1. Тіс-техникалық зертханасында пайдаланатын құрал-саймандар. Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы



бет10/40
Дата08.02.2022
өлшемі349,16 Kb.
#117287
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
СЕССИЯ ООС

3.Шарпа әдісі (ішкі)
- мыс сақина диаметрі бойынша таңдалады, контурлы қысқышпен шамамен анатомиялық пішінді береді;
- егейді, соданк ейін окклюзиялық беттерге балауыз салып,пациент тістерін беттестіреді, тіс көшірмесін алады;
- Модельді құяды, сақинамен гипстік штампты кесіп,кюветке оңай балқитын құйманы құяды;
- қатаюдан кейін қорытпаны төсеп, жартысын бүктеп, контрштамп алады;
- гильзаны қолданады. Штамптау ішкі жағынан ағаш және металл таяқшалардың көмегімен жасалады, сауытты ішінен бөлшек немесе каучукпен толтырады.


35. Сауытты ММСИ әдісі бойынша бірден ішкі және сыртқы штамптау. Копейкин и Канавалов
ММСИ әдісі бойынша сауытты штамптау.Бұл штамптау әдісінде контрштамп ретінде вулканизацияланбаған каучук немесе мольдин қолданылады. Мәскеу Медициналық Стоматологиялық Институтының әдісі бойынша (Д.Н.Цитрин) бұл контрштамп оңай балқитын металдан жасалады.
Металлды контрштампты келесі әдіспен алады. Соңғы штамптауға арналған екінші штамп жабысқақ пластырь қабатымен жағылған (оның қалыңдығы сауыт қалыңдығына сәйкес келеді - 0,25-0,28 мм) немесе маймен майланған және сауыт қалыңдығына сәйкес келетін қабаты бар талькпен немесе бормен себеді.Ішкі беті конустың түбіне дейін түсіріп және екі-үш выступы бар арнайы кюветке оңай балқитын металл құйылады.Балқыған металға сауыт бөлігі төмен қаратылып толық батқанға дейін металл штамп салынады.Металл қатайғаннан кейін,оны штамппен бирге алып ,2-3 бөлікке бөледі.Металл штамптан пластырьді алып тастап,оған күйдірілген гильза кигізіп,кюветаға орнатып балғамен урып штамптау жасайды.
Штамптау контрштамп кюветаның түбіне тигеннен кейін аяқталады, яғни бастапқы күйін алады және оның барлық бөліктері тығыз байланысқан болады.

36.Тез балқитын метал қорытпасынан штамптар алу. Копейкин
Тез балқитын метал қорытпалары протездердің металл бөліктерін штамптау үшін қолданылады. Штамптармен мен контрштамптар осы қорытпалардан жасалады. Бұл үшін балқу температурасы төмен, форманы жақсы толтыратын немесе құйылатын (тесіктерсіз және үлкен жиырылусыз) және механикалық әсерге жеткілікті төзімді металдар қажет. Көбіне тез балқитын қорытпалардың құрамына қалайы, қорғасын, висмут, сурьма, мырыш және кадмий кіреді. Контрштамптарға штапмтарға қарағанда жұмсақ және тез балқитын қорытпаларды таңдау керек. Тез балқитын қорытпалардың құрамы: 1) қалайы 5 бөлік, қорғасын 3 бөлік, висмут 8 бөлік (балқу температурасы 63 ° C) 2) қалайының 1 бөлігі, қорғасынның 1 бөлігі, висмуттың 2 бөлігі (балқу температурасы 93 ° C) 3) қалайының 20 бөлігі, қорғасынның 19 бөлігі, висмуттың 48 бөлігі, кадмийдің 13 бөлігі (балқу температурасы -65 ° C).

37.Пластмасса сауытты жасаудың клиникалық-зертханалық кезеңдері (реттеп айту). РУЗИДДИНОВ, СЕДУНОВ
Пластмасса сауытты дайындаудыц клиникалық кезеңдері
1. Жансыздандыру арқылы тісті егеу, тіс мойны жанынан кертпе жасау. Екі қабатты қалып алу.
2. Пластмасса сауытты кигізіп көру.
3. Соңғы рет сауытты тегістеп, жылтырату, цементке бекіту.
Пластмасса сауытты дайындаудың зертханалық кезендері
1. Модельді берік ғанышган қүйған жөн.
2. Сауыт түссіз балауыздан мүсінделеді.
3. Балауыз қүрылымы түсін, анатомиялық пішінін ескере отырып пластмассаға ауыстырылады.
4. Сауыт соңғы рет тегістеліп, жылтыратылады.

39. Металдыкерамикалы сауыттың гирляндасын жасаудың әдісі, оның қажеттілігі. (1-2)Шынкадан алдым
Металл калпақшаның мойын бөлігінің ішкі жағынан арнайы орын (гирлянда) мүсіндеу, жылу берілуді жақсарту үшін және керамикалық массаның көлемін қысқарту мақсатында жүргізіледі. Ол үшін қалпакшаның тіл немесе тандай мойын бөлігінде мүсіндейді (ені 2 мм, қалыңдығы 1 мм болатын белдік мүсіндейді). Тірек қалпақшалардың қалындығы 0,3-0,5 мм, келешек керамика қабатының қалындығы 0,8-1 мм, ал кесу қырлары мен шайнау беттеріндегі керамика қалындығы 1,5-2,0 мм кұрайды, жасанды тістердің беттерін жабатын керамика қабатының қалындығы 1,5-2,0 мм. Қалпақшалар мен аралық бөлімнің таңдай немесе тіл бетінде, олардың мойын бөліктерінде «жаға» түрінде жасалатын металл белдеуді «гирлянда» деп атайды. Бұл гирляндалар жылу өткізгіштікті сақтау мен керамикалық массаның көлемін азайтады.

40. Металды қалпақшаны модельде шақтап, тексеріп көру. Керамикалық массаның түсін анықтау.
Метталл қалпақшаны егелген тіске шақтап көреді. Егер ол дұрыс бекітілмесе онда дымқыл көшірме қағазын қалпақша астына салады да, тірек тіске шақтайды.
Қалпақшаның ішкі бетінде қара қағаздың таңбасы түссе, артық жерлерін егеп алып тастайды. Бірнеше рет тексерген соң, қалпақшаның тіс мойнына дәл кигізілуі тексеріледі.
Қалпақшаны шақтап көру кезінде егелген тірек тістің жиегіне дұрыс орналасуын және біркелкі қамтуын тексереді.
Болашақ керамикалық жабындының қалыңдығын ескере отырып қалпақшаның антогонист тістерге қатысты орналасуын тексереді
Тіс технигі керамикалық жабындыны ойыққа дұрыс орнату үшін, жасанды эластикалық қызылиектің жұмысшы мүсінін дайындау қажет. Ол үшін 3 – клиникалық кезеңде дәрігер қалпақшаны шақтап көрген соң, оны тірек тіске силиконды массаның коррегирлейтін қабатымен бекітеді және тіс қатарының силиконды қалыбын алады. Қалыпты дезинфекциялап, қалпақшамен бірге 3 – лабораториялық кезеңге жібереді.
Қалпақшаның антогонист тістермен бөлектену деңгейі және керамиканың әрлеу қабатына арналған орын көлемі анықтайды.
Қалпақша барлық қойылған талапқа сай болса, онда керамикалық қабаттың түсін анықтаймыз.
Қалпақшаны жасауға болады:
1) лавсан адаптерінен
2) балауыз көмегімен, батырылған балауыздан(воскотопки)
1. Адапта арнайы қысқышпен ұсталады және қыздырғыштың жалынының үстінде пленка мөлдірлігі жоғарылағанға дейін қызады және тіс штамптары арнайы силикон сығымдалған массаға басылады. Толық салқындағаннан кейін адаптерлер штамппен бірге шығарылады. Қалпақша штамптан алынып, 1 мм жоғары кесіледі. Тіс штамптары бөлгіш лакпен майланады және штапқа қақпақ орнатылады.
2. Тістің штампы бөлгіш лакпен майланады және тіс мойыны толық батырылғанға дейін окклюзиялық бетін төмен қаратып, балауыз жылытылған арнайы балауызға батырылады және бірден шығарылады. Балауыз қатайғаннан кейін қақпақ 1 мм жоғары кесіліп, штампқа қойылады.


41. Металдыкерамикалы көпіртәрізді протездің қаңқасын мүсіндеу.
Металды -керамикалы тіс протезін дайындау екі негізгі кезеңнен тұрады , біртұтас металл каңқаны құю және қаңқаны керамикалық массамен қаптап әшекейлеу.
Металл қаңқаны мүсінде және ауыз қуысында тексергеннен кейін орындалатын амалдар:
1)Керамикалық бірінші қабатты жағу және оны күйдіріп пісіру.
2)Тірек сауыттармен аралық бөлімдер пішінін дентин массамен мүсіндеу, керамиканы күйдіру , пішіні мен көлемін реттеу.
3)Сауыттың керамикалық келбетінің түр - түсін ретке келтіру , әшекейлеу және протездің керамикамен қапталмайтын бөлігін механикалық тәсілмен жылтырату.
4)Протезді ауызға бекіту үшін клиникаға беру.
Металды - керамикалық көпір тәрізді протездің қаңқасын балауызбен мүсіндеу, егелген тірек тістерді дайындаудан басталады. Eгелген тістердің тұқылдарына металдың шөгуінің орнын толықтыру үшін , арнайы лак жағады. Қаңқаны кобальт - хром қорытпасынан кұятын болса , онда лакты 2 қабат жағады:
1)Бірінші қабатты тіс тұқылын түгелдей жабатын етіп жағады.
2)Ал екінші қабатты керітпеге 1 мм жеткізбей жағады. Қалыңдығы 0,6 мм арнайы полимер табақша қаңқаның деформациясын болғызбас үшін қолданылады. 
Көпір тәрізді металды - керамикалы тіс протезінің қаңқасын мүсіндеу үшін балауыз , арнайы пластмассалы дөңгелекшелер , "кермопласт " массасын немесе мольдинді балауыз дайындықтар қолданылады.
Мүсінделген сауыттың экваторы айқын , биіктігі жеткілікті және шайнау бетіндегі төмпешіктері болуы керек.
Металды - керамикалық көпір тәрізді протездің аралық бөлігі түрлі - түсті балауыздан мүсінделеді.
Металды - керамикалық көпір тәрізді протездің қаңқасын металдан құрғаннан кейін, оны тірек тістерге шақтап көріп өңдейді . Қаңқаны құю жүйесінен карборундтың көмегімен , кесіп алып , пішіндегіш материалдың қалдығынан тазарту үшін құмдағыш аспапқа салады. 
Содан соң түрпілі тастармен және тегістегіш дөңгелектермен қаңқа беті біртегіс болғанша тегістеп өңдейді. 
Осылайша өңделген көпір тәрізді протездің құйылған қаңқасын тірек тістерге және ауыз қуысында шақтап көру кезінде құйылған қаңқасының технологиялық сапасын бағалайды. Қалпақшалардың , денесінің бүтіндігін , олардың өңделіп тегістелу сапасын тексереді. Қаңқада құю ақаулары табылса , оны қайтадан кұю керек болады.

42. Металдыкерамикалы көпіртәрізді протездің каңкасына фарфор массасын жағу. Күйдіру режимі.
43. Металдыкерамикалы көпіртәрізді протездің каңкасына фарфорлы массаларды жағу. Күйдіру тәртібі.
42-43 бірдей
Кобальт-хром қорытпасынан жасалған қаңқаға фарфор массасын жағу және күйдіру технологиясын алатын болсақ,алғашқы қабатты жағу үшін, ұнтақ түріндегі массаны дистильді сумен қаймақ консистенция жағдайына дейін араластырамыз. Дайындалған қоймалжыңды қаңқаға жағамыз. Кедірі бар шпатель көмегімен жағылған массаны тығыздаймыз. Осы кезде бөлінген сұйықты жұқа сорғыш қағазбен сорғызады.
Қаңқаны керамикалық қондырғыға орнатып, пештің кіре беріс аузында қаңқаны температурасы 750°С-қа жеткенше қыздырады. Осыдан кейін күйдіру 750°С-1080°С-та 7 мин вакуумда өтеді. Жоғарғы температураға жеткеннен кейін вакуумдық насосты өшіреді, қаңқаны 30 секунд ұстайды және пештен шығарады, оны бөлме температурасында ауада суытады.
Міндетті түрде металл керамика массасы үшін опак қабатын екінші қайтара жағады, опак массамен жарықтар мен сайларды толтырады, оны тығыздап кептіреді және бірлік күйдіру ережесі бойынша күйдіруді қайтара жүргізеді. Келесі кезең - тірек сауыттар мен фасеткалардың анатомиялық пішіндерін дентин жэне мөлдір фарфор массасынан мүсіндеп күйдіру. Мүсіндеу комбинирленген гипс мүсінде жүргізіледі. Дентин массасын қабат-қабат жағады, оны тығыздайды, ылғалдың артығын сорғыш қағазбен кептіреді.
Фронтальді тіс сауыттары мен тістердің вестибулярлы бетін мүсіндеуде оның кесу қырынан тіс экваторына дейін дентин қабатын жұқартып, орнына мөлдір массаны толтырады. Тістердін аралықтарын ашу үшін, олардың анатомиялық пішінін қалпына келтіргеннен соң, міндетті түрде арамен немесе қалындығы 0,5 мм мыс пластинкамен опак қабатына дейін тілік жүргізіледі.
Осыдан кейін протезді 5 минуттай пештің кіре берісінде 920°С температурада қыздырады. Сосын күйдіру столында ылғал толығымен жоғалғанша қыздырады және сауытпен фасетканың бетінде қоңыр дақтар жоғалғанда қыздыруды тоқтатады. Вакуумдық қыздыру 750 -920 °С температурада жүргізіледі. 180 температураға жеткен соң, вакуумды насосты өшіреді және протезді 30 сек ұстап тұрады, сосын пештен шығарып, бөлме температурасында суытады. Дентин қабатының қайтара күйдірілуі осы айтылған ереже бойынша жүргізіледі.
Глазурлеуді вакуумсыз жүргізеді. Пешті алдын ала қыздырып, пештін кіре беріс бөлігінде (920°С-та 5 мин), күйдіру столында 750°С 3 мин қыздырады, 920°С-қа дейінгі температураға жеткен соң 1-2 мин. ұстап тұрады. Сосын протезді пештен шығарып, бөлме температурасына дейін суытады. Суытып болған соң, протездің фарформен жабылмаған металл бөлігін жылтыратады.
Осыдан кейін керамикамен қапталған көпір тәрізді протезді мүсіндегі тірек тістерге өлшеп көреді, ол үшін протездің технологиялық сапасына баға береді. Көпір тәрізді протез жұмысшы мүсіндегі тірек тістерге еркін салынып-алынады, жасанды сауыттармен тістер табиғи тістердің анатомиялық пішіндерін береді, жұмысшы мүсінде жасанды тістер мен альвеолды өсінділер арасында шайылу кеңістігі болады.
Ауыз қуысында тірек тістерге қатысты көпір төрізді протездің клиникалық сапалық көрсеткіштерін тексереді. Көпір тәрізді протезді шақтап көру жауапты кезең болып табылады. Өйткені, әшекейленгеннен кейін протез жөндеуге жатпайды.
Протез тірек тістерге оңай қондырылып және шығарылуы керек. Өйткені, шамадан көп күш түскенде металл қаңқаның ішкі кернеуі пайда болып, ол керамиканың шытынауымен аяқталуы мүмкін. Тірек тістердің мойын бөліктерін зонд көмегімен тексереміз. Тіс сауыттарының мойын бөліктері тірек тістерге толық сәйкес келуі керек.
44.Металдыкерамикалы сауытты модельде шақтап, тексеріп көру. Глазурлеу. Металдыкерамикалы сауытты цементке бекіту. Аселя жиберген китап
Дайындалған сауыттың сапасын тексеру оны ғаныш модельде тексеруден басталады . Анатомиялық пішінінің дәлдігіне , антагонист тістердің түйісу сипаты мен тісаралық түйіспе орындарының болуына аса мән беріледі , тістің қызылиек жанына сауыт шетінің отыруы бағаланады . Дезинфекцияланған сауыт ауыз қуысындағы тіреуіш тіске кигізіледі , модельдерде жасалған іс - шаралар қайталанады . Сауыттың егелген тіске нақты бекітілгеніне көз жетiкізілгеннен соң анатомиялық пішін бағаланады . Бәрінен бұрын оның симметриялық орналасқан тістермен сәйкестігі тексеріледі . Қажет болған жағдайда , тиісті өзгерістер енгізіледі . Ол үшін өрнекті алмас тастармен керамикалық қабаттың бір бөлігі алынып , зертханалық әдіспен қосымша керамикалық қабат салынады . Керамика түсі мен табиғи тістердің сәйкестігіне аса жоғары мән беріледі . Жекелеген жағдайларда табиғи түстер гаммасы өте күрделі болса , бояғыш заттар да қолданылады . Көп жағдайда бояу процесі бірден жүзеге асырылса , кейде металл керамикалық сауыт кигізіліп болған соң іске асады .
Әшекейлеу немесе глазурьлеу табиғи тіс кіреукесіне тән керамикалық қабатқа жылтырлық беру үшін жасалады . Ауыз ішінде керамикалық қабаттың сапасын бағалаған соң сауытты тағы да зертханаға жібереді , дәрігердін микрорельефке байланысты жасаған нұсқаулары бойынша жөндетіледі , керамиканың беті тегістеліп , ажарланады , ағын суда щеткамен мүқият жуылады . Қажет болса , кептірілген протезге аздап арнайы бояу жағылады . Арнайы глазурлегіш сұйықтық аркылы вакуумсыз глазурлеу жүргізіледі.
Бояп болған соң керамикалық тіс эмальға тән жылтыр түс алады . Табиғи тістер эмалінің түс ерекшеліктеріне сәйкес сипат алатын керамикалық жабындының бояғаннан кейін эстетикалық қасиеті арта түседі . Дайын сауытты кигізу кезінде соңғы эстетикалық сипаттың болуын қадағалау шарт . Ол үшін дайын сауыт тіреуіш тіске кигізіледі . Сыртқы көрінісімен қатар сауыттың функционалдық қасиеті де тексеріледі . Көп жағдайда ол қатар тұрған тістер мен антагонистердің протезбен өзара қатынасына байланысты болып келеді . Тіс қатарының доғасын қалпына келтіру жақ сүйекке шайнау қысымын ұтымды бөлуге мүмкіндік туғызады . Ал окклюзиялық беттерді дұрыс мүсіндеу антагонист тістердің парадонтына түсетін функциялық артық жүктемені және алдын - ала түйіспені болдырмайтын профилактикалық шараға жатады .
Жасанды сауыттың әзірлену сапасы тексерілгеннен кейін , дәрігер оны тіреуіш тіске цементпен бекітуге кіріседі . Ол үшін ең алдымен сауыт дезинфекцияланады , сосын кептіріледі . Тіреуіш тісті сілекейден қорғау үшін мақта салынады да , оның беті кептіріледі ( жылы ауамен ) . Ереже бойынша бекіткіш цементті сұйық консистенция түрінде араластырады. Бұл оның егелген тісті ұстап тұрған сауыт шетінен еркін шығуына қажет . Аса қою цемент консистенциясы жасанды сауыттың толық кигізілмеуіне әкеп соқтырады . Әзірленген цемент сауыт ішінің үштен бір бөлігі толтырылып , орналастырылады . Клиникалық шпательдің ұшымен сауыттың бүйір беттеріне оның шетіне дейін цемент жағылады. Сауытты тіреуіш тіске кигізген соң науқас тіс қатарын қатты қысып ұстауы керек . Қатып қалған цемент біршама күш жұмсамай - ақ жасанды сауыттан 20-30 минут тан соң алынып тасталады . Бұл жерде шеткі пародонтты зақымдап алудан сақтанған жөн . Науқасқа алғашқы 2-3 сағатта тістерін аса қатты күтуі керектігін ескерту тиіс . Қатты тағам жемеу керек . Протезге күш түсірмеу цементте жүретін кристализация процесінің толыққандылығын қамтамасыз етеді . Егер науқас протездің эстетикалық сапасына көңілі толып , тістерді бір - біріне тигізгенде ешқандай ыңғайсыздық байқамаса , протезді тіреуіш тістерге бірден орнатып тастаған абзал . Алайда кейбір жағдайларда уақытша бекіту кажет болады . Уақытша бекіту қандай да бір асқыну байқалған кезде протезді бұзбай , олардың көзін жоюға мүмкіндік береді. Бұндай асқынуларға жарақаттык пульпит , түбір үшы периодонтиті , керамикалық әрлеменің түсіп қалуы, түстiң сәйкессіздігі , т.б. жатады. Уақытша бекіткіш үшін Tempbond , репин және т.б. материалдар пайдаланылады .
Егер уақытша бекіткен уақыт аралығында асқыну байқалмаса , науқас шағым айтпаса , протез алынып , қайта қаралып , патология байқалмаған жағдайда , цементпен біржола бекітіледі . Біржола бекіту үшін әртүрлі цементтерді пайдалануға болады : фосфат - цемент , унифас , рауцем , адгезор , адгил , силидонт ; полимерлі цементтер : супербонд , 3M Релай Экс ARC ; шыны - ионмерлі : витакрил , мерон , аква - сем , фуджи , цемин MKetac - Cem , т.б.
Бүгінгі таңда металл - керамикалық сауытпен протездеудің алдыңғы қатарлы озық әдістерін қолдану мүмкіндіктері бар . Бірінші келген уақытта треуіш тістер егеліп , екі қабатты қалып алынады , екіншісінде – дайын протез тапсырылады . Металл - керамикалық протез әзірлеудің жеделдетілген әдісі үш нақты шарттардан тұрады : дәлме - дәл құйма , технологиялық кезеңдердің нақты сақталуы , тіс технигі мен дәрігердің жоғары кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі . Дәстүрлі әдіс кезінде протезді әзірлеу кезеңдері дәрігерге үш рет барудан тұрады .

45.Металдыкерамикалы көпіртәрізді протезді жасаудың клиникалық-зертханалық кезеңдері (реттеп айту). РУЗИДДИНОВ, СЕДУНОВ
I клиникалық
1. Тексеру, диагноз қою, емдеуді жоспарлау.
2. Жансыздандыру, тірек тістерді егеу, екі қабатты массамен толык, анатомиялық жүмысшы және көмекші қалып алу.
3. Орталық окклюзияны анықтау.
4.Егелген тістерге уақытша сауыттарды дайындау және бекіту.
I зертханалық
1. Құрамдастырылған модель алып, артикуляторға ғаныштау.
2. Протез қаңқасын балауыздан модельдеу.
3. Құю және металл қаңқаны алу.
4. Металл қаңқаны өңдеу.
5. Модельге шақтап көру.
II клиникалық
1. Металл-керамикапы көпір тәрізді протездің дайын қаңқасын шақтап көру.
2. Керамикалы әрлеменің түсін анықтау.
II зертханалық
1. Металды қаңқаның бетін керамикалық массамен қаптауға дайындау.
2. Металдыкерамикалы көпір төрізді протезді соңғы рет глазурьлеу.
III клиникалық
1. Металдыкерамикалы көпір тәрізді протезді шақтап көру
2. Металдыкерамикалы көпір тәрізді протезді бекіту.

46. Металдыкерамикалы сауыттарға арнап тісті егеу.
Металдыкерамикалы сауыттарға арнап тісті егеу кезінде эмаль мен дентиннің едәуір қабатын тегістеуді егейміз, себебі сауыттың қабырғалары қалың болуы қажет. Тістерді егеу кезінде мойындық бөлігі зақымданбаған жағдайда, сауыттың шеті қызыл иектік қалтаға тимеуі үшін жиекпен ал мойындық бөлігі зақымданған жағдайда жиексіз екі әдіспен егейміз.
Жиекпен егеу кезінде апроксимальды бетінен қызыл иектен 0,5 мм жоғары, мойындық бөлікте жиек болатындай етіп бастайды. Содан кейін барлық бетінде осындай деңгейдегі жиек болатындай етіп егейміз. Содан кейін егелген бөлікке конус тәрізді форма беріп егеп шығау нәтижесінде антогонист тістер арасында алшақтық пайда болады. Жиектің соңғы қалыптасуы торцты бормен егеу арқылы, оның қызыл иек қалтасына тереңдеуімен аяқталады.
Жиектердің әртүрлі тік, қиғаш, ойығы бар, шыңы бар, т.б. формалары бар. Бұл пішінге, көлбеу мөлшеріне, тіс топографиясына және сауыт бөлігінің тіндерінің күйіне байланысты.

47. Көпіртәрізді протездің аралық бөлігіне қойылатын талаптар. (7-2)Шынкадан алдым
Көпір тәрізді протездің аралық бөлігін мүсіндеудің негізгі мақсаты жоғалған қызметтік және морфологиялық кемістікті орнына келтіру мен эстетиканы дұрыс қалыптастыру болып табылады.
Көпір тәрізді протездің аралық немесе дене бөлігін дайындау үшін мүсіндер окклюдаторға немесе артикуляторға бекітіледі. Жақ сүйек мүсіндерін орталық окклюзияда орналастырып , оны төрт жерінен жіңішке сым немесе шырпы таяқшалармен жұмсартылған жабысқақ балауызбен бекітеді. Резина ыдыста су мен гипсті араластырады да , үстелге аз мөлшерде гипсті төгіп, оған окклюдатордың төменгі жақтауын батырып, оның үстіне төменгі жақ мүсінін орналастырады. Гипстің артығын шпательмен алып тастайды. Осыдан кейін жоғарғы жақ мүсініне аз ғана гипс жағып , оған окклюдатордың жоғарғы жақтауын батырып , оның үстін қосымша гипспен жабады. Гипс толық қатайғаннан кейін сымдарды немесе шырпы таяқшаларды алып тастайды.
Көпір тәрізді протездің аралық немесе денесін даярлау үшін тіссауыттардың арасын жылы суда жұмсарған мүсіндеуші балауыз білікпен толықтырлу қажет. Білікше тірек тіссауыттардан анағұрлым биік және кең болады . Білікше тірек тіссауыттарымен қозғалмайтындай етіп біріктіріледі , мүсіндерді ашып - жабу арқылы мүсінделеді.
Осыдан кейін қыздырылған шпательмен білікті тандай немесе тіл бетінен мүсінге бекітеді.
Тіс қатарының ақауында орналасатын жасанды тістердің санын анықтау үшін , балауыз білік өлшенеді.
Көпір тәрізді протездің денесімен альвеолды өсіндінің шырышты қабығының арасындағы аралықтың мөлшеріне көңіл аудару қажет.
Төмеңгі жақ сүйегінде тірек тістердің арасы ұзын болған жағдайында шайылу кеңістігінің мөлшері 1-1,5 мм дейін жетеді. Шырышты қабыққа қараған беті көлбеу , тіл жақтан бастап шайнау бетіне жақын аяқталады. Жоғарғы алдыңғы тістердің аралық бөлімдерін мүсіндеуде оларға жанама пішін беріледі. Жасанды тістердің вестибулды беттерін анатомиялық пішінге сәйкестендіріп мүсіндейді.
Көпір тәрізді протездің аралық бөлімін фасетка түрінде дайындағанда , оның вестибулды бетінен шұңқырлар жасаймыз.
Денені құйылған тістерді даярлау кезіндегідей мүсіндейді , содан кейін вестибулярлы беттің кесу қырлары немесе шайнау бетіне сақтай отырып , қалақшамен балауыз бөліктерін кесіп , пластмасса толтырылатын шұңқырлар жасайды.
Аралық бөлігіне қойылатын талаптар:
• Тірек бөлігіне қарағанда аралық бөлігі жіңішке болуы тиіс;
• Бірнеше тіс болса тістер жекеленіп тұруы қажет;
• көпіртәрізді протездің тіректік бөлігі мен аралық бөлігі бір сызық бойында орналасуы қажет;
• Протез күтімін жақсарту мақсатында оральды беті шайылмалы болуы тиіс, денесі мен альвеола өсіндісінің шырышты қабаты аралығында бос кеңістік болуы керек. Оральды бетінен тәстеу немесе шайнау қырынан бастап сауыт бөлігі 3-4мм, ары қарай вестибулярлы бетіне қарай қиғаш.
• Алдыңғы бөлігі альвеола өсіндісінің шырышты қабатына жанаспалы орналасуы қажет.

48. Көпірлі протездер, олардың анықтамасы және элементтерінің сипаттамасы.
Көпір протездері- стоматологиялық протездердің бір түрі, ол тіс қатарларындағы ақауларды ауыстыру үшін қолданылады.
Ол тіс қатарынан бірнеше тістер болмаған кезде қолданылады, сондықтан мұндай протездер бір-бірінен алшақ орналасқан сау тістерге немесе сауыттармен жабылған тістерге бекітілуі мүмкін.

Көпіртәрізді протездермен емдеу көрсеткіштері:



  • Тіс қатарының шектелген кіші және орта кетіктерінде:

  • Кеннеди бойынша 3 кл ( бүйір бөлікте үш тіске дейінгіжоғалту болғанда) тіс қатарының кетігінде

  • Кеннеди бойынша 4 кл (алдыңғы бөлікте төрт тіске дейін жоғалту болғанда) тіс қатарының кетігінде қолданылады.

Көпіртәрізді протездермен емдеуге қарсы көрсеткіштер:

  • Тіс қатарының үлкен кетіктерінде;

  • Патологиялық қозғалмалы дистальды тіспен шектелген тіс қатары кетігінде;

  • Клиникалық және рентгенологиялық тексерулерде патологиялық бұзылыстары(созылмалы гранулематозды периодонтит) бар тістермен шектелген кетігінде;

  • Клиникалық сауыты төмен тістермен шектелген кетігінде;

  • Алдыңғы топ тістерін толығымен жоғалту кезінде.

Көпіртәрізді протездермен емдеу үшін қойылатын талаптар:

  • Тіс қатарының кетігі бірсызықты болуы тиіс

  • Тіректі тістер ешқандай патологиялық өзгеріссіз,берік болуы;

  • Тіректі тістердің ұзын остері бір-біріне параллель,яғни қисаю бұрышы болмауы;

  • Физиологиялық тістем болғаны дұрыс.

Көпір протезі мыналардан тұрады:

  • тірек элементтері;

  • аралық бөлік.

Аралық бөлік (протез денесі) – тірек элементтері арасында орналасқан протездің бөлігі.
Оның жағдайына байланысты альвеолярлы бөліктің шырышты қабығына қатысты болуы мүмкін:
көбінесе тістердің бүйір бөліктерінде пайда болатын ілулі;висящий
тіс қатарының алдыңғы бөлігінің ақауларын ауыстыру кезінде қолданылатын- касательной ;
кейде металл-керамикалық протездерде қолданылатын седловидный;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет