1 тақырып. Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары Дәрістің мақсаты


Маркетингтік ақпарат: түрлері, қайнар көздері



бет4/7
Дата12.09.2020
өлшемі253,7 Kb.
#78267
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Конспект лекций. Маркетинг

Маркетингтік ақпарат: түрлері, қайнар көздері.

Тиімді маркетингтік шаралар үшін талдау, жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау процесстерінде менеджерлерге әртүрлі ақпараттар қажет.

Көбіне маркетингтік ақпаратты бірінші ретті және екінші ретті деп бөледі.

Бірінші ретті ақпарат бұл нақты маркетингтік мәселені шешеу үшін арнайы сырттай зерттеу жүргізу нәтижесінде жиналған мәліметтер.

Екінші ретті ақпарат бұл басқа бір мақсаттар үшін алдын-ала бұрын жиналған мәліметтер. Екінші ретті ақпараттың шығу көздері екіге бөлінеді: ішкі (фирма құжаттары: бюджет, есеп беру, қорлар, бұрынғы зерттеулер және т.б.) және сыртқы

Екінші ретті ақпараттың негізгі сыртқы қайнар көздері:



  • ұлттық және халықаралық ұйымдардың жарияланымдары;

  • мемлекеттік органдардың министрліктердің және ұйымдардың жарияланымдары;

  • сауда кәсіптік палаталардың және бірлестіктердің жарияланымдары;

  • статистикалық ақпарат жиыны;

  • саладағы фирмалардың және бірлескен кәсіпорындардың есеп берулері мен баспа материалдары;

  • кітап, журнал және газеттер;

  • оқу орнының, ғылыми-зерттеу, жоба институттарының публикациясы және қоғамдық ғылыми ұйымдардың, симпозиумдардың, конгресс және конференциялардың жарияланған материалдары;

  • прайс-парақтар, каталогтар және басқа да фирмалық публикациялар;

  • консалтинг ұйымдарының материалдары.

Бірінші ретті ақпараттан арзандық және жылдам жинау жағынан артықшылығы болғанымен, екінші ретті ақпарат толықсыздық, ескерушілік және оның анық сенімділігін бағалау мүмкіндігінің жоқтығымен сипатталады.

Екінші ретті ақпарат негізінде зерттеу жұмысын орындау, көбіне-көп олар алдын орау негізді және жазбаша сипатқа ие, оларды кабинетті деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет