11-тақырып нарықтардың Өзара әрекеттесуі. Is-lm моделі. Мақсаты


-сурет. Ақша-несие саясатының әсері Ынталандырушы бюджет-салық саясатының әсері



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі323,39 Kb.
#95550
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
107656456359 11 дәріс IS LM үлгісі

11-сурет. Ақша-несие саясатының әсері

Ынталандырушы бюджет-салық саясатының әсері. Мемлекеттің бюджет-салық саясаты, мәселен, шығындарды көбейтуі немесе салықтарды төмендетуі IS қисығын оңға жылжытады. Тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ауысады. Нәтижесінде ұлттық табыс Y0-ден Y1-ге көбейеді. Ұлттық табыстың өсуі ақшаға деген сұранысты арттырады. Ақшаға сұраныстың артуы пайыз мөлшерлемесінің R1-ден R2-ге дейін өсуіне әкеледі. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі инвестицияны қысқартады. Сөйтіп ынталандырушы бюджет салық саясаты пайыз мөлшерлемесін өсіріп, инвестицияның бір бөлігін ығыстырады. Мемлекеттік шығындардың көбеюі салдарынан пайыз мөлшерлемесі өсіп, оның инвестицияға әсер етуі «инвестицияны ығыстыру әсері» деп аталады. Егер ығыстыру әсері болмаса, онда мемлекеттік шығындардың өсуі немесе салықтардың төмендеуі нәтижесінде ұлттық табыстың артуы Y0 – Y2 мәніне тең болар еді. Бірақ ығыстыру әсері салдарынан ұлттық табыстың өсуі тек Y1 – Y2 мәніне ғана тең болады (12-сурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет