№1 зертханалық ЖҰмыс циклді қосылыстар және олардың туындыларын синтездеу сабақтың мақсаты



Pdf көрінісі
бет4/45
Дата29.04.2024
өлшемі1,54 Mb.
#201530
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
лаб.ЦҚОХ-АБ-2

 3. Ароматтық құрылымға реакция 
Реактивтер мен жабдықтар:
 
хлороформ − 1 мл; толуол – 7-8 тамшыға дейін; сусыз 
алюминий хлориді − 0,25 г, пробирка. 
Құрғақ, таза пробиркаға 5-6 тамшы құрғақ хлороформ, 7-8 тамшы толуол және бір шөкім 
сусыз алюминий хлоридін салады. Пробирканың ішіндегісін 6-8 рет қарқынды шайқайды және 
пробиркаға арналған штативке орналастырады. 1-2 минутқа дейін әр түрлі реңктердің түсі пайда 
болады да, ол кейіннен қоңыр түске айналады. 
Болған өзгерістерге сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз. 
4.
Галогендеу 
Р е а к т и в т е р :
бензол, толуол, бромның төрт хлорлы көміртегіндегі ерітіндісі, темір, 
алюминий ұнтағы. 
Қ ұ р а л - жабдықтар:
пробиркалар, спирт шамы, лакмус қағазы, мензурка 
1. Екі пробиркаға бензол мен толуолдан 1 мл кұйып, оған төрт хлорлы көміртегіндегі бром 
ерітіндісінен 1 мл қосады. Аздан соң толуолы бар пробиркадағы ерітіндінің түсі баяу өзгере 
бастайды, ал бензолы бар пробиркада ешқандай өзгеріс байқалмайды. Қоспаны 
қайнағанша қыздырсақ, бензолы бар пробиркада тағы да өзгеріс байқалмайды, ал толуолы 
бар ерітіндінің түссізденуі арта түседі. 
Бензол кәдімгі жағдайда және жоғары температурада бромданбайды, ал толуол жоғары 
температурада броммен реакцияға түседі. Бұл жағдайда негізінен бромды бензил С
6
Н
5
СН
2
Вr 
түзіледі: 
CH
3
Br
2
CH
2
Br
Бөлінетін бромсутекті ылғалданған лакмус қағазымен анықтауға болады. Бромды 
бензилді анықтау үшін ерітіндіде сағат шынысына бірнеше тамшы тамызып, буландырады. 
Алғаш толуол толық буланады, одан соң өткір иісті бромды бензил бөліне бастайды. 
2. Ароматты көмірсутектерінің бромдануына катализатордың әсері көп. Ол үшін үш 
пробиркаға 2 мл бензол, үш пробиркаға толуол құйып, әр қайсысына 3 мл бром ерітіндісін 
қосады. Бензол мен толуолы бар пробирканың біреуіне катализатор ретінде темір үнтағын, 
екіншісіне алюминий ұнтағын салып, ал үшіншісін катализатор қоспай салыстыру үшін қоямыз. 
Катализатор қосылған пробиркаларда реакция активті жүреді, ал қыздырсақ, реакция өте тез 
жүріп, бромсутектің бөлінуі арта түседі. 
Катализатор қатысында бензолдың бромдануы нәтижесінде бром бензол және о-
бромбензолмен п-бромбензолдың қоспасы түзіледі. 
Катализатор қатысында толуолдың бромдануы бензол сақинасында жүреді. Қыздырғанмен 
ешқандай бромды бензил түзілмейді, тек п-және-о-бром толуол түзіледі. 
п-және о-бромтолуолдың түзілгендігін, алынған реакция өнімдерін буландыру аркылы 
анықтауға болады. Булану нәтижесінде сағат шынысында аромат иісті өнімдер о- және п-
бромтолуол қалады. 
Тәжірибе барысында реакция жылдамдығына катализатор табиғатының да әсері бар екеніне 
көз жеткізуге болады. Алюминийі бар пробиркада реакция едәуір активті жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет