1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері



бет18/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері.

Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі ресурстарды жаңарту стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Бұл стратегияның негізінде қолданылатын өндірістік ресурстарды қалыпты жағдайда ұстап тұру принципі жатыр.

Негізгі құралдардың ұдайы өндірісі – бұл жаңа құралдарды сатып алу, реконструкциялау, техникалық қайта қаруландыру, модернизациялау және жөндеу жолымен оларды жаңартудың үздіксіз процесі.Негізгі құралдардың қарапайым және ұлғаймалы ұдайы өндірісінің әрқилы формалары бар. Қарапайым ұдайы өндіріс формалары – бұл негізгі құралдардың ескірген нысандарын ауыстыру; ұлғаймалы ұдайы өндіріс формалары – бұл жаңа құрылыс, қызмет етіп тұрған кәсіпорынның ұлғаюы, олардың реконструкциясы және техникалық қайта қарулануы,жабдықтар модернизациясы.

Осы формалардың әрқайсысы белгілі бір міндеттерді шешеді, өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Жаңа құрылыс есебінен жаңа кәсіпорындар іске қосылады, сәйкесінше олардағы негізгі құралдардың барлық элементтері техникалық прогресс талаптарына сай келеді, ел территориясы бойынша өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру мәселесі шешіледі. Алайда нарықтық экономикаға көшу кезеңінде өндіріс құлдырап, көптеген кәсіпорындар өз қызметін тоқтатады. Мұндай жағдайда әрекет етіп тұрған кәсіпорынды реконструкциялау және техникалық қайта қаруландыру қажет. Реконструкция кезінде күрделі салымдардың негізгі бөлігі негізгі құралдардың активті бөлігін жетілдіруге бағытталады. Жабдыққа жұмсалған шығындар көлемінің ұлғаюы күрделі салымдардың сол көлемінде үлкен өндіріс өсімін алуға және осы негізде еңбек өнімділігін ұлғайтуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Негізгі құралдарды ұлғаймалы ұдайы өндіру формасы екінші моральдық тозуды толық немесе ішінара жою мақсатында жабдықтарды модернизациялау және техника-экономикалық көрсеткіштерді неғұрлым жетілген конструкциядағы ұқсас жабдықтардың деңгейіне дейін арттыру болып табылады.

Жабдықтарды модернизациялау бірқатар бағыттар бойынша жүргізілуі мүмкін:


  • Қызмет етіп тұрған машиналардың режимдік сипаттамалары мен техникалық мүмкіндіктерін арттыратын конструкцияларды жетілдіру;

  • Жабдықтардың өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік беретін станоктар мен механизмдерді механикаландыру және автоматтандыру;

  • Жабдықтарды бағдарламалық басқаруға көшіру.

Жабдықтарды модернизациялау экономикалық тиімді, егер оны жүргізу нәтижесінде өндірістің жылдық көлемі өссе, еңбек өнімділігі ұлғайса және өнімнің өзіндік құны төмендесе.

Негізгі құралдардың ұдайы өндірісін сипаттайтын көрсеткіштер мыналар:



  • Жаңару коэффициенті. Ол есепті жылы түскен негізгі құралдар құнының есепті жыл аяғындағы негізгі құралдар құнына қатынасы ретінде анықталады

  • Шығу коэффициенті. Ол есепті жылы шығып қалған негізгі құралдар құнының жыл басындағы негізгі құралдар құнына қатынасы ретінде анықталады.

  • Өсім коэффициенті. Ол есепті жылы түскен негізгі құралдар құнының жыл басындағы негізгі құралдар құнына қатынасы ретінде анықталады.

  • Жарамдылық коэффициенті. Ол негізгі құралдар құнының негізгі құралдардың бастапқы құнына қатынасы ретінде анықталады.

Негізгі өндірістік құралдардың берілген техникалық деңгейі мен құрылымында өнім шығарудың ұлғаюы, өзіндік құнның төмендеуі, кәсіпорын жинағыныі өсуі оларды пайдалану дәрежесіне тәуелді.

Негізгі өндірістік құралдарды пайдалану көрсеткіштері төрт топқа бөлінеді:



  • Негізгі құралдарды уақыт бойынша пайдалану деңгейін бейнелейтін экстенсивті пайдалану көрсеткіштері;

  • Негізгі құралдарды қуаттылығы бойынша пайдалану деңгейін бейнелейтін интенсивті пайдалану көрсеткіштері;

  • Экстенсивті және интенсивті факторлардың жиынтық әсерін ескеретін негізгі құралдарды интегралды пайдалану көрсеткіштері;

  • Тұтастай кәсіпорын бойынша негізгі қорларды пайдаланудың әрқилы аспектілерін сипаттайтын негізгі қорларды пайдаланудың жалпылама көрсеткіштері.

Бірінші топқа жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициенті, жабдықтар жұмысының ауысымдылық коэффициенті, жабдықтардың жүктелім коэффициенті, жабдықтар жұмысының ауысымдылық режим уақытының коэффициенті жатады.

Жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициенті (Кэ) жабдықтар жұмысы нақтылы сағат санының жоспар бойынша жұмыс сағаттар санына қатынасы ретінде анықталады:

Кэ= Тфпл

Мұндағы Тф – жабдықта жұмысының нақтылы уақыты, сағат;

Тпл – жабдықтар жұмысының норма бойынша уақыты, сағат.

Жабдықтарды экстенсивті пайдалану ауысымдылық коэффициентімен де сипатталады, ол күні бойы жабдықпен өтелген станок-сағаттың жалпы санының күні бойы ауысымда жұмыс жасаған станоктардың неғұрлым көп санына қатынасы ретінде анықталады.Осылайша есептелген ауысымдылық коэффициенті әрбір жабдық бірлігі жыл сайын қанша ауысымда жұмыс жасайтынын көрсетеді.

Жабдықтардың жүктелім коэффициенті де уақыттағы жабдықтардың пайдаланылуын сипаттайды.Ол негізгі өндірістегі барлық машиналар паркі үшін орнатылады және берілген жабдық түрінде барлық бұйымдарды дайындау еңбек сиымдылығының оның жұмыс уақыты қорына қатынасы ретінде анықталады.

Жабдықтар жұмысының ауысымдылық көрсеткішінің негізінде жабдықтар жұмысы уақытының ауысым режимін пайдалану коэффициенті есептеледі.Ол берілген кезеңде қол жеткен жабдықтар жұмысының ауысымдылық коэффициентін берілген кәсіпорында орнатылған ауысым ұзақтығына бөлу жолымен анықталады.

Жабдықтарды интенсивті пайдалану коэффициенті негізгі технологиялық жабдықтың нақтылы өнімділігінің нормативті өнімділігіне қатынасы ретінде анықталады.

Бұл көрсеткішті есептеу үшін мына формула пайдаланылады:

Ки = Вфн

Мұндағы Вф – уақыт бірлігіне шаққандағы жабдықпен нақтылы өндірілегн өнім;

Вн – уақыт бірлігіне шаққандығы жабдықтың техникалық енгізделген өнім шығаруы.

Жабдықтарды интегралды пайдалану коэффициенті жабдықтарды экстенсивті және интенсивті пайдалану коэффициенттерінің көбейтіндісі ретінде анықталады және оны уақыт пен өнімділік бойынша пайдалануды кешенді сипаттайды:

Кинт = Кэи

Жабдықтарды жалпылама пайдалану көрсеткіштеріне қор қайтарымы, қор сиымдылығы, еңбектің қормен қарулануы және негізгі өндірістік қорлардың рентабельділігі жатады.

Қор қайтарымы белгілі бір мерзім аралығында дайындалған өнім (тауарлық, жалпы немесе сатылған) құнының негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнына қатынасын бейнелейді.

Фо = Т/Ф

Мұндағы, Т – тауарлық, жалпы немесе сатылған өнім көлемі, тенге;

Ф – кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының жылдық орташа құны, тенге.

Қор қайтарымы негізгі құралдар құнының 1 тенгесіне келетін өнім шығару көрсеткіші.

Қор қайтарымына кері шама өнімнің қор сиымдылық көрсеткіші болып табылады. Ол негізгі қорлар құнының өнім көлеміне қатынасын бейнелейді. Қор сиымдылығы шығарылатын өнімнің 1 тенгесіне келетін негізгі қорлар құнының үлесін көрсетеді. Егер қор қайтарымы ұлғаю тенденциясында болса, онда қор сиымдылығы төмендеу тенденциясында болуы тиіс.

Кәсіпорын жұмысының тиімділігі көп жағдайда еңбектің қормен қарулану деңгейімен анықталады.Ол негізгі қорлардың орташа жылдық құнының кәсіпорындағы жұмысшылар санына қатынасын көрсетеді. Бұл шама үздіксіз ұлғаюы тиіс, өйткені одан техникалық қарулану, сәйкесінше еңбек өнімділігі тәуелді.

Фв=Ф/Ч

Негізгі өндірістік қорлардың рентабельділігі негізгі қорлардың 1 тенгесіне келетін пайда шамасын сипаттайды және пайданың негізгі қорлардың құнына қатынасымен анықталады.



Р=(П/Ф)х100%



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет