1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Республикадағы жоғарғы оқу орындарының ашылуы, әдебиет және өнердің дамуы



бет37/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

25.Республикадағы жоғарғы оқу орындарының ашылуы, әдебиет және өнердің дамуы.
Кең-байтақ қазақ сахарасындағы сауат­сыз­дықты жою жөніндегі кезек күттірмес міндет бәрінен бұрын педагог кадрларды қар­қынды түрде даярлауды талап еткендіктен, алғашқы жоғарғы оқу орны педагогикалық бағытта ашылды.1928жылы Тұң­ғыш жоғары оқу Қазақ пе­дагогикалық институты ашылса оған 1935 жылы ұлы ойшыл, ақын Абайдың есімі берілді. Ол бүгінде Абай атындағы Қа­зақ ұлттық педагогикалық университеті деп аталады. Алғашқы кезден бастап оқу орнында сапалы мамандар даярлау үшін оқытушы-профессорлар құрамын бі­лік­ті педагог-ғалымдармен жа­сақтау мәселесі күн тәр­тібіне қойылды. Қазақ хал­қы­ның аяулы перзенттері, ұл­тымыздың мақтаныштары О.Жан­досов, С.Асфендияров, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин инс­титут қабырғасында дәріс беріп, шәкірт тәрбиелеуге бел­сене атсалысты
1929жылы 29 қыркүйекте Қазақ мәлдәрігерлік институты ашылды. Орал,Ақтөбе, Семейде Жоғарғы оқу орындарына түсушілер үшін даярлық курстары ашылды. 1930жылы Алматы ауыл шаруашылығы техникумы базасында Талғар ауыл шаруашылығы институты ашылды. Бұл оқу орны ұйымдастырушысы Ораз Жандосов болды.
1931жылы Қазақ педагогикалық институты өзінің тұңғыш түлектеріне жолдама берді. 1930-31 жылдары Қазақ АКСР үкіметі мен БК б П қазақ өлкелілік партия комитеті мен медицина институтын құру және нығайту мәселесін қараса республикадағы тұңғыш медицина институты 1931жылы ашылып оның директоры болып Санжар Асфендияров тағайындалады.
1932 жыл 9 шілде де 1қазаннан бастап халық ағарту институты базасында Орал педагогикалық институтын ашу туралы қаулы қабылдады. Қазақстанның тау кен және көмір өнеркәсібіне мамандар даярлау үшін 1932 жылы Семей геологиялық барлау техникумының базасында Семей геологиялык барлау институты ашылды.1934 жылы 15 қаңтарда Алматыда Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылады.Семей геогологиялық барлау институты таукен,көмір және металлургия кәсіпорындарына мамандар даярлап үлгермеді сол себепті ол 1934жылы Қазақ тау кен металлургия институты болып құрылып Алматыға көшіріледі. 1934жылы Алматыда коммунистік журналистика институты ұйымдастырылса ол1941 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультеті болып қайта құрылды. 1938жылы күндізгі оқумен қатар сырттай оқу түрі де пайда болды.
1925жылы 18мамырда Қазақстанда пролетар шаруа жазушылардың қазақ ассоциациясын құрылып жаңа социалистік әдебиет жасау ісін қолға алды. 20-жылдардың ортасы мен мен 30 жылдары қазақ әдебиетіне Мүсірепов,Мұстафин,Тәжібаев,Тоқмағамбетов секілді талантты жастар келіп кеңес адамдардарының ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды. 1934 жылғы 12-18 маусым күндері қазақстан жазушыларының I cьезі өтіп онда идеялық тәрбие жүргізудегі қуатты құрал кеңестік әдебиет болуы керек екендігін баса айтылды. Әдебиетте Әуезовтің “Айман -Шолпаны”, “Түнгі сарыны”.Бейімбет Майлиннің “Жалбыр”,Мүсіреповтің “Қыз Жібек” “Қозы Көрпеш Баян Сұлу” танымал болса Жабаевтың шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты.Нұрпейіс Байғанин жаңа өмңр мен кеңес адамдарын эпостық жырларына арқау етті. Жалпы қазақ әдебиетінде проза,драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыған кезең болды.1937-38 жылдардағы қуғын сүргін қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына зиянын тиізді.
Бейнелеу өнері саласында маман кадрлар даярлау ісімен Алматыдағы театр көркемөнер училищесі айналысты. Бейнелеу өнерінде Әбілхан Қастеев есімін ерекше айтамыз. Оның “Садақа жинаған молда” ,”Кәрі байдың құда түсуі”,”Қызды зорлықпен әкету” Қазақстандағы әлеуметтік жағдайды көрсеткен картиналар болды.
Халықтық музыка зерттеле бастады. Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып,“Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” деген жинақтары жарияланды. В. Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР-ның халық артисі атағы берілді.1922 жылы Қарқаралыда халық жыршылар бәйгесі 1924 жылы Москвада өткен халықтар музыкасының концертіне Петропавл педучилищесінің қазақ хоры қатысты. Хорды И. В. Коцых басқарды.

Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы, 1927 жылы Францияның астанасы Париждегі концерттерге қатысып, Батысқа қазақ әнінің құдіретін танытты.


1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды. Оның бастауында Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков тұрды. Театрды дарынды драмашы, режиссер Жұмат Шанин басқарды. Сахнада қойылған алғашқы шығарма М.Әуезовтың “Еңлік Кебек” пьесасы болатын.
Театр өмірінде Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, М.Әуезов пен Л.Соболевтің “Абай пьесаларының қойылуы” үлкен оқиға болды. Әлем әдебиетінің классиктерінен театр Н.Гогольдің “Үйлену” мен “Ревизорын”, В.Шекспирдің “Оттелосын” сахнаға шығарды. Қазақстан үкіметі осындай атаулы табыстары үшін1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын берді. 1930 жылдары Семейде, Ақтөбеде, Шымкенте, Петропавлда, Қарағандыда театрлар ашылды.1933жылы Алматыда  ұйғыр музыкалық драма театры ашылса театрда А. Садыров пен Ж. Асимовтің ержүрек ұйғыр қызын бейнелейтін «Анархан» пьесасы және т. б. қойылды.1933жылы орыс драма театры 1937 жылы Қызылордада корей театры ұйымдастырылды.«Чуп-хиндон » музыкалық драмасы қойылып, көпшіліктің көңілінен шықты.

Кино өнері 1930 жылдардан бастау алды. “Шығыскино” тресінің Алматы бөлімшесі болды.«Востоккиноның» бөлімшесі «Жайлауда», «Түрксіб» сияқты деректі фильмдер мен «Қаратау құпиясы», «Жұт», «Дала әндері» сияқты дыбыссыз көркем фильмдерді түсірді.

1934 жылы хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды. 1938 жылы “Ленфильм” қазақтың бірінші дыбысты фильмі — “Амангелді” картинасын жасап шығарды. 1934 жылғы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды. 1934 жылы сазгер Ахмет Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды. 1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды. Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында Мәскеуді өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде өзінің өсіп, толысқанын көрсетті. Онкүндікте “ Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетілді. Әйгілі әнші Күләш Бәйсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет