11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама


Халықаралық зерттеулерге қатысу дайындығы



бет28/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Халықаралық зерттеулерге қатысу дайындығы
туралы анықтама
Қазан, 2023 жыл

2023-2024 оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес, мектеп директорының 01.09.2023ж №172-ө бұйрығы негізінде, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша бақылау жүргізілді.


Бақылау мақсаты:
Халықаралық зерттеулерге қатысу дайындығы, МОДО


TIMSS 4-ші және 8-ші сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім беру сапасын мониторингтік зерттеу. TIMSS тәуелсіз халықаралық зерттеу болып табылады және төрт жылдың ішінде бір рет өткізіледі. Бағалауға қатысатын баланың жасы 15 жас 3 айдан – 16 жас 2 ай аралығында болуы тиіс. Сонымен қатар, қай сынып оқығаны маңызды емес. «Зерттеудің мақсаты – бастауыш және негізгі мектеп оқушыларының жаратылыстану және математикалық дайындығының сапасын бағалау. Зерттеуге төртінші және сегізінші сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері, төртінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысады. Оқушылар тестілеу мен сауалнамадан өтеді. Ата-аналар, әкімшілік және мұғалімдер арасында сауалнама жүргізіледі. TIMSS зерттеуі 2023 жылдан бастап компьютерлік форматта өткізіледі.
ББЖМ-ның қатысушылары 4 және 9 сынып оқушылары. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығына сәйкес ББЖМ жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын үлгі бойынша жүзеге асырылады. Мысалы, мониторингке үйде денсаулығына байланысты немесе ұзақ емделуге мұқтаж балаларға, сондай-ақ тестілеу сәтінде белгілі себептермен жоқ тұлғалардан басқа барлық оқушылар қатысады.
Мониторинг білім алушыларды сауаттылықтың үш бағыты бойынша тестілеуден тұрады: оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми. Тест тапсырмаларының саны, мазмұны мен нысаны, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағаттар саны МЖМБС сәйкес тесттің ерекшелігімен айқындалады.
Іс-шаралар жоспары жасалып, зерттеулерге қатысатын оқушылар тізімі анықталды. Пән мұғалімдері мен ата-аналардың бірлескен жиыны өткізілді. Пән мұғалімдері пәндер бойынша тапсырмалар материалдарының базасын құрып, жинақталды. Оқушыларды жауап карталарын дұрыс толтыруға және уақытты тиімді пайдалануға үйретуде түсініктер берілді. Мектеп психологі оқушыларымен психологиялық тренинг өткізіп, сауалнама алынды.
Мектепте 4 сыныпта 26 оқушы, 9 сыныптарда 31 оқушы бар.
ББЖМ-ға дайындық сабақтар кестесі қойылған. Сонымен қатар, информатика пәні мұғалімдері, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері оқушыларды ноутбукпен, компьютермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруда қосымша дайындық сабақтарын жүргізуде.
4 сынып оқушылары оқу сауаттылығы бойынша тапсырмаларды салыстырмалы түрде дұрыс орындағанын көрсетіп тұр. Жалпы орташа балл максималды 10 балдан 6,03 құрады, бұл тапсырмаларды орындаудың 60,0%-на тең. Ал, математика (ең жоғары 12 балдан 6,38 балл) және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы (ең жоғары 8 балдан 4,46 балл) бойынша төмен нәтиже көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет