1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде



бет9/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

5.Кәсіпорындардың бірлестіктері

Шаруашылық бірлестік деп заңды тұлға құқығы бар бірыңғай шаруашылық құрылымға заңды және жеке тұлғалардың бірігуі танылады. Бірлестік құрамына енетін заңды және жеке тұлғалар оның мүшелері немесе қатысушылары деп аталады. Шаруашылық бірлестіктер заңмен қаралған тәртіпте тіркеледі.

Кәсіпкерлік қызмет формасы ретінде бірлестікті құру өндіріс масштабы эффектісін пайдалану, экономикалық, технологиялық, өндірістік және сауда артықшылықтарын қамтамасыз ету үшін ресурстарды мобилизациялау мүмкіндігіне бағытталған. Бірлестіктер кооперативтер, серіктестер, АҚ, ассоциациялар, консорциумдар, синдикаттар және басқа одақтар формасында құрылуы мүмкін.

Шаруашылық бірлестіктерді құру инициаторлары меншік формасы әрқилы кәсіпорындар мен ұйымдар, азаматтар, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті билік органдары болуы мүмкін.

Шаруашылық бірлестіктің құрылтайшы құжаттары құрылтайшылық келісімшарт пен жарғы болып табылады. Жарғы келесі ережелерді енгізуі тиіс:


  • Шаруашылық бірлестік атауы және орналасқан жері;

  • Бірлестік құрылтайшыларының атауы және орналасқан жері;

  • Бірлестікті құру мақсаты мен міндеттері;

  • Бірлестік құрылтайшыларына берілетін функциялар;

  • Бірлестікті басқару органдары, олардың компетенциясы, олармен шешім қабылдау тәртібі; басқару органдарының жауапкершілігі;

  • Бірлестік мүлігі; жарғылық капитал мөлшері мен оның құрылу тәртібі; әрбір құрылтайшының үлесі;

  • Құрылтайшылырдың құқықтары мен міндеттері;

  • Шаруашылық бірлестікке кіру және одан шығу тәртібі мен шарттары;

  • Шаруашылық бірлестіктің қызмет мерзімі.

Құрылтайшылық келісімшарт құрылтайшылардың мақсаттары мен міндеттерін тіркейді және келесі ережелерді анықтайды:

  • Бірлестікті құру жөніндегі біріккен қызметтің тәртібі;

  • Құрылтайшылардың мүлігін бірлестік меншігіне беру шарттары;

  • Бірлестік қызметіне құрылтайшылардың қатысу тәртібі;

  • Бірлестікті басқару органдары;

  • Құрылтайшылар арасында пайда мен зиянды бөлу шарттары және кезектілігі;

  • Бірлестік құрамына жаңа мүшелердің ену және одан шығу ережелері.

Бірлестікті құру және оның қызметін қамтамасыз ету үшін жарғылық капитал құрылады. Тіркеуге дейін құрылтайшылар құжатта көрсетілген үлестің 50 пайызын енгізуі тиіс, бұл бухгалтерлік және банк құжаттарымен бекітіледі. Әрбір қатысушы тіркелгеннен кейін бірлестікке өз үлесін толығымен 12 айдан кешіктірмей енгізуі тиіс.

Бірлестік қатысушысы қалған қатысушылардың келісімімен өз үлесін осы бірлестік қатысушыларына немесе үшінші тұлғаға беруі мүмкін.Бірлестік қатысушыларының үлестері мына түрде көрінуі мүмкін:



  • Ақшалай қаражаттар (тенге және шетел валютасында);

  • әрқилы мүлік түрлері (үйлер, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, отын және т.б.);

  • жерді, суды және басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары;

  • басқа мүліктік құқықтар (пайдаланылмаған жаңалықтар, ноу-хау)

Жарна құны оны енгізу формасынан тәуелсіз тенгеде бейнеленеді.

Меншік формасы бойынша бірлестіктер мемлекеттік, жеке, шетел заңды тұлғаларының қатысуымен және аралас болуы мүмкін. Дербестік дәрежесі бойынша бірлестік қатысушыларын заңды тұлғаның сақталуымен, заңды түлға статусы сақталмаған, қатысу формасы аралас деп ажыратады. Қатысушылардың дербестік дәрежесі бірлестіктің ұйымдық-құқықтық формасымен және олардың арасындағы қабылданған келісіммен анықталады. Бірлестік қызмет мерзімі келісім бойынша бекітілетін уақытша құрылым ретінде де, сондай-ақ тұрақты мерзімде құрылуы мүмкін.

Интеграция деңгейі мен бағыты бойынша бірлестіктер салалық, салааралық болады. Салалық деп қатысушылары негізінен өндірістің бір саласынан тұратын бірлестіктер аталады. Салааралық деп қатысушылары екі немесе одан да көп әрқилы өндіріс салаларынан тұратын бірлестік танылады.

Орналасудың аймақтық белгісіне және қатысушылар құрамына байланысты бірлестіктер ұлттық, жергілікті және трансұлттық болуы мүмкін. Ұлттық бірлестікке қатысушылары ұлттық рынокқа өнім жеткізетін бір немесе бірнеше өндіріс салаларынан тұратындар жатады. Жергілікті (аймақтық) деп қатысушылары бір облыстың бір немесе бірнеше аудандарынан тұратын және жергілікті нарыққа өнім жеткізетін бірлестіктер танылады. Трансұлттық деп нерезиденттер болып табылатын құрамына бір немесе бірнеше қатысушылар енетін бірлестіктер аталады.

Ұйымдық-құқықтық құрылым типі бойынша шаруашылық бірлестіктер серіктестер, кооперативтер және АҚ, сондай-ақ қаржылық-өнеркәсіптік топтар мен холдингтік компаниялар формасында құрылады. Басқаруды ұйымдастыру формасына байланысты бірлестіктер сенімгерлік басқару (траст), холдингтік компанияны ұйымдастыру немесе басқаруға капитал иелерінің бірдей қатысу принциптеріне негізделген болуы мүмкін. Сенімгерлік басқару кәсіби менеджерлер болып табылатын бір немесе топтық сенімді тұлғалармен жүзеге асырылады.Бұл жағдайда меншік және басқару функциялары ажыратылады. Холдингті ұйымдастыру принциптеріне негізделген басқару холдингтік компаниялармен, яғни акцияның бақылау пакетін ұстаушылармен немесе қатысушылар арасынан сайланған тұлғамен іске асырылады. Бірлестік құрамына кіретін кәсіпорындар кей жағдайда толық дербестігі мен заңды тұлға құқығын сақтауы және бірлестік міндеттері бойынша тек бірлестікке берілген мүлігімен жауап беруі мүмкін.

Бірлестік әрекет етіп тұрған заңнамаға сәйкес бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізеді, есептеме құрастырады. Бірлестік өз қызметі туралы мәліметтерді, жинақ есептері мен баланстарды заңмен бекітілген тәртіпте жариялайды. Коммерциялық құпияны мазмұндайтын ақпарат хабарланбайды және жарияланбайды. Өз компетенциясы аясында бірлестік қызметіне тексеру жүргізетін мемлекеттік органдар оған тексеру нәтижелерін хабарлауы тиіс.

Өндірістік кооператив (артель) деп біріккен өндірістік және басқа да шаруашылық қызмет үшін құрылған азаматтардың ерікті бірлестігі танылады. Кооперативтің құрылуы мен қызметі жеке еңбек және басқа қатысуға, оның мүшелерінің мүліктік пайлық жарналарын біріктіруге негізделген. Кооператив заңды тұлға – коммерциялық ұйым болып табылады, фирмалық атауы болады. Кооператив оның құрылтайшыларының шешімі бойынша құрылады. Жарғыда «өндірістік кооператив» немесе «артель» сөзін енгізетін кооперативтің фирмалық атауы анықталуы тиіс. Мұнда оның орналасқан орны, сондай-ақ кооператив мүшелерінің пайлық жарналарының мөлшеріне қатысты шарттар мазмұндалады.Кооператив мүшелерінің оның қызметіне еңбек және басқа қатысымының сипаты мен тәртібі, міндеттерді бұзғаны үшін олардың жауапкершілігі жарғымен анықталады.

Кооператив меншігінде заңнамамен мемлекеттік меншікке жатқызылған мүліктен басқа кез-келген мүлік болуы мүмкін. Мүлік кооператив мүшелерінің пайлық жарналары, қызметтен түскен пайда, несие есебінен құрылады. Пайлық жарналар ақша, құнды қағаздар және басқа материалдық құндылықтар, интеллектуалдық меншік нысандары болуы мүмкін.

Кооператив меншігіндегі мүлік жарғыға сәйкес оның мүшелерінің пайларына бөлінеді. Мұнда пай кооператив мүшесінің пайлық жарнасынан және таза активтердің сәйкес бөлігінен тұрады. Пайлық жарнаны бағалау кооперативтің құрылуы кезінде оның мүшелерінің өзара келісімі бойынша нарықта қалыптасқан баға негізінде жүргізіледі. Кооперативке жаңа мүшелердің енуі кезінде бағалау кооператив басқармасымен тағайындалған комиссиямен жүргізіледі.Кооператив мүшесі өзінің пайын кооперативтің басқа мүшесіне беруі мүмкін, бұл жағдайда оның кооперативке мүшелігі тоқтатылады. Пайды кооператив мүшесі болып табылмайтын азаматқа беру тек кооператив мүшелерінің келісімімен ғана жіберіледі.

Пайлық жарналар кооперативтің пайлық қорын құрайды. Кооператив пайлық қор мен жарғылық капиталды толықтыру үшін акциялар шығаруға құқы жоқ.

Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, ЖШС және қосымша жауапкершіліктегі серіктестік формаларында құрылады. Толық серіктестік деп қатысушылары келісім бекіткен және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйым танылады. Мұнда әрбір қатысуышы тек бір ғана толық серіктестіктің мүшесі болуы мүмкін. Серіктестік атауында оның бір емес бірнеше қатысушыларының аты көрсетілуі тиіс. Мысалы «Жарасов және компания» толық серікестестігі.

Толық серіктестік мүшелері серіктестік қызметі үшін өздерінің барлық мүлкімен жауапты болады. Олар барлық коммерциялық мәселелерді бірігіп шешеді, ал пайданы немесе зиянды жарғылық капиталдағы үлесіне пропорционалды бөледі.

Коммандиттік серіктестікте өзінің барлық мүлкімен жауапты мүшелерімен (толық серіктестер) қатар жауапкершілігі өзінің қосқан үлесінің сомасымен шектелетін (коммандистер) қатысушылар болады. Олар серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне араласпайды және салған үлесінің аясында зиян шегу тәуекелінде болады.

Коммандиттік серіктестіктегі салымшының құқығы заң жүзінде анықталған. Ол жарғылық капиталдағы өзінің үлесіне тиесілі пайда бөлігін алады, серіктестіктің қаржылық есебімен таныса алады, өзінің үлесін басқа тұлғаға бере алады және серіктестіктен шыға алады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дегеніміз екі немесе бірнеше тұлғамен құрылған сеірктестік. Оның жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта анықталған мөлшердегі үлестерге бөлінеді. ЖШС-тің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, тек өздері салған соманың аясында зиян шегуі мүмкін. ЖШС қатысушылар саны 100-ден аспауы тиіс. Егер артып кеткен жағдайда олар жыл ішінде басқа шаруашылық серіктестікке, акционерлік қоғамға немесе өндірістік кооперативке айналуы тиіс. Мерзім аяқталған соң сот тәртібінде жабылуы мүмкін. Мұнда істі жүргізу туралы көпшілік есеп талап етілмейді, бірақ оның қызметін тексеру оған қатысушының кез-келгенінің талабы бойынша жүргізілуі тиіс.

Қосымша жауапкершіліктегі серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өздерінің салымымен жауап береді, ал осы сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері қосқан салымның еселік мөлшерінде қосымша жауап береді. Егер қатысушының бірі банкротқа ұшыраса, оның жауапкершілігі қалған мүшелердің арасында олардың үлестеріне пропорционалды бөлінеді.

Серіктестік түріндегі фирманы құру үшін екі құрылтайшы жеткілікті. Мұнда олардың бірі директор, екіншісі қол қою құқығы бар бас бухгалтер болуы мүмкін. Серіктестікті тіркеу үшін құрылтайшылар жиналысының хаттамасы мен құрылтайшылық келісімшарт болуы керек. Хаттамада тараптар арасында фирманы құру жөнінде келісім тіркеледі, қызмет түрі, фирма атауы анықталады, оның мекен-жайы белгіленеді. Құрылтайшылық келісімшартта тараптардың фирманың жарғылық капиталына жарналары, табыстың бөлінуі және келісімшартқа отыратын тараптардың жауапкершілік дәрежесі анықталады. Хаттама және құрылтайшылық келісімшарт негізінде типтік жарғы құрастырылады.

Акционерлік қоғам акцияларды шығару, орналастыру және сату есебінен өндіріс құралдары мен капиталдың бірігу формасын көрсетеді. АҚ мен өндірістік кооператив, серіктестіктер арасындағы айырмашылық мынада: серіктестік пен өндірістік кооперативте біріккен жұмыс үшін өз мүліктерімен адамдар бірігеді; АҚ-да ең алдымен бірігіп пайдалану үшін капитал бірігеді.

АҚ өз капиталын біріктіретін заңды және жеке тұлғалардың ерікті келісімі негізінде құрылады. АҚ:


  • заңды тұлға болып табылады;

  • мемлекет пен кредиторлар алдында мүліктік жауапкершілікте болады;

  • жекелеген тұлғалардың, оның ішінде акционерлердің мүліктерінен толығымен жекеленген мүлікке ие;

  • бөліктерге (акцияларға) бөлінген қолма-қол акционерлік капиталды иеленеді және басқарады;

  • акционерлік капиталдың коммерциялық айналымы есебінен пайда алады.

Акционерлік типтегі бірлестіктердің мынадай артықшылықтары бар:

  • акция шығару жолымен қосымша инвестиция тарту қабілеті;

  • акционер-серіктестердің мүліктік жауапкершілігін тек оларға тиесілі акция құнымен шектеу;

  • айналым масштабы өсуі есебінен кәсіпкерлік тәуекелдің төмендеуі;

  • акцияларды сату және сатып алу есебінен бір саладан екінші салаға күрделі қаржылардың құйылуының жеңілдеуі.

АҚ мерзімсіз қызмет етеді. Меншік үлесін (акция) беру акцияларды сату арқылы іске асырылады.

АҚ жарғылық капиталы акцинерлермен сатып алынған акция сомасының белгілі номиналдық құнын көрсетеді. Жарғылық капитал мөлшері қоғам құрылтайшыларымен оның қызметінің басталуы үшін ақшалай және басқа қаражаттарға қажеттілігінен шыға отырып анықталады. Қоғам кредиторлар алдында тек жарғылық капитал аясында ғана емес, мүлігінің барлық құнымен жауап береді.

АҚ-ны басқару органдары екі немесе үш буынды құрылым болуы мүмкін. Екі буынды құрылым акционерлердің жалпы жиналысы мен атқарушы органды (басқарма, бас директор) енгізуі мүмкін. Үш буынды құрылымда оған директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) қосылады.

Акционерлердің жалпы жиналысы қоғамды басқарудың жоғары органы болып табылады. Оған қатысу қарапайым акцияларға ие АҚ мүшелерінің басқару құқығын іске асыруға мүмкіндік береді. Акционерге тиесілі қарапайым акциялардың саны жалпы жиналыстағы дауыстар санын анықтайды. Жиналыс қоғамның дамуының басты бағытын анықтау, жарғыны өзгерту, филиалдар мен еншілес кәсіпорындарды құру, АҚ қызметінің нәтижелерін бекіту, басқарманы сайлау, әрбір акцияға дивидендттер мөлшерін анықтау сияқты мәселелерді шешуге құқылы.

Директорлар кеңесі қоғамның стратегиялық қызметіне басшалықты іске асырады. Оның компетенциясына мыналар енеді:


  • акционерлердің жалпы жиналысын шақыру;

  • атқарушы органды тағайындау;

  • қоғамның даму стратегиясын анықтау;

  • АҚ қызметі туралы есептер құрастыру және оларды оларды акционерлердің жалпы жиналысы мен мемлекеттік органдарға ұсыну.

АҚ-ға ағымдағы әкімшілік басшылық ету үшін бір тұлғалық атқарушы орган – Бас директор, ал қажет кезінде ұжымдық атқарушы орган – Басқарма тағайындалады.

Атқарушы органның өкілеттілігі мен функциялары АҚ Жарғысымен анықталады.

Атқарушы органның қызметін бақылауды акционерлер жиналысымен құрылатын тексеру комиссиясы жүзеге асырады. Басқарма мүшелері немесе директор тексеру комиссясының мүшелері бола алмайды. Тексеру комиссиясы директорлар Кеңесінің тапсырмасы бойынша, өз бастамасы бойынша немесе акционерлердің талаптары бойынша тексеру жүргізеді. Тексеру комиссиясының қорытындысыз қоғам балансы акционерлер жиналысымен бекітілуге жатпайды. АҚ қаржылық және шаруашылық қызметін сыртқы тексеру тәуелсіз аудиторлық фирмалармен, қажет болса мемлекеттік органдармен жүргізіледі.

Қоғамның қызметін тоқтатуы оны қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен жүргізіледі.

Шағын кәсіпкерліктің дамуымен қатар бір фирма маркасымен капиталдың шоғырлану процесі жүруде. Бұған мемлекетте мүдделі. Елдің белсенді экономикалық саясаты тек экономиканың теңгерімділігін және өндірістің жаңа технологиялық деңгейге шығуын дербес қамтамасыз етуге қабілетті ірі өнеркәсіптік-қаржылық құрылымдар болғанда ғана мүмкін. Индустриалды дамыған елдерде ірі өнеркәсіптік-қаржылық топтар экономикада алғы позицияны иеленіп, өндірістің техникалық деңгейін және ұлттық шаруашылықтың даму қарқынын анықтайды.

Ірі интеграцияланған құрылымды құрудың негізгі тиімділігі технологиялық даму, маркетинг, жарнама, тауарды тұтынушыға жылжыту, өндірістен тыс шығындарды төмендету сферасында капиталды біріктіру артықшылығынан тұрады. Қазіргі бәскеклестік күресте алып компаниялар да жеңіліске ұшырап жатады, бұл оларды неғұрлым ірі құрылымдарға бірігуге мәжбүр етеді.

Қалыптасқан ситуацияда әріптестерді іздеу мен бірлестікті құру жекелеген елдердің аясынан шығып халықаралық сипат алды. Трансұлттық корпорациялардың мәні ХХ ғасырдың екінші жартысында барлық әлемде өсті.

Алып трансұлттық бірлестіктер авиақұрылыс, ғарыш техникасы, мұнай мен газды өндіру және тасымалдау, теңіз және теміржол тасымалы облысында, банк капиталы сферасында құрылады. Алып компаниялар мүдделері және жеке жобалар бойынша біріге отырып, толық дербестігін жоғалтпауға ұмтылады. Бірлестік аясында олар оның міндеттемелеріне өз жарнасы мөлшерінде жауапкершілікте болады.

Кеңес экономикасы негізінен ірі кәсіпорындар мен бірлестіктерге сүйенді. КСРО аумағында пайда болған елдердегі жаңа бірлестіктерді құру кезінде кооперация бойынша әріптестер арасындағы үзілген байланыстар қалпына келтірілді. Әрине мұнда қатысушылар өзгерді, олардың құқықтық өзара қатынастары айтарлықтай түзетілді, міндеттер қайта қаралды, басқару тетігі өзгерді. Осылайша бұрынғы КСРО территориясында холдингтік компанияларды, қаржылық-өнеркәсіптік топтарды, сондай-ақ ірі диверсификацияланған концерндерді құру жолы мен тетігі Батыс елдеріндегі ұқсас шаруашылық құрылымдарды құру механизмінен ерекшеленеді.

Қазіргі экономикада корпоративтік қатынастардың холдингтік компаниялар, концерндер, синдикаттар, ассоциациялар, қаржылық-өнеркәсіптік топтар, консорциумдар сияқты формалары үстем. Аталған формалардың әрқайсысының жалпы белгілері мен өз ерекшеліктері бар. Олардың барлығы ірі капиталдың артықшылығын пайдалануға бағытталған, алайда бір-бірінен былайша ерекшеленеді:



  • Бірлестікпен қойылатын нақтылы стратегиялық мақсаттары және ағымдағы міндеттерімен;

  • Қатысушылар құрылымымен;

  • Орнатылған мүліктік және құқықтық қатынастарымен.

Холдингтік компания бір АҚ басқа акционерлік фирмалардың жұмысын қаржылық бақылау және акцияға салынған капиталдан табыс алу мақсатында олардың акцияларының бақылау пакетін иемденгенде құрылады. Холдингтің екі типін ажыратады:

  • Таза холдинг, мұнда басқа фирмалардың акционерлік капиталында қатысу жүйесі арқылы холдинг- компания салынған капиталдан табыс алады және өсіреді;

  • Аралас холдинг, мұнда холдингтік компания дербес кәсіпкерлік қызметпен айналысады және ықпал ету сферасын кеңейту мақсатында жаңа тәуелді фирмалар мен филиалдардың акцияларының бақылау пакетін сатып алады.

Таза холдингтерді ірі банктер басқарады, ал аралас холдингтің басында өндіріспен байланысты кез-келген ірі бірлестік тұрады.

Кәсіпкерліктің жаңа ұйымдық-экономикалық формасы қаржылық-өнеркәсіптік топтар болып табылады. Олар өнеркәсіптік, банктік, сақтандыру және сауда капиталдарының, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың интеллектуалдық потенциалының бірігуін көрсетеді. Қатысушылар құрылымы жағынан қаржылық-өнеркәсіптік топтар холдингті еске түсіреді. Олардың құрамына материалдық өндіріс кәсіпорындарымен қатар қаржылық ұйымдар, ең алдымен банктер енеді. Оларды қалыптастыру кезінде басты міндет ретінде банктік капитал мен өндірістік потенциалдың бірігуі қойылады. Мұнда қаржылық-өнеркәсіптік топқа енетін банктің негізгі табысы өндірістік кәсіпорындар жұмысының тиімділігін арттырудан түсетін дивидент болуы тиіс.

Мемлекеттік капиталы бар холдингтер, қаржылық-өнеркәсіптік топтар және басқа салааралық бірлестіктер тәуелсіз орган статусын алуы немесе үкіметке бағынуы мүмкін.

Ассоциация – бұл тәуелсіз өндірістік кәсіпорындардың, ғылыми, жобалау, конструкторлық, құрылыс және басқа ұйымдардың ерікті бірлестігі. Ассоциация – жауапкершілігі шектеулі орган. Ассоциация қатысушылары дербес заңды тұлғалар болып табылады, әріптестер алдында тек өз міндеттемелері бойынша жауап береді.

Ассоциацияға енетін кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің қызметін тек ассоциацияға қатысы бар шаруашылық облысында үйлестіреді. Ассоциацияға кірген кәсіпорындар мен ұйымдар біріккен қызмет туралы келісімшарт жасасады. Ассоциация мүшелері басқа келісімдік міндеттемелерге жекелеген қатысушылардың келісімінсіз түсе береді. Басқарудың ұжымдық органы шаруашылық кеңес болып табылады, оның құрамына директорлар, кейде мамандар енеді. Кеңес жылына екі рет бас қосады. Кеңес шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.

Ассоциацияны құрудың негізгі мақсаты – ұжымдық кәсіпкерлік негізінде жұмыс тиімділігін арттыру. Бұл үшін ассоциация қатысушыларының келісімі бойынша келесі басқару функциялары толығымен немесе ішінара орталықтандырылуы мүмкін:



  • Материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

  • өткізу және сыртқы экономикалық байланыстар;

  • маркетинг;

  • күрделі құрылыс;

  • конструкторлық және технологиялық әзірлемелер;

  • жоспарлы-экономикалық есептеулер мен бухгалтерлік есеп.

Мерзімсіз ұйымдық бірлестіктермен қатар белгілі уақыт кезеңінде нақтылы міндеттерді шешу үшін кәсіпорындардың уақытша бірлестігі туындайды. Мұндай бірлестіктер консорциумдар деп аталады. Олар кәсіпорындар мен ұйымдарды салалық тиеселілігіне, бағыныштылығына және меншік формасына тәуелсіз біріктіреді. Консорциумға қатысушылар шаруашылық дербестігін сақтайды және бір мезгілде басқа ассоциациялардың, консорциумдардың мүшесі болуы мүмкін. Міндетті орындаған соң консорциум өз қызметін тоқтатады.

Концерн – бұл қатысу жүйесі арқылы кәсіпорындарды бақылайтын көп салалы акционерлік қоғам. Концерн оған қатысты еншілес болып табылатын әрқилы компаниялардың акцияларының бақылау пакетін сатып алады. Өз кезегінде еншілес компаниялар басқа акционерлік компаниялардың акцияларының бақылау пакетін иеленуі мүмкін.

Картель бір сала кәсіпорындарының арасындағы өнім, қызмет бағасы туралы, өткізу нарықтарын, өндірістің жалпы көлеміндегі үлесті бөлу туралы келісімін білдіреді.

Ұжымдық кәсіпкерліктің ассоциативтік формаларының бірі синдикат болып табылады. Кәсіпкерліктің берілген формасы негізінен өнімді өткізумен байланысты және өндіруші салаларда, ауыл, орман шаруашылығында таралған. Синдикаттың басты міндеті – бірігіп өнім өткізуді ұйымдастыру.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет