11-тақырып нарықтардың Өзара әрекеттесуі. Is-lm моделі. Мақсаты



бет2/8
Дата07.02.2022
өлшемі323,39 Kb.
#95550
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
107656456359 11 дәріс IS LM үлгісі
балалар психол.емтихан сұрақтары.
Тақырыптың мазмұны.
AD-AS үлгісі мен Кейнс кресінде пайыз мөлшерлемесі сыртқы (экзогендік) айналымы болып табылады және тауар нарығының тепе-теңдігіне тәуелсіз бола отырып, ақша нарығында өздігінен орнайды. IS-LM үлгісі арқылы экономиканы зерттеудің мақсаты осы ақша нарығы мен тауар нарығын бір жүйеге келтіру. Соның нәтижесінде нарықтық пайыз мөлшерлемесі ішкі (эндогендік) айнымалыға айналады және оның шамасы тек ақша нарығындағы үрдістерді ғана емес, сондай-ақ тауар нарығындағы жағдайларды да сипаттайды.
Біріктірілген қос тепе-теңдік үлгісін, яғни тауар нарығы мен ақша нарығында бір мезгілде орнайтын тепе-теңдікті алғаш рет неокейнстік мектептің өкілі, Нобель сыйлығының лауреаты Джон Хикс 1937 жылы «Мистер Кейнс және классиктер» деген еңбегінде ұсынды. Ал 1949 жылы, сол мектептің тағы бір өкілі Элвин Хансеннің «Ақша теориясы және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке тарады, соған байланысты Хикс-Хансен үлгісі деген атқа ие болды.
IS-LM үлгісі (инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – экономиканың нақты және ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер нарығы мен қаржылық активтер нарығының экономикалық тепе-теңдігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдіктің орнауы үшін қажетті табыс көлемі (Y) мен нарықтық пайыз мөлшерлемесі (R) арасындағы үйлесімділікті табуға мүмкіндік береді. Сондықтан да IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.
Үлгінің ішкі айнымалылары – Y (табыс), С (тұтыну), І (инвестиция), n (таза экспорт), R (пайыз мөлшерлемесі).
Үлгінің сыртқы айнымалылары – G (мемлекеттік шығындар), MS (ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).
Қысқа мерзімді кезеңде бағаның атаулы және нақты шамалары сәйкес келеді, жиынтық табыс (Y) пен пайыз мөлшерлемесі (R) айнымалы болып табылады.
Ұзақ мерзімді кезеңде баға деңгейі өзгермелі, Мs (ақша ұсынысы) өзгермелі шама, ал үлгідегі басқа да айнымалылар нақты шама болып табылады.
IS-LM үлгісі:

  1. игіліктер мен ақша нарықтарының өзара байланысын және өзара тәуелділігін көрсетуге;

  2. осы нарықтардың жекелеген тепе-теңдіктерін қалыптарсыруға және біріктірілген тепе-теңдігін де қалыптастыруға әсер ететін факторларды анықтауға;

  3. осы нарықтарда орын алатын тепе-теңдіктің өзгеруінің экономикаға әсерін қарастыруға;

  4. фискалдық және монетарлық саясаттардың тиімділігін талдап көрсетуге;

  5. жиынтық сұраныстың функциясын салуға және оған әсер ететін факторларды анықтауға;

  6. экономикалық циклдің әртүрлі фазаларына сәйкес тұрақтандыру саясатының жолдарын талдап көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен, IS-LM үлгісі кейнстік тұрпаттағы үлгі болып табылады, экономиканы қысқа мерзімді кезеңде қарастырады және жиынтық сұраныстың қазіргі теориясының негізгі қызметін атқарады.

IS қисығы (инвестициялар-жинақтар) игіліктер нарығының тепе-теңдігін сипаттайды және сол игіліктер нарығында туындайтын нарықтық пайыз мөлшерлемесінің R және табыс деңгейі Y арасындағы өзара қатынасты бейнелейді.


IS қисығын құру үшін:

  1. жиынтық шығындар үлгісі;

  2. автономдық жоспарланған шығындардың пайыз мөлшерлемесіне деген тәуелділік функциясы негіз болады.

IS қисығын инвестиция мен жинақтау функциялары арқылы құруға болады. IS қисығының бойындағы кез келген нүкте жинақтау мен инвестицияның тепе-теңдігін көрсетеді.
1-суретінде жинақтау функциясы бейнеленген, табыстың (өндіріс көлемінің) Y1-ден Y2-ге көбеюіне байланысты жинақтар S1-ден S2-ге өседі.
2-суретінде инвестиция функцисы бейнеленген, жинақтау функциясының өсуі пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-ге азайтады, ал инвестиция I1-ден I2-ге өседі. Бұл жағдайда I1=S1 I2=S2 болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет