Бақылау сұрақтары: 1. Хлорциклогексанлды синтездеу жолын түсіндіріңіз
2. Циклогексанон және оның 2,4-динитрофенилгидразонын қалай алады?
3.Реакция барысында адипин қышқылының молекуласынан бір көміртек атомының қайда
кететінін түсіндіріңіз.
4. Нонациклопентінің келесі реагенттермен әрекеттесуі кезінде не болатынын көрсетіңіз: а)
бром; б) гидроксиламин; в) 2 экв. калий гидроксиді болған кезде бензальдегид. Реакция
теңдеулерін жазыңыз.
№2-1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС АРОМАТТЫ КӨМІРСУТЕКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ 1.
Бензол алу. Реактивтер: Бензой қышқылы мен КОН (ұнтақ).
Құрғақ пробиркаға бензой қышқылы мен КОН қоспасын салып аузын газ жүретін түтігі бар
тығынмен мықтап тығындап, штативке аузын төмен қаратып көлбеу орнатады. Газ жүретін
түтіктің екінші ұшын суы бар пробиркаға батырады. Қоспасы бар пробирканы қыздырған кезде
бөлініп шыққан түссіз май тәрізді өзіне тән иісі бар сұйық екінші пробиркадағы су бетіне жинала
бастайды. Байқаған өзгерістер мен құбылыстарға қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеуін
жазыңдар.
Ескерту: Қоспасы бар пробирканы алдымен ақырын соңынан қатты қыздыру керек.
2. Стирол алу Стирол -жоғары молекулалық өнімдер алу үшін өнеркәсіпте кеңінен қолданылады-
Химиялық құрылымы бойынша ароматты және қанықпаған көмірсутек.
Оны келесідей жолмен алады: полистиролды 320 °C дейін қыздырған кезде ол ыдырап
стирол түзіледі.
Реактивтер мен жабдықтар: полистирол-1,5-2,0 г. пробирка ұстағыш, газ жүретін түтігі
бар пробирка; спиртовка; сыйымдылығы 100 мл стақан; колба – қабылдағыш.
Газ шығаратын түтігі бар пробиркаға ұсақталған полистирол салынады
Пробирканы пробирка ұстағышта бекітеді және спиртовка жалынында орташа қыздырады.
Полистирол біртіндеп жұмсарады, содан кейін ыдырайды. Стирол булары газ шығаратын
түтікке конденсацияланады, оның бос ұшы стакандағы суық судағы екінші пробиркаға салынады.
Тәжірибе полистиролдың толық ыдырауына дейін жүргізілмейді, әйтпесе өнім басқа
заттармен қатты ластанған болады. Таза стирол алу үшін алынған стиролды 140 -145°С-қа дейінгі
температурада айдайды.
Алынған стирол түссіз, ерекше иісі бар. Ол қос байланыстарды анықтау және полимерлеу
реакциялары үшін қолданылады.
Тәжірибе бойынша реакция теңдеулерін жазыңыз.