Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі. ҚР АІЖК 358-бабына сәйкес, апелляциялық сатыдағы сот:
1) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастауға;
2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;
3) бірінші сатыдағы сот шешіміннің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;
4) ҚР АІЖК 364-бабында көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберуге;
5) ҚР АІЖК 247 және 249-баптарында көзделген негіздері бойынша шешімнің толық немесе бір бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша сот өндірісін тоқтатуға не арызды қараусыз тастауға құқылы.