Оқу жұмыс жоспарының Үлгілік оқу жоспарына
сәйкестігі туралы анықтама
Тамыз, 2023 жыл
2023-2024 оқу жылында мектепте білім беру процесін іске асыру кезінде келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылуда:
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
2. «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
3. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын үлгілік оқу жоспарлары таңдап алынды, оның ішінде:
Бастауыш білім беру деңгейі бойынша:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 18 тамыздағы №264 бұйрығына 1-қосымшасы;
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 18 тамыздағы №264 бұйрығына 4-қосымшасы /арнайы сынып/
Негізгі орта білім беру деңгейі бойынша:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығына 6-қосымша;
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығына 9-қосымша /үйден оқыту/;
Достарыңызбен бөлісу: |