Өнім бөлініп, фарфор шыныаяқта бірнеше рет қайнаған сумен жуылады.
Бұл жағдайда
нафталин қалдықтары су буымен айдалады. Балқытылған нитронафталин қатты араластырылған
кезде бір стақан суық суға жұқа ағынмен құйылады. Кішкентай шарлар түрінде қатып қалған өнім
сүзіліп, ауада кептіріледі. Нитронафталин құрғағаннан кейін шығымы анықталады.
Теориялық
шығым 86%.
α-Нитронафталинді этил спиртінен қайта кристалдану арқылы тазартады. Қайта
кристалданғаннан кейін түскен кристалдар сүзіледі, кептіріледі. Содан кейін балқу температурасы,
ерігіштігі анықталады және ЖҚХ жүргізіледі. Алынған мәліметтер
теориялық мәліметтермен
салыстырылады. α-нитронафталин- сары кристалдық өнім т.балқу 60°С. этанолда, эфирде,
хлороформда, ацетонда ериді.
Хроматография:
адсорбент: Сорбфил, элюент: ацетон-петролейн эфирі –
бензол-метанол-
аммиактың сулы ерітіндісі (концентрлі) (100:200:50:2). α-нитронафталин ацетон ерітіндісіне
ерітіледі R
f
=0,8.
Достарыңызбен бөлісу: