1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Апелляциялық шағымдау және наразылық беру құқығы



бет89/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   112
Байланысты:
дәріс

Апелляциялық шағымдау және наразылық беру құқығы. Сот шешімін апелляциялық шағымдау немесе наразылық беру құқығы заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы соттың шешімін тексеру үшін екінші сатыдағы сот қызметін қозғауға құқық болып табылады. Шағымдау құқығы іске қатысушы тұлғаларда, ал наразылық беру құқығы – прокурорда сот шешімін жариялаған сәттен бастап заңмен белгіленген мерзім ішінде (15 күн) пелляциялық шағым немесе апелляциялық наразылық беру жолымен жүзеге асырылады.
Апелляциялық шағымдау объектісі болып Жоғарғы Соттың шешімінен басқа, заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы соттың актісі табылады.
Сот шешімінің заңдылығы мен негізділіген апелляциялық тәртіпте тексеру бойынша өндіріс пайда болуы үшін тек қана шешімді шағымдау құқығы жеткіліксіз. Оның туындауы үшін заңды фактілердің жиынтығы қажет. Олар:

  1. іске қатысушы тұлғалардың сотқа заңмен белгіленген талаптарға сай шағыммен жолдануы;

  2. апелляциялық шағыммен жолданғанда шешімге шағым келтірудің мерзімдерін сақтау;

  3. соттың шешіміне шағым келтірген тұлғаның процессуалдық әрекет қабілеттілігі.

Егер осы үш талапты шағыммен арыздануда сақтаса, іске қатысушы тұлғалар апелляциялық тәртіпте шешімді қайта қарау құқығын жүзеге асыра алады.
Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі (ҚР АІЖК, 33-бап).
Заңды күшіне енбеген шешімге наразылық білдіру құқығы прокурорға және оның орынбасарларына тиесілі, өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы. Прокурордың көмекшілері, басқарма және бөлім прокурорлары тек қана өздері қатысқан істер бойынша наразылық келтіре алады (ҚР АІЖК 332-бап 3-тармақша).
Апелляциялық шағымдану - жоғары тұрған соттың құқықтары мен міндеттерін туындататын заңдық күшіне енбеген шешімдерді тексерудегі қажетті және бір ғана процессуалдық әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет