1. Зат алмасу және энергия алмасу. Организм үшін зат алмасудың маңызы


Шартты рефлекстердің пайда болуы және көріну заңдылықтары. Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылықтары. Шартты рефлекстердің жіктелуі



бет13/26
Дата08.11.2022
өлшемі85,63 Kb.
#157024
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
физиология рк 5

17. Шартты рефлекстердің пайда болуы және көріну заңдылықтары. Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылықтары. Шартты рефлекстердің жіктелуі.

Шартты рефлекстерінің шартсыз рефлекстерден айырмалары.


1.Шартсыз рефлекстер туа пайда болған, тұқым қуалайды және тұрақты болады. Ал шартты рефлекстер жеке ағзаның тіршілік ету барысында пайда болады, тұқым қуаламайды және онша тұрақты емес.
2. Кез келген шартсыз рефлекс, егер орталық жүйке жүйесі тиісті даму дәрежесіне жетсе, белгілі тітіркендіргішті бірінші рет және бір-ақ рет қолданғанның өзінде-ақ пайда болады. Жаңа туған баланың аузына тамақ түссе, шартсыз рефлекторлық жолмен сілекей ағады. Ал шартты рефлекстер бірден пайда болмайды, олар белгілі жағдайларға байланысты, біртіндеп дасалады.
3. Шартсыз рефлекстің дайын рефлекторлық доғасы бар, ал шартты рефлекстер болу үшін шартты байланыс деп аталатын, ми қыртысында жаңа байланыс орнауы қажет. Сөйтіп, бұрын болмаған жаңа рефлекторлық доға тұйықталуы қажет.
4. Шартсыз рефлекс доғасын рецептор, кондуктор (қозу өткізетін – сезгіш, қозғағыш, аралық нейрондар жүйесі) және эффектор құрайды. Ал шартты рефлекстердің доғасының 1-звеносы – анализатор (тітіркендіру әсерін қабылдап, одан сапалы түйсік тудырады); 2-сі – тұйықтағыш (замыкатель) - өзгергіш келеді, анализатор клеткаларын эффекторды жабдықтайтын жүйке клеткаларымен байланыстыратын жүйке жолы; 3-сі – эффектор.
5. Шартсыз рефлекстерді түрлік деп, яғни бір түрдің барлық өкілдеріне тән деп қарау керек. Ал шартты рефлекстер жануардың жеке басының тіршілік ету барысында пайда болған. Дегенмен, сыртқы ортаның ұзақ уақыт өзгермейтін факторлары бар жағдайда, кейбір жеке тұрақты шартты рефлекстер (көбінесе атадан атаға қайталайтын, особътың (дараның) тіршілік етуінің жас кезінде пайда бодатын рефлекстер), біртіндеп тұқым қуалайтынға, яғни шарттыдан шартсызға айналуы да мүмкін. Бұған мысал етіп құстардың жаңа ғана жұмыртқадан шыққан балапандарының олардың ұясының дірілдеп қозғалуының әсерінен ауыздарын ашуын ала аламыз. Балапанның анасының ұшып келіп ұяға қонуы, ол кезде ұяның дірілдеуі (қозғалып шайқалуы) әр уақытта тікелей балапандардың тамақтануының алдында ьолып отырады. Сөйтіп тез шартты тамақ рефлексі пайда болады. Ал, кейін, біртіндеп бұл рефлекс тұқым қуалацтын, шартсызға ауысты деп есептеуге болады.
6. Шартты рефлекс мидың жоғарғы бөлімдерімен байланысты, ал шартсыз рефлекстердің доғасы мидың түрлі төменгі бөлімдері арқылы да өте алады. Жоғары сатыда ұйымдасқан, үлкен жарты шарлар қыртысы бар жанураларда шартты рефлекстер жасалу үшін мидың осы бөлімінің болуы міндетті. Мысалы: иттердің ми қыртысын алып тастаса, оның шартты рефлекстік әрекеті толығымен тоқтайды. Ит өзінің иесін танымайды, басқа жануардың тұрғанын (тіпті мысықтың да) елемейді, оны сипасан қорғану рефлексімен жауап береді, алдына қойылған тамаққа ұмтылмайды. Сөйтіп, ол сыртқы ортаның түрлі өзгерістеріне бейімделу қабілетін жоғалтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет