үлкен мәнінде жарықшақ жоңқа пайда болады, ° кеміген сайын элементтіге айналады. ұлғайған сайын біртіндеп элементті жоңқаға айналады.
Жоңқа тұрпатына беріліс пен кесу жылдамдығы да әсер етеді. Кесу тереңдігі жоңқа тұрпатына әсер етпейді. Илемді материалды өңдеуде берілістің ұлғайуы иірмелі жоңқаның элементтіге айналуына әкеледі. Морт материалды кесу кезінде берілістің ұлғайуы элементтінің жарықшақ жоңқаға айналдырады. Жоңқа тұрпатына кесу жылдамдығы күрделі әсер етеді.
Көміртекті және қоспаланған конструкциялық болатты кесу кезінде, кесу жылдамдығы өскен сайын жоңқа басында буынды, сонан соң иірмелі болады. Бірақ кейбір ыстыққа берік болат пен титан қорытпаларын өңдеуде кесу υ өсуі иірмеліні элементтікке әкеледі. Бұл құбылыстардың физикалық себептері бүгінгі күні әлі толығымен тексерілген жоқ. Морт материалды өңдеуде, кесу жылдамдығының өсуі жарықшақ жоңқаның элементті жоңқаға айналуымен кейбір элементтерінің, өлшемдерінің кішірейуі мен арасындағы байланыстың берік болуына әкеледі. Бүгінгі күні көбірек иірмелі жоңқалау процесі зерттелген. Элементті жоңқаның пайда болуы илемді және мортты материалды өңдеу процесі қажетті дәрежеде зерттелмеген.
Достарыңызбен бөлісу: |