Сот бұйрығы. Сот бұйрығының күшін жою. Арыз жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖК 141- бабы).
Сотқа сот бұйрығы үшін жүгіну талап өндірісі бойынша дауланатын соманың 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж төлеуді қарастырады. Сот бұйрығын шығартуға сотқа жолданудың заңда бекітілген барлық талаптарын сақтаған жағдайда сот арызды қабылдайды. Бұйрықтық өндіріс судьяның арнайы ұйғарым қабылдауымен қозғалады.
Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайта қарау негіздері ҚР АІЖК 143-бабында қарастырылған.
Мәлім етілген талаптың мәнісі бойынша сотқа арыз түскен күннен бастап 5 күн ішінде судья сот бұйрығын шығарады (ҚР АІЖК 145-бап).
Сот бұйрығы сот талқысын өткізбей-ақ, жауапкерді, арыз берушіні шақырмай-ақ, олардың түсініктерін тыңдамай-ақ беріледі. Егер белгіленген мерзім ішінде жауапкерден қарсылық түспесе, судья өндіріп алушыға соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді.
Өндіріп алушының өтініші бойынша сот бұйрығы сотпен тікелей орындалу үшін жіберілуі мүмкін. Сот бұйрығының көшірмесі сот өндірісінде қалады.
Бұйрықтық сот өндірісі әрқашанда сот бұйрығын шығаруымен аяқталып қана қоймайды. Судья сот бұйрығын шығара алмайды, егер борышкер оған қойылған талаптармен келіспесе немесе егер берілген құжаттардың негізінде құқық туралы дауды шешуге мүмкін болмаса. Сот бұйрығыун беруден бас тарту соттың ұйғарымымен рәсімделеді. Бұндай ұйғарымға жеке шағым жасалуы мүмкін. Сот бұйрығын беруге қарсылық білдіру арыз берушіге сондай талаппен талап өндірісі тәртібінде талап қоюға кедергі келтірмейді.