11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама



бет40/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Ағылшын тілі аптасына 2 рет сабақ кестесі бойынша дүйсенбі, сәрсенбі күні. Ағылшын тілі бойынша тақырыптық-күнтізбелік жоспар жеңілдетілген бағдарлама бойынша құрылып бекітілген. Оқушыдар оқу кітабы бар пәнге арналған дәптер және сөздік дәптері басталған. Ата-анамен байланыс дәптері жүргізіледі. Бөлім бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау уақыты жоспармен жүргізіледі.
Бектас ағылшын тілінін әліпбиін толық білмейді, кейбір әріптерден шатасады, бүгін қайталау жұмыстары болса келесі сабақта ұмытып қалуы мүмкін. Кітап жаттығу жұмыстарын мұғалімнің көмегімен орындайды дәптерге көшіре алады.Сөздік жұмыстарында көшіріп жаза алады. Тақырыптық видеоларды көрсетіп қазақ тілінде қойған сұрақтарға жауап береді. Өмірмен байланысты сұрақтарға да ойланып жақсы жауап береді.
Ағылшын тілі бойынша ата-анасы балаға көп көмек бере алмайды, үй тапсырмасын орындауға қиналады. Берілген суреттерді бояйды, түрлі түсті қарандашпен жұмыс жасай алады. Сабақта көңіл күйі жақсы отырады, сұрағы болса сұрақ қояды. Ынталандырғанды мақтауды жақсы көреді.
Қазақ тілі аптасына 2 рет сабақ кестесі бойынша сейсенбі, бейсенбі күндері, қазақ әдебиеті аптасына 2 рет сабақ кестесі бойынша сәрсенбі, жұма күні. Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жеңілдетілген бағдарлама бойынша құрылып бекітілген. Оқушыда оқу кітабы бар пәнге арналған дәптер және көркем жазу дәптері басталған. Ата-анамен байланыс дәптері жүргізіледі. Бөлім бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау уақыты жоспармен жүргізіледі.
Бектас қазақ тілінен әліпбиді толық біледі, бірақ кейбір әріптерден шатасады. Сөздерді буынға бөліп оқығанда қиналады, мәтінді мұғалімнің көмегімен ғана оқиды. Сондықан көбіне аудио арқылы тыңдайды. Өткен тақырыпты ұмытып қалуы мүмкін. Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын мұғалімнің көмегімен орындайды, тапсырмаларды дәптерге көшіре алады. Тақырыпқа қатысты қойған сұрақтарға жауап береді, мысал келтіре алады. Өмірмен байланысты сұрақтарға да ойланып жауап береді.
Пән бойынша ата-анасы балаға көп көмек бермейді, үй тапсырмасын орындауға қиналады. Көп жағдайда үй тапсырмасын орындамай, келесі сабаққа дайын отырмайды. Дәптерге баспа жазумен жазады. Көркем жазуға қиналады. Көшіріп жазуда, тапсырманы орындауда жай қимылдайды.
Математика пәні сабақ кестесі бойынша аптасына 3 рет, дүйсенбі, сейсенбі, жұма күндері. Оқу жылының басында математика пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жеңілдетілген бағдарлама бойынша құрылып бекітілді. Оқушының математикадан оқу кітабы бар, пәнге арналған дәптер және оқу тапсырмаларын орындауға арналған дәптері басталған. Ата-анамен байланыс дәптері күнделікті жүргізіледі. Бөлім бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау жоспар бойынша жүргізіліп отыр.
Бектас математика пәнінен көбейту кестесін толық білмейді, сандарды таниды. Қосу, азайту амалдарын орындай алады, бірақ бөлу амалынан қиналады. Бүгінгі өткен тақырыптарды келесі сабақта ұмытып қалуы мүмкін. Кітапта берілген жаттығу жұмыстарын мұғалімнің көмегімен орындайды, дәптерге көшіре алады. Тақырыптық видеоларды көрсетіп, қойған сұрақтарға жауап береді. Өмірмен байланысты сұрақтарға да ойланып жауап бере алады.
Математика пәні бойынша ата-анасы балаға көп көмек бермейді, үй тапсырмасын орындауға қиналады. Берілген суреттерді бояйды, түрлі түсті қарандашпен, фломастермен жұмыс жасай алады. Сабақта көңіл күйі жақсы отырады, сұрағы болса сұрақ қоя алады. Мақтағанды, мадақтауды ұнатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет