11-тақырып нарықтардың Өзара әрекеттесуі. Is-lm моделі. Мақсаты


-сурет. Инвестиция функциясы 2-сурет



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі323,39 Kb.
#95550
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
107656456359 11 дәріс IS LM үлгісі
балалар психол.емтихан сұрақтары.
1-сурет. Инвестиция функциясы 2-сурет. IS қисығы

3-суретте IS қисығы берілген, пайыз мөлшерлемесі төмендеген сайын, табыс деңгейі (жиынтық сұраныс) жоғары болады және керісінше.


IS қисығының бойымен жылжу игіліктер нарығында тепе-теңдіктің сақталуы үшін пайыз мөлшерлемесі өзгергендегі ұлттық табыстың қалай өзгеретіндігін көрсетеді.
Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа да факторлар (G, T) әсер еткенде IS қисығы оңға немесе солға жылжиды. Мысалы, егер кез келген пайыз мөлшерлемесінің деңгейінде мемлекеттік шығындар өсетін болса, онда жиынтық сұраныс көбейеді. Мұндай жағдайда IS қисығы оңға қарай жылжиды, керісінше, берілген пайыз мөлшерлемесі кезінде қолда бар табыстың төмендеуі жиынтық сұранысты төмендетеді, ал IS қисығы солға қарай жылжиды.
IS қисығын Кейнс кресінің үлгісі арқылы да көрсетуге болады.
4-суретте инвестиция функциясы көрсетілген. Пайыз мөлшерлемесінің R1-ден R2-ге өсуі жоспарланған инвестицияны I(R1)-ден I(R2)-ге азайтады.
5-суретте Кейнс кресі көрсетілген. Жоспарланған инвестицияның I(R1)-ден I(R2)-ге азаюы ұлттық табыс деңгейін Y1-ден Y2-ге қысқартады.
6-суретте IS қисығы пайыз мөлшерлемесі мен ұлттық табыс арасындағы өзара байланыс нәтижесі түрінде берілген.
LM қисығы (өтімділік-ақшалар) ақша нарығының тепе-теңдігін сипаттайды, яғни ол ақшаға деген сұраныс (алдымен қолма-қол ақшалардың абсолюттік өтімділігінің белгілерімен шартталған) пен ақша ұсынысының теңдігі болып табылады. LM қисығының графигі ақша ұсынысының (МS) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың (ұлттық табыстың) арасындағы байланысты көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет