Адамгершілік қарым-қатынас мектебі (1930-1950) Басқару теориясында жаңа бағыттың негізін қалаған американдық ғалымЭлтон Мейо (1880-1949) болды. Ол жұмысшылар тобымен бірлесіп 13 жылдайтәжірибе жүргізу нәтижесінде мынадай қорытындыға келді: жұмысшылардыңеңбек өнімділігі еңбек жағдайы мен әкімшіліктің әрекетіне ғана байланыстыемес, ол, сондай-ақ жұмысшылар ортасының психологиялық және әлеуметтікклиматына, олардың қанағаттану сезіміне де тәуелді болады. Сондықтан еңбектиімділігі үшін жағымды психологиялық жағдайлар мен адамдардың жақсыкөңіл-күйі аса маңызды. Мектептің көрнекті өкілдері Дуглас Макгрегор,Фоллет Мэри Паркер,т.б. адам факторына баса көңіл аудару қажеттігін көрсетеотырып, басшыларға өз қарамағындағы жұмысшыларға барынша қамқорлықжасауды, олармен қарым-қатынас жасауды ұсынды.