Кәсіпкерлік қызметің түрлері Орындаған: Мухтарханов Руслан



Дата07.02.2022
өлшемі64,94 Kb.
#92509
Байланысты:
ОП руслан
ОП руслан, срс1 Ганибаев А

Кәсіпкерлік қызметің түрлері Орындаған:Мухтарханов Руслан

Жоспар:

  • Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлері.
  • Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық формалары: артықшылықтары мен кемшіліктері.
  • ҚР кәсіпкерлік экономикалық және құқықтық жағдайлары, қалыптасу және даму проблемалары.

Кәсіпкерлік туралы түсінік

  • Кәсіпкерлік дегеніміз азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері.
  • «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
  • Кәсіпкерлік қызмет – бұл шаруашылық қызметінің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылатын түрі.

Кәсіпкерліктің белгілері

  • шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі
  • экономикалық мүдделілігі
  • шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі
  • белсенді ізденуі
  • жаңалықтығы

Кәсіпкерліктің субьектілері:

  • Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерлік обьектілері:

  • Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.

Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметі

  • Новаторлық қызметі
  • Ұйымдастыру қызметі
  • Басқару қызметі
  • Тәуекелге бару қызметі

Кәсіпкерліктің түрлері

  • Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.
  • Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.
  • Қаржылық кәсіпкерлік –бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.

Кәсіпкерлік формалары

  • Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады. 
  • Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерлік:
  • Жеке кәсіпкерлік
  • Серіктестік
  • Акционерлік қоғам

Кәсіпкерлік формалары

  • Ұжымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:
  • Концерн – көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы корпорацияның кең тараған формасы.
  • Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу. 
  • Консорциум – ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі. 
  • Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру. 
  • Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім. 
  • Трест – белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік бірлестік.

Серіктестік

  • Серіктестік – бұл екі немес одан да көп адамдардың капитал салымдар (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:
  • Толық серіктестік мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады.
  • Коммандиттік серіктестік мүшелері аралас жауапкершілікке ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді.
  • Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді.

Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары. Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі қажет.

  • Экономикалық жағдайлар: оған нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек. 
  • Әлеуметтік жағдайлар: кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты. Әрбір кәсіпкер әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау.
  • Құқықтық жағдайлар: кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет