Апелляциялық тәртіпте сот шешімін өзгерту мен күшін жоюдың негіздері. Апелляциялық сатыдағы соттың актілері. Қаулы шығару – апелляциялық сатыдағы сотта істі қараудың қорытынды және жауапты сатысы болып табылады.
ҚР АІЖК 357-бабына сәйкес, іске қатысушылардың түсініктемелерінен және прокурордың қорытындысынан кейін сот апелляциялық қаулы шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығарылады.
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының толық мәтіні бес күндік мерзімде шығарылуы тиіс. ҚР АІЖК 360-бабына сәйкес, апелляциялық соттың қаулысының мазмұнында:
соттың өз қорытындысын жасауға әкелген себептер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
сот қаулысы көрсетілуі тиіс.
Бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жойған және жаңа шешім шығарған кезде апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында сол бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімінің күші жойылған негіздер, апелляциялық сатыдағы соттың қорытындылары және оның шешімі көрсетілуге тиіс.
АІЖК-нің 360-бабы апелляциялық соттың қаулысының мазмұнын қарастырады. Апелляциялық қаулы мазмұны бойынша төрт бөлімнен тұрады: кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар.
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы АІЖК-нің 368-бабына сәйкес қабылданған күнінен бастап заңды күшіне енеді.
Апелляциялық сатыдағы сот істі қарап болған соң оны бірінші сатыдағы сотқа қайтарады (АІЖК-нің 369-бабы).