Көз жеткізу арқылы ықпал етудің күшті және осал жақтары
Ең бірінші осал жағы - өте нашар немесе бәсең екендігі белгісіздігі, екіүштылығы. Сонымен бірге ықпал етудің бұл формасы бірақ рет әсерін тигізеді.
Артықшылығы көз жеткізу арқылы әсер ету кезінде ұйымдардағы адамдар берілген тапсырманы дәл, тиянақты, бұлжытпай, тиімді орындайды, бұл жұмысты басшының бақылауысыз жасайды, себебі жұмысшының жеке басының қабілеттілігі осы жұмыстың тиімділігі бойынша барлық басқарудың иелерінде насихатталып жарияланады.
Еңбеккерлерді басқаруға тарту арқылы ықпал ету кезінде басшы бағыныштыға ықпал етуі үшін ешқандай қиналмайды. Басшы орындаушының күш жігерін белгілі бір бағытқа бұрып, ақпараттармен еркін алмасуды қамтамасыз етеді. Басқаруға бірлесіп қатысқан басшы мен бағыныштылардың арасында ауызбірлік болуы керек.
4. Лидерлік теориясына шолу
Басшы шешім қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып қарауындағы адамдардың жұмысын бақылаған кезде ол өзінің міндетіне лайық әрекет етеді. Бұл жағдайда әр бір басшы оның басшылық стилін айқындайтын басқару үрдісінде өзіне тән әдіс-әрекетімен өзіндік ерекшелікпен көрінеді. Барлық жағынан ұқсас екі адамның болмайтындығы сияқты, бір-бірінен айнымайтын басшылық стиліде болмайды. Басшылық стилі басшылармен бағыныштылардың араласуымен олардың өзара қарым-қатынасымен, бүкіл еңбек ұжымның ықпалымен қалыптасады.