1-тапсырма Бастауыш математикалық білім беру мазмұны және оны оқытуды ұйымдастыру


- тапсырма Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру



бет4/8
Дата13.10.2022
өлшемі1,88 Mb.
#152907
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Матем 2
Напалеон жорығы (копия), Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, Ратанова Ш Тапқыр ақпаратшылар, E649FA7B-39EB-4264-9A53-AA8FC5D84274, тәжірибелік сабақ, Белгібай Аружан Соөж-7, 14-Дәріс, Art Mind Map, Бұлшықет биомеханикасы
4- тапсырма
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда балалардың осы оқу іс - әрекетке деген қызығушылығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін шыңдау мұғалімнің басты міндеті.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын жүргізгенде әр түрлі тәсілдерді тиімді пайдалана білу керек. Білім беруді ізгілендіру, оқыту әдістерін жетілдіруді, дамыта оқыту әдістері мен тәсілдерінің тиімді пайдалануын талап етеді. Білімді меңгерту, біліктілікті қалыптастыру үрдісінде бақылаудың алатын орны ерекше. Бақылау - білім, біліктерін айқындау, есепке алу, бағалау, тексеру. Егер берілетін білім мен оны меңгертудің арасында үйлесімділік болмаса, тиісті нәтижеге қол жету мүмкін емес. Білім берудегі шамаға лайықтылық тиісті кедергілер мен қиындықты жеңе отырып, меңгерілсе, ұғым – түсінік тиянақты болады.Жүйелі түрдегі әрекет мақсат еткен нәтижеге жеткізеді және одан шәкірт рухани қуат алып, ақыл - ой еңбегінің дағдысын қалыптастырады. Берілетін білімнің беріктігі шәкірттің шамасына лайықтылығы мен жүйелілігіне байланысты, оқушының көңілін әр нәрсеге алаңдата бермей, олардың зейінін нақты бір мәселеге тиянақты бағдарласа, математиканы игерту нәтижелі болмақ. Балаларды математиканы оқытуға қызықтырып тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу қажеттілігі, оқуға қызықтырудың басты шараларының бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру.

5-тапсырма
Теріс емес бүтін сандарды оқыту әдістемесі.
Tepic емес бүтін сандар жиынын құрудың теориялық – жиындық тәсілі
тұрғысынан, натурал сан деп бос емес шектеулі бір – бірімен эквивалентті
жиындар класының ортақ қасиетін айтады. Ондай тәсіл мейлінше көрнекі және
шын мәнісінде мектепте өтілетіндерге дәл келеді. Алайда оның елеулі бір
кемшілігі бар: негізгі ұғым шектеулі жиын бұл жағдайда белгісіз болып
қалады (анықталмайды). Шектеулі жиындардың айырмашылықтарын түсіндірген
кезде, әдетте, шектеулі жиындар барлық элементтерін толық атап шығуға
оларды бірінен соң бірін көрсетіп беруге болатын жиындар дейді, немесе
бұлар элементтерін санап шығуға болатын жиындар деп аталынады.
Элементтерінің саны шектеулі болатын А жиынын алып, оған тең қуатты болатын
барлық жиындарды бір класқа топтастырайық.
Егер А жиыны үшбұрыш төбелерінің жиыны болса, онда үшбұрыш
қабырғаларының жиыны, үш әр түрлі әріптен тұратын сөздердегі әріптер жиыны,
т.б. осындай жиындар А жиынымен бір класқа топтасады.
Егер осы процесті әрі қарай жалғастырсақ, он да тең қуаттылық қатысы
эквивалент қатысы болатындығына байланысты барлық шектеулі жиындар кластар
бойынша бөлінеді бір класқа тиісті екі жиын өзара тең қуатты, ал әр түрлі
класқа тиісті екі жиын тең қуатты болмайтындығын көреміз.
Бір ғана класқа тиісті барлық жиындарға ортақ не нәрсе? Олар тең
қуатты. Эквивалент кластардың барлық жиындарының ортақ қасиеті – натурал
сан. Мысалы, үшбұрыштың төбелерінің жиындарына тең қуатты жиындар дың ортақ
қасиеті үш саны, ал тіктөртбұрыштың қабырғаларының жиынының ортаң қасиеті
төрт саны. Сонымен, әрбір класқа тек бір ғана натурал сан, ал әрбір натурал санға
тек бір ғана тең қуатты жиындар класы сәйкес келеді екен. Сондай-ақ нөл
санының да теориялық – жиындың түсіндірмесі бар, ол бос жиынға
сәйкестендіріледі: О = n(Ø)
Бастауыш курс математикасында есептік натурал сан шекті тең қуатты
жиындар класының жалпы қасиеті ретінде қарастырылады. Сондықтан оқушылар
бір санын оқып – үйренген кезде оқулықтың сәйкес бетінде бір ғана заттың
суреттері бейнеленеді; үш санын өткенде үш элементі бар жиындар
бейнеленеді. Бұл көрініс алғашқы 10 санды оқып – үйретудің өн бойында
жалғасады. Осылайша, есептік және реттік натурал сандар бастауыш курс
математикасында өзара тығыз байланыста, бірлікте қарастырылады екен. Теріс
емес бүтін сандар жиыны Zo деп белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет