1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Борышкердің мүлкінен, жалақысынан өндіріп алу



бет110/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Байланысты:
дәріс

Борышкердің мүлкінен, жалақысынан өндіріп алу. Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша қаражаты болмаған жағдайда ол борышкерге тиесілі басқа мүліктен атқару құжатын орындау үшін қажетті мөлшер мен көлемде, орындау жөніндегі шығыстар ескеріле отырып алынады. Атқару құжатында аталған белгілі бр затты өндіріп алушыға берген кезде сот орындаушысы бұл заттарды борышкерден алып қояды да, өндіріп алушыға оларды беру актісін жасай отырып береді.
Заңды тұлғалар мен жеке кєсіпкерлер мүлкінен өндіріп алу Заңның 36-бабында қарастырылған ерекшеліктерге ие. Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасы болмаған ретте (бұл туралы борышкердің есеп айырысу шотына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банктің тиісті ақпараты болса), егер заңда бұл мүлікке қатысты шектеулер белгіленбесе жєне заңды тұлға құрылтайшыларының мүлікті жауапкершілігі көделсе, оған тиесілі кез келген басқа мүлікткен, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыларының мүлкінен өндіріліп алынуы мүмкін. Ал егер мүлкі жеткіліксіз болатыны анықталса, ал азаматтық заңдарда борышкерді банкрот деп тануға жол берілсе, сот орындаушысы өндіріп алушыға бұл туралы хабарлауға міндетті.
Кепілге салынған мүліктен өндіріп алудың ерекшелігі Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 37-бабымен анықталады. Борышкерге қойылған кепілмен қамтамасыз етілмеген барлық талаптарды толық қанағаттандыру үшін оның қалған мүлкі жеткіліксіз болғанда өндіріп алу кепіл ұстаушының азаматтық заңдарда белгіленген құқықтары сақтала отырып, ипотекалық тұрғын үй қарызының міндеттемесі бойынша қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлікті қоспағанда, кепілге салынған мүліктен жүргізілуі тиіс.
Азаматтарға қатысты атқару құжаттарын орындау кезінде заңдарда өндіріп алуға тыйым салынған мүліктен өндіріп алуға болмайды.
Борышкедің мүлкіне тыйым салу. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 40-бабына сәйкес борышкердің мүлкіне тыйым салу мүлікті хаттаудан және осы мүлікке билік етуге тыйым салудан, сондай-ақ банк және өзге де несие мекемелеріндегі борышкердің ақша сомаларын пайдалануға және оларға билік етуге тыйым салынғанын хабарлаудан тұрады, бұл жөнінде борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы қаулы шығарылады.
Тиым салынған мүлікті сату. Борышкердің мүлкінен өндіріп алу кезінде тиым салынған мүлікті сату мынадай кезекпен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезекте борышкердің өндіріске тікелей қатыспайтын мүлкі: бағалы қағаздар, валюта құндылықтары, бағалы металдар, асыл тастар, зергерлік бұйымдар, жеңіл автокөлік және басқалар сатылады;
2) екінші кезекте – дайын өнім (тауарлар), сондай-ақ өндіріске тікелей қатысуға арналмаған өзге де материалдық құндылықтар;
3) үшінші кезекте – жылжымайтын мүлік объектілері, сондай-ақ шикізат пен материалдар, станоктар, құрал жабдықтар, өндіріске тікелей қатысуға арналған басқа да негізгі құрал-жабдықтар;
4) төртінші кезекте – жалға беру (мүлікті жалдау), заем, прокат шарты немесе өзге де шарттар бойынша басқа адамдарға берілген мүлік (Заңның 48-бабы).
Тыйым салынған мүлікті сатуды заң бойынша айналымнан алып тасталған мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздері мен мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы сауда және өзге де мамандандырылған ұйымдар арқылы сауда-саттықта және аукциондарда жүргізеді. Оның тәртібі «Борышкерлердің сот орындаушылары тыйым салған мүліктерін сату жөнінде аукциондар ұйымдастырудың және өткізудің Ережелерімен» анықталады.
Егер мүлік екі ай ішінде сатылмаса, өндіріп алушыға бұл мүлікті бағаланған сомасында өзінде қалдыру құқығы беріледі
Борышкердің жалақысынан және өзге де табыстарынан өндіріп алу. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңға сәйкес мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы шешімдерді орындау кезінде, Қазаќстан Республикасыныњ заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, өндіріп алатын соманы толық өтеу үшін борышкердің мүлкі болмаған немесе мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда борышкердің жалақысы мен өзге де табыс түрлерінен өндіріліп алынады.
Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алынған кезде сот орындаушысы заңның талаптарын ескере отырып қаулы шығарады, онда берілген сома толық өндіріп алынғанға дейін ай сайын қандай мөлшерде ақша ұсталуға тиіс екендігі көрсетіледі және оны орындау үшін борышкер еңбек қатынастарында тұрған немесе сыйақы алатын жұмыс берушіге жібереді.
Сот орындаушысы борышқордың жалақысынан және басқа да табыстарынан ақшаның дұрыс және уақытылы ұсталуына, сондай-ақ ұсталған соманың өндіріп алушыға уақытында жіберілуіне ұдайы бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға міндетті.
Борышкер жұмыстан босатылған жағдайда онымен еңбек қатынастарында тұрған жұмыс беруші бұл жөнінде сот орындаушысына хабарлама жіберіп, атқару құжатын қоса жолдауға міндетті. Тұрғылықты жері өзгерген жағдайда борышкер сот орындаушысына өзінің жеке мекен-жайын хабарлауға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет