Апелляциялық шағым, наразылықтың мазмұны. Апелляциялық шағымға қойылатын талаптар:
1) шағым жазбаша түрде болуы керек;
2) шағым мазмұнында көрсетілуі тиіс:
а) Соттың атауы;
ә) Шағым беруші тұлғаның атауы;
б) Шағым немесе наразылық берілген шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы;
в) Істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету;
г) Шағым жасайтын немесе наразылық білдіретін тұлғаның қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету;
д) Шағымға қоса тіркелген құжаттардың тізімі.
3) апелляциялық шағым ҚР АІЖК 333-бабына сәйкес екінші сатыдағы сот болып табылатын жоғары тұрған сотқа жолданады.
Апелляциялық шағым (наразылық) бере отырып, тұлға субъективтік құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында сот шешімінің күшін жоюды немесе өзгертуді талап етеді. Сонымен, құқықты қорғау туралы талап іс бойынша барлық процестің қозғалыс күші болып табылады.
Бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі.