11-сынып жаратылыстану-математикалық бағыт «Қазақ тілі» пәні 2-тоқсан бжб



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі18,91 Kb.
#199571
  1   2   3
Байланысты:
11-сынып қазақ тілі БЖБ 2-тоқсан
4. Этапы этнокультурной интеграции тюркоязычных этносов Централь, Семинар, марапаттар оқушылар мен мұғалімдер 22-2023

11-сынып жаратылыстану-математикалық бағыт
«Қазақ тілі» пәні 2-тоқсан БЖБ
«Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты:
11.2.4.1 - әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс - қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
11.4.3.1 - белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай білу(образды - эстетикалық).
Бағалау критерийі:

  • әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға арналған қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;

  • белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдаланады: көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу сөздерді сұрыптай білледі(образды - эстетикалық).

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану, талдау


Орындау уақыты: 20 минут


А мәтіні
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, профессор Мұфтах Диаров Каспий теңізіндегі экологиялық ақыр заман жайлы ғылыми түйін айтты.  Мұфтах Диаровтың пікірінше, қарт Каспий адамзатты таразының тезіне салып, «ал таңдауыңды өзің жаса!» деп тұрғандай.Өкінішке орай, адамзат өкілі «қара алтынды» есепсіз өндіруде. Енді ашуына мінген Табиғат- Ананың да: «Жарайды, ашкөз адам, құрып біткен миллиардтаған биологиялық қордың кегін сенен алмай қоймаспын, әлемдік көлемдегі апатты көргеніңде ғана бәлкім санаң оянар!» - деген қарғысын айтар кезі алыс емес деп жазады ғалым.
Академик Мұфтах Диаров: «Ерте ме, кеш пе Каспий теңізі айлағының қазақстандық бөлігінде апатты мұнай-газ тастандыларының таралатыны анық. Сонда көгілдір теңіз қоршаған ортаның оңалмастай болып бұзылған алып стационарлық бөлігіне айналады.Ең қорқыныштысы да сол, алда-жалда апат бола қалған күннің өзінде, оны ауыздықтай салысымен, теңізден мұнай өндіру ісі жалғаса бермек. Өйткені әңгіме миллиардтаған доллар пайда туралы болып отыр емес пе?!»-дейді ғылыми сараптауының соңында академик Мұфтах Диаров.
https://www.azattyq.org/a/Kazakhstan_atyrau_caspian_teniz_/2078578.html
Ә мәтіні
Әуелі жапан даланы кезіп көшпенді барлаушылар жүреді мұнараларын сүйретіп. Егер бұрғысы Жер-Ананың тұңғиық терең қабаттарындағы ғылыми атауы сан-сапат мұнай не газ көлінің үстінен дәл түссе, онда барлаушы-геологтардың жолы болып, құдайы берді дей беріңіз. Енді олардың орнына мұнай мен газды Жер-Ананың құрсағынан жарыққа шығарушы мұнайшылар келеді. Ақ сағымда жүзіп жүрген аққу-қаздардай әсер беретін ақшаңқан қазандарына құйған қоймалжың сұйықтарын өлшеп–пішіп өнімдерін мұнай айдаушыларға, яғни мұнай тасымалдаушыларға тапсырады. Ал олар су жолымен, темір жолмен, құбыр жолымен мұнайды өмірге қажет әртүрлі атауға ие сұйықтыққа айналдыратын өңдеушілерге (зауыттарға) жөнелтеді. Зауытыңыз – тұтынушыларға.
Жер-Ананың қойнына тығылған қай байлығы да адамның қолымен өңделіп, одан өзге кескін-кейіпке түсіп барып адамзаттың қажетіне жаратылады емес пе?! Қызық, ә?!
Айтуар Өтегенов
1-тапсырма.
Берілген екі мәтінннің тақырыбын, мақсатты аудиториясын, құрылымын, автор - көзқарасын, стилі мен жанрын салыстыра талдаңыз






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет