№1 зертханалық ЖҰмыс циклді қосылыстар және олардың туындыларын синтездеу сабақтың мақсаты



Pdf көрінісі
бет6/45
Дата29.04.2024
өлшемі1,54 Mb.
#201530
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
лаб.ЦҚОХ-АБ-2

8.
Бензолдың жануы 
Бір тамшы бензолды шыны таяқшаға тамызып спирт шамының жалынына апарады. Бензол 
жалындап және күшті ысталып жанады. Метанның жануымен салыстырыңыздар. 
 
Бақылау сұрақтары 
1. Қандай қосылыстар ароматты деп аталады? 
2. Бензолдың құрылымдық формуласы қандай? 
3. Бензол сақинасының тұрақтылығын не түсіндіреді? 
4. Ароматты көмірсутектерді алу үшін қандай табиғи шикізат қолданылады? 
5. Ароматты көмірсутектердің негізгі химиялық қасиеттері қандай? 
6. Бензолды, гександы және гексенді химиялық қасиеттері бойынша қалай тануға болады? 
7. Нитробензолдағы электрондық тығыздықтың таралу сызбасын жазыңыз. Нитро тобының 
енгізілуі бензол сақинасындағы электрон тығыздығына қалай әсер етеді? 
8. Бензол ядросында орынбасу ережесін қысқаша тұжырымдаңыз. 
9. 210 кг циклогександы платина катализаторының үстінен 350-450
о
С-да өткізу кезінде
теориялық шығымы 85% болса қанша кг бензол алынды? 
10. Бензой қышқылды натрийден бензол алу сызбасын жазыңыз. 
11. Хлоробензол бензолға қарағанда электрофильді орынбасу реакциясына қиынырақ түседі. 
Мұны қалай түсіндіруге болады?
 
 
№2-2
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС 
Бензолды галогендеу 
Студент жұмыс барысында орын басу реакциясының бір түрімен танысады. 
Катализатордың қатысымен галогендеу, бірнеше изомерлерді бір-бірінен қайнау температурасы 
және сыну көрсеткіші арқылы органикалық заттарды анықтау әдістерін меңгереді. Бромбензолды 
катализатордың темір ұнтағының, болмаса (AlCl
3
; FeCl
3)
қатысуымен бензолды бромдау арқылы 
алады. Катализатордың рөлі қандай? Монобромбензолмен қатар аз мөлшерде о- және п-
дибромбензолдар алынады. Неліктен мұндай изомерлер синтезделеді? 
Br
2
Br
FeCI
3
+ HBr
 
Реакция ерекшеліктері: 
Жұмыс тартпа шкафта жасалады. Броммен жұмыс істегенде сақтық шараларды ұмытпау керек. 
Бөлгіш воронканы алдын ала тексеру керек.
Реактивтер: 
Бензол – 6,6 г (7,5 мл); бром – 10,4 г (13,4 мл); темір ұнтағы – 0,3 г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет