1. Зат алмасу және энергия алмасу. Организм үшін зат алмасудың маңызы



бет4/26
Дата08.11.2022
өлшемі85,63 Kb.
#157024
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
физиология рк 5

АДЕКВАТТЫ ТАМАҚТАНУ ТЕОРИЯСЫ
Тамактану молекулалык кұрамды тұрақтандырады және негізгі алмасуға организмнің энергетикалық және пластикалық шығындарының орнын толтырады, жұмысқа және бойдың өсуіндегі шығындарды қайта калпына келтіреді.

  • Қалыпты тамақтану өмірлік маңызды, асқазан - ішек жолдарынан нутриенттердің бір ғана ағымымен емес, нутритивтік және реттегіш заттардың бірнеше ағымдарымен байланысты.

  • Метаболизмдік және қоректендіруші қарым - қатынастағы ассимиляцияланған организм организм үстілік ретінде қарастырылады.

  • Ішектерінің микрофлорасынан түзілген организмнің эндоэкологиясы бар.

  • Қоректік заттардың балансы, жаңа заттардың, соның ішінде алмастырылмайтындардың синтезінің салдарынан, қоректік заттар құрылымдарынан нутриенттердің босап шығу нәтижесінде, куысты және мембраналык ас қорытудың арқасында ферменттік ыдырау нәтижесінде қол жеткізіледі.

4. Энергия алмасу, ағзаның энергия шығынын анықтау. Негізгі алмасу.
Тағамның құрамындағы күрделі ағзалық заттар ыдыраған кезде едәуір мөлшерде энергия бөлінеді. Ферменттердің қатысуымен күрделі ағзалық қосылыстардың ыдырауы кезінде энергия бөлінетін реакциялардың жиынтығы энергетикалық алмасу дейді. Энергетикалық алмасуды кейде диссимиляция деп те атайды. Соңғы кезде катаболизм сөзі жиірек қолданылады.
Энергетикалық алмасу кезінде бөлінген энергияның 30%-ы қоршаған ортаға жылу күйінде таралады. 60-70%-ы жасушадағы митохондрияларда қор ретінде жиналады. Ағзаның жұмсаған энергиясының мөлшері белгілі бір уақыт аралығында бөлінген жылудың мөлшерімен есептеледі. Жұмсалған энергия джоульмен, калориямен өлшенеді. 1 ккал 4,19 кДж-ға тең. 1 калория дегеніміз — 1 грамм суды 1°С көтеруге қажетті жылу мөлшері. Энергияны өлшеу бірлігі - джоуль (Дж).
Энергетикалық алмасу кезіндегі ағзалық қосылыстардың ыдырауы тамақтың қорытылуы және тынысалу арқылы жүзеге асады. Тамақтың қорытылуы кезінде күрделі ағзалық қосылыстар қарапайым қосылыстарға дейін ыдырайды. Тынысалу кезінде қарапайым қосылыстар оттегінің қатысуымен тотығып, одан химиялық энергия бөлінеді. Бөлінген энергия дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, бұлшыкеттердің жиырылуына, ішкі мүшелердің жұмысына жұмсалады. 
Ересек адамдар орташа есеппен тәулігіне 7117 кДж энергия жұмсайды. Олай болса, ағзаға тәулігіне 7117 кДж энергия бөлінетін құрамында ағзалық заттары бар тағам пайдаланылғаны дұрыс. Адамның энергия жұмсауы орындайтын жұмысына, көңіл күйіне, мамандығына және т.б. жағдайларға байланысты. 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін 1 кг дене салмағына тәулігіне орташа 210- 270 кДж энергия жұмсалады.
Энергетикалық алмасу үш кезеңнен тұрады. Бірінші - дайындық, екінші - оттексіз, үшінші - оттекті кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет