Омыртқа жотасы



Дата19.06.2021
өлшемі24,05 Kb.
#114992
Байланысты:
Омыртқа жотасы
комп вирус, информ тест, инфекция ОСД, бездер тест физио, matematikalyқ-sayys-prezentatsiya-7-8-synyp

Омыртқа жотасы - 33-34 омыртқадан түзілген адам қаңқасының негізгі тірегі, оның 24-і жеке, ал қалғаны біріккен немесе жалған омыртқалар болып саналады. Жеке жатқан омыртқалар өзара омыртқааралық шеміршектер, буындар және сіңір байламдары арқылы жалғасқан. Олардың өздеріне тән ерекшеліктері де болады. Жалған омыртқаларға өзара бірігіп кеткен сегізкөз және құйымшақ сүйектері жатады.
Жеке омыртқалар саны 24, әрбір жеке омыртқаның алдыңғы толық келген жерін омыртқа денесі, артқы жағынан омыртқа тесігін қоршай жатқан бөлігін доғасы, ал доғасынан айнала шығыңқы жерлерін өсінділері, олардың артқақарап жатқан тақ өсіндісін арқа, ал екі бүйірінде жатқанын көлденең өсінділері дейді. Бұлардан басқа омыртқалар аралығын буындастырып жатқан жоғары және төменгі буын өсінділері бар. Олар да жұп болып келеді. Омыртқа тесіктері бір-бірімен бірігіп, жұлын жататын омыртқа өзегін түзеді. Омыртқа боғасы мен денесінің қосылар жерінде төменгі және жоғарғы ойындылары болады. Бұл ойындылар омыртқалардың байланысы нәтижесінде омыртқааралық тесіктер түзеді. Жұлын жүйкелері мен қан тамырлары осы тесіктерден өтеді.
Мойын омыртқшіарының жалпы көлемі кішкентай арқа өсінділері қысқа, ұштары айыр келеді. Көлденең өсінділердің негізінде тесік болады. Олар арқылы омыртқа артериясы миға өтеді. Осы ерекшеліктері арқылы мойын омыртқаларын басқа омыртқалардан ажыратуға болады.
VI мойын омыртқаның көлденең өсіндесінің алдыңғы жағындағы бұдырға жанаса ұйқы артериясы миға өтеді. Қанды тоқтатарда төмпектің тұсынан тамырды басу керек. Мойын омыртқа басқа омыртқалардан көбірек қозғалады. Жұлын тесігі кең, пішіні үш бұрышты. Мойын омыртқалардың ішінде I және II омыртқалардың құрылысы ерекше. Сол себептен I мойын омыртқаны ерекше атпен атлант, ал II мойын омыртқаны эпистрофейдейді.
I мойын омыртқаның тесігі үлкен болғандықтан ауыз омыртқа деп те атайды. Ауыз омыртқаның денесі арқа өсіндісі болмайды. Оның орнына алдыңғы, артқы доғасы және бүйір бөліктері болады. Бұл омыртқаның денесі ұрықтың даму кезеңінде II мойын омыртқаға көшіп, тіс тәрізді өсіндісін түзеді. I мойын омыртқаның II омыртқамен және шүйде сүйегімен байланыса-ын бірнеше буын беттері болады. Жоғары жағында кебіс тәрізді буын ойысы шүйде сүйегімен, төменгі жағындағы буын беті II мойын омыртқамен жалғасады. Ал атланттың алдығы доғасының іш жағындағы буын беті II мойын омыртқаның тіс өсіндісімен буынды байланыс жасайды. I мойын омыртқа бастың шүйде сүйегімен бірге екінші мойын омыртқаның тіс өсіндісімен айналмалы қозғалысқа келіп отырады. Осы буынды байланыстар арқасында басты оңға-солға бұруға, алға-артқа июге болады. II мойын омыртқаның ерекшелігі болып саналатын тіс тәрізді өсіндісі, оның үстіңгі екі бүйір беліміндегі буын беті үстіңгі омыртқамен, астыңғы жағында жатқан буын беті астыңғы омыртқамен жалғасады. Мұның арқа өсіндісі қысқа, екі айырлы. VII мойын омыртқаның арқа өсіндісі өте ұзын, сол себепті оны омыртқа деп те атайды. Бұл өсіндісін мойынның арт жағынан ұстап, тері астынан байқауға болады. Сондықтан осы омыртқадан төмен қарай санау жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет