11-тақырып нарықтардың Өзара әрекеттесуі. Is-lm моделі. Мақсаты


-сурет. Ақша нарығы 8.-сурет



бет5/8
Дата07.02.2022
өлшемі323,39 Kb.
#95550
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
107656456359 11 дәріс IS LM үлгісі

7-сурет. Ақша нарығы 8.-сурет. LM қисығы

Ақша ұсынысының (МS) ұлғаюы немесе баға деңгейінің төмендеуі LM қисығын оңға қарай жылжытады.


Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік жағдайы IS және LM қисықтарының қиылысқан нүктесінде (R0 Y0) орнайды.

9-сурет. IS-LM қисығы

Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік деңгейіне сәйкес келетін жиынтық сұраныс көлемі тиімді сұраныс деп аталады.


Жиынтық сұраныс қисығын IS-LM үлгісі негізінде құруға болады. Ақша ұсынысы тұрақты, ал баға деңгейі өсті деп есептейік. Онда нақты ақша қалдықтары кемиді, LM қисығы LM(Р1)-ден LM(Р2)-ге жылжиды. Y-P графигіне екі Y1P1 жәнеY2P2 тепе-теңдік нүктелерін түсіру арқылы АD қисығын орнатуға болады (10-сурет).

10-сурет. IS-LM үлгісі арқылы жиынтық сұраныс қисығын алу
Баға деңгейінің Р1-ден Р2-ге көтерілуі нақты ақша қалдықтарының көлемін азайтады. Бұл жағдай LM қисығын солға жылжытады.
Нақты ақша қалдықтарының қысқаруы пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-ге көтерілуіне әкеледі. Соған байланысты инвестиция көлемі азайып, салыстырмалы түрде таза экспорт (Хn) қысқарады. Нәтижесінде өнім көлемі Y1-ден Y2-ге азаяды.
Мемлекеттік шығындардың молаюы, салық деңгейінің төмендеуі немесе ақша ұсынысының өсуі, жиынтық сұраныс қисығын оңға жылжытады. АD қисығының өзгерісі IS және LM қисықтарына әртүрлі әсер етеді. Бұл жағдай ынталандырушы ақша-несие және бюджет-салық саясаттарын сипаттайды.
IS-LM үлгісі ақша-несие және бюджет-салық саясаттарының қысқа мерзімдегі өзгерістерінің ұлттық табысқа әсер етуін талдау ұшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет