Менеджменттің ғылым ретінде (ХІХ ғасырдың соңы) қалыптасуы басқарудың нәтижелігін арттыруға, оның жаңа формалары мен әдістерін қолдануға деген шынайы қажеттілікті сезінуден басталады.
Менеджменттің ғылым ретінде өзіндік зерттеу пәні, көкейтесті проблемаларыжәне оларды шешу жолдары бар. Оның ғылыми негіздерін концепция, теория,принциптер, басқару құралдары мен формалары ретінде жинақталған басқарутуралы барлық білімдер жиынтығы құрайды. Ғылым қызметінің негізгі бағыты –басқарушылық еңбектің табиғатын түсіндіру, себептер мен олардың салдарыарасындағы байланысты көрсету, адамдардың бірлескен еңбегінің неғұрлымнәтижелі және пайдалы болуының факторлары мен шарттарын анықтау.
Басқару ғылымының даму барысын терең түсіну үшін басқару ойларыныңнегізгі даму бағыттарын білу қажет. Қазіргі кезде басқару ісінің эволюциясынбейнелеп, менеджменттің әдіснамалық негіздері ретінде танылатынконцепцияларға сипаттама берейік.