Азаматтық іс жүргізу құқығының пәнін азаматтық істерді қөарастыру мен шешу барысында сот пен процесске қатысушылардың арасында, сонымен қатар процессуалдық заңдардың нормаларымен реттелген сотпен шығарылған актілерді орындау барысында туындайтын қоғамдық қатынастар құрайды. ҚР АІЖК-нің 1-бабына сәйкес: «ҚР азаматтық іс жүргізу заңдары талап істері мен басқа да істерді қарастыру кезінде соттардың сот төрелігін жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді» - делінген.
Азаматтық іс жүргізу құқығының әдістері. Азаматтық іс жүргізу құқығы азаматтық істер бойынша сот өндірісінің саласында қоғамдық қатынастарды императивтік (бағындыру) және диспозитивтік әдістер арқылы реттейді. Императивтілік азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының субъектілерінің құқықтық жағдайына байланысты болады. Сот мемлекеттік билік ету органы болып табылады. соттың талаптары, тапсырмалары, сұрау салуы, шақырулары, өкімдері процесске қатысушылар үшін міндетті болады. Сот төрелігін жүзеге асыру мақсатында сот процесске өатысушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдана алады, сот айыппұлын сала алады.
Диспозитивтілік азаматтық сот өндірісі арқылы қорғауға жататын құқықтың сипатымен анықталады. Азаматтық құқықтың субъектілері тең құқықтар мен міндеттерге ие. Сол сияқты азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілері де бірдей процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болады.