21 ТАҚЫРЫП. СОТТЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІНДЕГІ СОТ ӨНДІРІСІ Қадағалау өндірісінің түсінігі және мәнісі. Қадағалау тәртібінде шағым мен наразаылықты қарастырушы соттар. Істерді қадағалау тәртібінде қараудың процессуалдық тәртібі мен мерзімі. Қадағалау сатысындағы соттың өкілеттіктері.
Дәріс Қадағалау өндірісінің түсінігі және мәнісі. Қадағалау сатысында іс жүргізу процессуалдық бірінші және екінші сатыдағы соттардың шешімдері мен қаулыларын тексеру, сонымен қоса өкілетті лауазымды тұлғалардың наразылықтары бойынша сот қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау бойынша процессуалдық әрекетті білдіреді.
Қадағалау тәртібіне сай істерді қайта қарау мәнісі болып өкілеттілігі бар соттың заңмен өкілеттік берілген лауазымды тұлғалардың наразылығы мен іске қатысушылардың шағымдары бойынша заңдық күшіне енген сот актілерінің заңдылығын және негізділігін тексеру табылады. Бұл сатыда сот қаулыларына қосымша тексеру қамтамасыз етіледі.
Соттық қадағалау – бұл мемлекетте қалыптасқан қоғамдық қатынастар негізінде соттың қатаң заңдылық пен әділсоттылықты қамтамасыз ету мақсатында, сот тәжірибесін басшылыққа ала отырып, төмен тұрған соттардың күшіне енген сот актілерінің заңдылығын және негізділігін тексеруге бағытталған және ондағы қателіктерді түзету бойынша сот қызметі.
Апелляциялық шағым келтіру және соттық қадағалау мәні бойынша бірдей міндеттерді атқарады, бірақ олардың арасында айырмашылықтар бар.
Апелляциялық іс жүргізуді қозғау іске қатысушы тұлғалардың еркімен жүзеге асырылады. Апелляциялық наразылық келтірудің пәні болып бірінші сатыдағы соттың заңдық күшіне енбеген шешімі мен ұйғарымы табылады. Апелляциялық шағым мен наразылық келтіру және кейін істі екінші сатыдағы сотта қарастыру тәртібі кәдімгі процессуалдық даму тәртібінде жүзеге асырылады.
Соттық қадағалау керісінше, сот төрелігінің актісі заңдық күшіне енгеннен кейін ғана мүмкін, оның қайта қарау объектісі болып кез келген сот сатысында қабылданған шешім, ұйғарым, қаулы, сот бұйрықтары табылады, сонымен қатар апелляциялық шағымдалуға жатпайтындары да бола алады. бұл соттық бақылаудың төтенше тәсілі, оның ерекшелігі мынада – қадағалау өндірісін қозғаудың арнайы тәртібі, қадағалау сатысындағы соттардың ерекше жүйесі, сондай-ақ нақты істі соттық-қадағалау тәртібінде қарастырудың мәнді тәртіптік ерекшеліктері.
Қадағалау тәртібінде қайта қараудың мәнісі өкілетті соттың заңды күшіне енген сот қаулылырының заңдылығы мен негізділігін заңмен өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының наразылықтары бойынша қайта қарауын білдіреді.