Сот приставы. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 4-бабы бойынша, заңда көзделген жағдайларда атқару құжаттарын орындау сот приставтарының жєрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Сот приставтарының құқықтық жағдайлары, міндеттері, қызметін ұйымдастыру және тағайындау тәртібі Сот приставтары туралы заңмен реттеледі. Сот приставы – мемлекеттік қызметкер болып табылатын және үзіне жүктелген міндеті ретінде соттардың қызметінің тәртібін қамтамасыз ететін лауазымды тұлға (1-бап).
Сот приставының міндетіне кіреді:
сот мәжілісі кезінде залдағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету,
бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның орындалуын бақылау,
сот ғимаратын, судьяларды және процесстің басқа да қатысушыларын күзету,
сот орындаушыларына атқару құжаттарын мәжбүрлі орындауға көмек көрсету.
Сот приставтары Қазақстан Республикасының барлық соттарында әрекет етеді. Сот приставтарына қойылатын талаптар аталмыш заңның 6-бабында қарастырылады: сот приставы болып 21 жасқа толған, орташа арнаулы білімі бар, денсаулық жағдайы, іскерлік жєне жеке мінездемелері бойынша міндеттерді орындай алатын, арнайы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады. Ал бұрын сотталған, мемлекеттік қызметтен және құқыққорғау органдарынан шығарылған тұлға сот приставы лауазымына тағайындалмайды.
Сот приставтары арнайы дайындықтан өтіп, оған тебельді қаруды алып жүруге рұқсат етіледі.
Орындау өндірісіне қатысушылар мен олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |