Бензолдың әрбір бөлігін қосқан сайын колбаның аузын шыны түтікше кигізілген тығынмен
тығындап шайқайды. Егер колба қатты қызып кетсе оны сумен салқындатады. Колбаны қоспа бір
текті болғанша 5-7 минут қозғайды. Сонан соң қоспаны салқыңдатып, колбаға 10-15 мл су қосады.
Түзілген нитробензол колбаның түбіне түседі.
Реакция теңдеуін жазыңыздар.
7 . С у л ь ф и р л е у
Р е а к т и в т е р
: Бензол, толуол, ксилол, концентрлі күкірт қышқылы.
Қ ұ р а л ж а б д ы қ т а р
: пробиркалар, мензурка, сулы жылытқыш, спирт шамы.
Бензол, толуол, ксилолдан үлкен пробиркаға 1 мл құйып, олардың үстіне 3 мл
концентрациялы күкірт қышқылын қосады. Қоспаны су жылытқышта қыздырады. Бензолы бар
қоспаны бензол ұшып кетпейтіндей байқап қыздыру керек (бензолдың қайнау
температурасы 80,1° С).
Толуол мен ксилол күкірт қышқылында біртіндеп ериді. Екі пробиркадағы қоспа толық
еріген кезде, су жылытқыштан үшеуін де алып, пробирканың сыртынан салқын сумен
салқындатып, әр қайсысына 10-15 мл суық су құяды. Бензол бар пробиркада бензол су бетіне
шығады, ал толуол мен ксилол сульфоқосылыстар түзу нәтижесінде, біртіндеп ыдыстың түбіне
шөгеді. Толуол мен ксилолдың сульфирленуі метил радикалына байланысты. Ол бензол
сақинасындағы пара- және орто- жағдайдағы сутегінің, қозғалғыштығын арттырады. Соның
нәтижесінде толуол мен ксилол
п-о
-толуол немесе ксилол сульфоқышқылдарын түзеді. Ал
бензол концентрациясы өте жоғары қышқылда аз да болса, сульфирленеді, бірақ толуол мен
ксилолға қарағанда сульфирлену өте баяу жүреді.
Реакция теңдеулерін жазыңыздар?
Достарыңызбен бөлісу: