11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама



бет54/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Ұсыныстар: 1. Жас маман тәлімгер жұмысын жандандыру.
2. Сабақ барысында әр түрлі платформалар пайдалану
3. Белсенді әдіс-тәсілдер пайдалану.
4. Тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысу


Қысқа мерзімді жоспарлардың құрылу сапасын зерделеу мақсатында жүргізілген мектепішілік бақылау анықтамасы

Білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – оқушыларға терең білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады.


Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім.
Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді
2022 жылдың 17-21 қаңтар аралығында қысқа мерзімді жоспарлардың құрылу сапасын зерделеу және әдістемелік көмек беру мақсатында тақырыптық бақылау жүргізілді. Бақылау тобы құрылып, жұмыс жоспары жасалынды. Жұмыс жоспарына сәйкес 17-21 қаңтар аралығында барлық пән мұғалімдерінің күнделікті сабақ жоспары тексерілді.
Тексеру барысында анықталғаны
Көркем еңбек пәні мұғалімі Жанысбаев М- қысқа мерзімді жоспары күнтізбелік –тақырыптық жоспарға сәйкес келеді. Сабақ мақсаты оқу мақсатымен сәйкес келеді. Қмж 472 бұйрыққа сәйкес жасалған. Қысқа мерзімді жоспар көптеген түзетулерді қажет етеді. Жаңа тақырып түсіндірілмеген. Тапсырма берілмеген. Топта 5-6 оқушы бар алайда қысқа мерзімді жоспарды 3 топқа бөліп қойған. 5 бала топқа бөліне ма деген сұрақ туындайды. Сабақ жоспарында әдіс-тәсілдер қолданылмаған, пайдаланылған әдістер мақсатқа сай емес.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Абдельданова А- қысқа мерзімді жоспары 472 ші бұйрыққа сәйкес жасалған. Тапсырмалар нақты сабақ мақсатына сәйкес жасалған. Тапсырмаларға сәйкес критерий , дескрипторлар ұсынылған, бағалау жүйелі жүргізілген.
Асемова Г- қысқа мерзімді жоспары күнтізбелік –тақырыптық жоспарға сәйкес келеді. Сабақ мақсаты оқу мақсатымен сәйкес келеді. Тапсырмаларға сәйкес критерий, дескрипторлар ұсынылған.
Орыс тілі пәні мұғалімі Абдельданова Ж- қысқа мерзімді жоспары 472 ші бұйрыққа сәйкес жасалған. Тапсырмалар нақты сабақ мақсатына сәйкес жасалған. Сабақ мақсаты оқу мақсатымен сәйкес келеді. Сабақтың мақсатына жету үшін тапсырмалары толықтыруды қажет етеді.
Даулетханова У - оқу мақсаттары дұрыс емес. Психологиялық ахуал (қол шапалақтау) жас ерекшелігіне сәйкес келмейді. *** белгісі көрсетілген. Ол нені білдіреді??? Бағалауды жүйелі жүргізу керек. Дескриптор ұсынылған алайда қай тапсырмаға берілгені белгісіз.
Бастауыш сынып мұғалімі Сембаева Ж- оқу мақсатына сабақ мақсаты сәйкес келеді. Тапсырмалар сабақ мақсатына сәйкес келеді. Бағалау жүйелі жүргізілген. Сабақта белсенді әдістер қолданылған бірақ түрлендіруді қажет етеді.
Алтынбекова Н- қысқа мерзімді жоспары 472 ші бұйрыққа сәйкес жасалған. Тапсырмалар нақты сабақ мақсатына сәйкес жасалған. Тапсырмаларға сәйкес критерий , дескрипторлар ұсынылған, бағалау жүйелі жүргізілген.
Козыбаева Ш- Сабақ жоспары талапқа сай жасалған. Мақсатқа сәйкес тапсырмалар ұсынылған. Тапсырмаларға критерий , дескрпитор берілген. Бағалау нақты көрсетілген. Алайда сабақ жоспарында ФЦ, МТ белгілері көрсетілген, ол нені білдіретіні белгісіз.
Қазақ тілі пәні бойынша Дарқанова А-сабақ мақсаты оқу мақсатына сәйкес келеді. Сабақтың барлық кезеңдері орынымен сақталған. Сабақ мақсатына сәйкес тапсырмалар берілген, бағалау жүйелі жүргізілген.
Нурмуханова С- тапсырмалар сабақ мақсатына негізделіп жасалған, бағалау жүйелі жүргізілген. Сабақ мақсаты оқу мақсатына сәйкес келеді.
Информатика пәні мұғалімі Байжукенова А- сабақ мақсаты дұрыс емес. Тапсырмалар мақсатқа байланысты емес. Сабақта пайдаланылатын әдістерді түрлендіру қажет. Сабақта АКТ пайдалану
Математика пәні мұғалімі – Асылбаева А. Сабақ жоспары барлық талаптарға сай жасалған. Сабақ мақсаты оқу мақсатына негізделген. Тапсырмалар нақты және сабақ мақсатына жетуге бағытталған. Оқу тапсырмасы берілмеген.
Салкеева Ш- сабақ мақсаты оқу мақсатына негізделіп жасалған. Тапсырмалар мақсатқа жетуге бағытталған. Бағалау жүйелі жүргізілген. Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдер қолданылған.
Тарих пәні мұғалімі Ақжолова М- сабақ жоспары талапқа сай құрылған. Белсенді әдістер пайдаланылған және олар сабақ мақсатына жетуде ұтымды алынған. Тапсырмалар нақты және түсінікті ұсынылған.
Қазіргі заман талабына сай өсіп келе жатқан жеткіншек технологияларды кеңінен пайдалануға бейім екені баршамызға аян. Сондықтан оқушы қызығушылығын сабақтың тиімділігін арттыру үшін және жалпы болашақ қоғамға бейім құзыретті өкілдерді тәрбиелеу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғанымыз жөн. «Сұранысқа сәйкес ұсыныс болуы тиіс» дегендей, заманның сұранысына қарай, талабына сай мұғалімдер де жұмыстануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет