3 ТАҚЫРЫП. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының түсінігі және ерекшеліктері. Азаматтық процесссуалдық құқық қатынастарының алғышарттары. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының мазмұны және объектілері. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының субъектілері, олардың жіктелуі.
Дәріс Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының түсінігі және ерекшеліктері. Құқықтық қтынас- құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттерден тұратын құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұның құрайды.
Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы - бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процесттің қатысушылары арасындағы азаматттық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында, яғни биліктік қатынастылығында.
Құқықтық қатынас- құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен анықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар.