1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарын шағымдау, наразылық беру



бет94/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   112
Байланысты:
дәріс

Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарын шағымдау, наразылық беру Азаматтық іс жүргізу заңы апелляциялық тәртіпте тек қана шешімді емес, сонымен қатар бірінші сатыдағы сотпен қабылданған ұйғарымды да шағымдауды қарастыра алады. Ұйғарым шешіммен бірге немесе жеке шағымдалуы немесе жеке наразылық келтірілуі мүмкін.
Жеке шағым немесе жеке наразылық бірінші сатыдағы соттың барлық ұйғарымдарына берілмейді. АІЖК-нің 344-бабының 1-бөлімі бойынша мынадай жағдайларда жеке шағым немесе жеке наразылық беріледі:
1) АІЖК-нің нормаларымен қарастырылса;
2) сот ұйғарымы істің одан әрі жүруіне кедергі келтіргенде.
Мысалы келесі ұйғарымдарды атап өтуге болады: сот өндірісін тоқтату немесе тоқтата тұру; арызды қараусыз қалдыру; сараптама тағайындау туралы; талапты қамтамасыз ету туралы; талап арызды қайтару туралы; қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы және т.б.
Бұлардан басқа ұйғарымдарға жеке шағым немесе жеке наразылық берілмейді, бірақ оларға қарсылық апелляциялық шағымға немесе наразылыққа кіргізілуі мүмкін (АІЖК-нің 344-бабының 2-бөлімі).
Аудандық немесе облыстық соттардың бірінші сатыдағы сот ретінде істі қарауы кезінде шығарылған ұйғарымына жеке шағым, наразылық апелляциялық сатыға ұйғарым шығарылған күннен бастап 15 күн ішінде беріледі (АІЖК-нің 344-бабының 4-бөлімі).
Жеке шағымды (наразылықты) беру мен қараудың тәртібі апелляциялық шағымды беру мен қараудан ажыратылады: біріншіден, бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына жеке шағымға баж салығы салынбайды (Салық кодексінің 501-бабының 14-тармағы). Тек орындау қағазының дубликатын беру туралы соттың ұйғарымына ғана баж салығы салынады.
Екіншіден, жеке шағым берілгенде апелляциялық сатыға барлық іс емес, тек жеке шағымды қарау үшін қажетті құжаттар жіберіледі.
Үшіншіден, апелляциялық сот материалдық-құқықтық дауға қатысты емес процессуалдық сипаттағы сұрақтарды қарастырады. Айрықша жағдайларда талапкердің талаптан бас тартуына байланысты немесе бітім келісімін жасасуына байланысты бірінші сатыдағы соттың өндірісті тоқтату туралы ұйғарымын қарастырғанда ғана мүмкін.
Апелляциялық саты жеке шағымды немесе жеке наразылықты қарастыра отырып, құқылы:
1) бірінші сатыдағы соттың ұйғарымын өзгеріссіз қалдыруға, ал шағымды немесе наразылықты – қанағаттандырмауға;
2) ұйғарымды толығымен немесе ішінара жоюға және бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге;
3) бірінші сатыдағы соттың ұйғарымын толығымен немесе ішінара жоюға және негізі бойынша шешуге.
Жеке шағымды немесе жеке наразылықты қараудың нәтижесінде апелляциялық қаулы шығарылады (АІЖК-нің 344-бабының 6-бөлімі). Ол шағымдалуға, наразылық келтіруге жатпайды және дереу заңды күшіне енеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет