Ынталандырушы ақша-несие саясатының ұлттық табысқа әсері.Егер мемлекет ұлттық табысты ұлғайтуды мақсат етсе, онда ол ақша ұсынысын көбейтуі мүмкін. Ақша ұсынысының артуы LM қисығын төмен (оңға) LM1-ге жылжытады. Тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесінен ауысады. Нәтижесінде пайыз мөлшерлемесі R1-ден R2-ге төмендейді, ал ұлттық табыс Y1-ден Y2-ге көбейеді. Сөйтіп ақша ұсынысының артуы пайыз мөлшерлемесін төмендетіп инвестицияны ынталандырады. Бұл жағдай тауарлар мен қызметтерге сұранысты кеңейтеді. Мұны «кенстің беріліс механизмі» деп атайды (11-сурет).