Бихевиористік немесе мінез-құлық мектебі (1950 жылдан қазіргі уақытқадейін) Психология және әлеуметтану ғылымдарының дамуы жұмыс орнындағымінез-құлықты зерттеуді ғылыми жолға қойды.Бихевиористік мектеп өкілдері К.Арджирис, Д.Макгрегор, Ф.Герцберг, т.б.әлеуметтік өзара әрекеттесудің, ынталандырудың, билік пен бедел сипатының,ұйымдастырудағы жетекшіліктің, жұмыс мазмұнын ескерудің, жұмыскерлердібасқаруға қатыстырудың алуан түрлі жайларын зерттеді. Мектептің бастымақсаты басқару ісін ұйымдағы адам ресурстарының тиімділігін арттыруарқылы оңтайландыру болды.
Басқару ғылымы немесе сандық ықпал (1950 жылдан қазіргі уақытқа дейін) Шетелдердегі басқару теориясының жаңа бағыттарының бірі – «басқаруғылымы» деп аталып, басшылық жасау ісіне сандық тәсілдер мен дәл ғылымаппаратын енгізуге тырысумен сипатталады. «Жаңа» мектептің көрнектіөкілдеріне Р.Акофф, Л.Берланфи, Д.Форрестор сияқты ғалымдар жатады.
Басқару ғылымы ұйым жұмысында неғұрлым жиі кездесетін құбылыстардыңматематикалық моделін құруға, жұмыс уақытын реттеуге, ресурстардыбасқаруға қатысты мәселелерді қарастырып, «жүйе технологиясын» құруғаайрықша мән берді.
Сонымен, қазіргі менеджменттің қалыптасуына басқару ісіндегі әртүрлі бағыттарүлкен үлес қосты.Нарықтық экономика жағдайында ұйым стратегиясын құру оның бәсекегеқабілеттілігін қамтамасыз ететін фактор ретінде қарастырылып отыр. Осыған орай,ресурсты сақтаушы технологиялар құрыла бастады, инновациялық менеджменттіңтиімді модельдері жасалды, ынталандыру және лидерлік теориясы құрылып,олардың қызметкерлерді басқарудағы маңызы анықталды, ұтқыр инновациялықжәне стратегиялық менеджменттің қажеттігі дәлелденді.