1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту



бет16/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

4. Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту.

Негізгі құралдарды жаңартумен байланысты шығындарды жабудың негізгі көзі кәсіпорынның меншіктік қаражаттары болып табылады. Олар амортизациялық жарналар түрінде негізгі құралдардың барлық қызмет ету мерзімінде жинақталады.



Амортизация – бұл негізгі құралдар құнының бөлігін шығарылатын өнім шығындарына қосу жолымен олардың тозуын ақшалай жабу. Сәйкесінше амортизация дегеніміз негізгі құралдардың физикалық және моральдық тозуының ақшалай көрінісі. Амортизация негізгі құралдардың шығып қалу кезінде оларды толық алмастыру мақсатында іске асырылады. Амортизациялық жарналар сомасы негізгі құралдар нысанының құнынан, пайдалану уақытынан, модернизацияға кететін шығындардан тәуелді.

Амортизацияның жылдық сомасының негізгі құралдар құнына процентпен бейнеленген қатынасы амортизация нормасы деп аталады. Процентпен есептелінген амортизация нормасы негізгі құралдар өзінің баланстық құнының қандай үлесін жыл сайын олармен жасалатын өнімге көшіретінін көрсетеді. Бекітілген нормалар бойынша амортизациялық жарналар дайын өнімнің өзіндік құнына қосылады.

Амортизация нормасын есептеу мына формула бойынша жүргізледі:

На=(Фп – Флап)100%,

Мұндағы Фп – негізгі құралдардың бастапқы құны, теңге; Фл – негізгі құралдардың ликвидациялық құны,теңге; Та – негізгі құралдар қызметінің нормативтік мерзімі, жыл.

Негізгі қорларды толық қалпына келтіруге кеткен амортизациялық жарналар сомасы мына формула бойынша есептеледі:

АааФ

Мұндағы Ф – негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге.

Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық жарналар сомасы кәсіпорын экономикасына айтарлықтай ықпал етеді. Бір жағынан, жарналардың өте жоғары үлесі өндіріс шығындарының шамасын ұлғайтады, сәйкесінше өнімнің бәсеке қабілеттілігін төмендетеді, алынатын пайда көлемін азайтады, сондықтан дамудың экономикалық деңгейі бойынша кәсіпорынның мүмкіндіктер диапазонын қысқартады. Екінші жағынан, жарналардың төмендетілген үлесі негізгі құралдар нысандарын сатып алуға салынған қаражаттардың айналымдылық мерзімін ұзартады, бұл олардың ескіруіне, осының салдары ретінде бәсеке қабілеттіліктің төмендеуіне, нарықтағы өз позициясын жоғалтуға әкеледі. 16 ХҚЕС 62 пунктіне сәйкес кәсіпорындар амортизациялық жарналардың шамасын анықтауда 4 әдісті пайдаланылуы мүмкін: тепе-тең, өндірістік,азаюшы қалдық және кумулятивтік.

Тепе-тең әдісте пайдалану мерзімі орнатылады, осы мерзім бойына негізгі құралдар нысанының құны амортизациялық қорға көшірілуі тиіс. Амортизациялық мерзім арқылы әр жылғы амортизация нормасы анықталады. Мысалы пайдалы қолдану мерзімі 10 жыл болғанда әр жылғы амортизация нормасы сәйкес негізгі құралдар нысаны құнының 10% құрайды.

Бұл әдіс негізгі құралдардың тепе-тең физикалық және моральдық тозуына бағытталған.

Өндірістік әдісте амортизациялық жарна негізгі құралдарды тек пайдалану мерзімінде ғана анықталады, яғни амортизация сомасы мен өндірістік қуат арасында тікелей тәуелдлік бар.Мұнда қызмет көрсету мерзімінің мәні жоқ. Тозу ұлғаяды, ал қалдық құн орындалған жұмыс көлеміне тікелей тәуелділікте азаяды..

Негізгі құралдардың моральдық тозуы көп жағдайда жеделдетілген қарқынмен жүреді.Мұндай жағдайда негізгі құралдардың жеделдетілген амортизация әдісі пайдаланылады. Машиналар мен жабдықтар қызметінің алғашқы жылдарында өнімнің өзіндік құнына олардың бастапқы құнының айтарлықтай бөлігін көшіруге мүмкіндік беретін көтеріңкі нормалар қолданылады.

Амортизациялық жарналарды жеделдетілген есептеу тәсілдерінің бірі азаюшы қалдық тәсілі болып табылады. Бұл әдісте амортизация нормасы амортизацияланатын құнға емес, алдыңғы кезеңнің аяғындағы баланстық құнға қолданылады. Амортизацияның реттелген нормасы екіге тең жеделдету коэффициентіне көбейтілген жылдық амортизациясына нормасына тең деп қабылданады. Ликвидациялық құн пайдаланудың соңғы жылы есепке алынады.

Сандар қосындысы бойынша есептеу, яғни кумулятивтік әдіс есептік коэффициентті анықтаудан тұрады. Коэффициенттің алымы пайдалы қызмет мерзімі жылдарының қосындысына тең, ал бөлімі кері реттегі қызмет мерзімінің соңына дейін қалған жылдар санын көрсетеді.

Қазіргі уақытта тепе-тең емес жеделдетілген амортизация кең таралып отыр,бұл кезде негізгі құралдар нысандарының көп бөлігі өнім құнына алғашқы пайдалану жылдары қосылады.Бұл кәсіпорынға инфляция жағдайында жасалған шығындарды жылдам ақтауға және оларды негізгі құралдардың активті бөлігін әрі қарай жаңартуға бағыттауға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет