Стиль ұжымдағы әлеуметтік қатынастардың бүкіл бір тұтастық қалыптасқанымен, ол белгілі дәрежеде басшыға да байланыс болады, өйткені шаруашылықпен тәрбие жұмысының табиғи байланысын тәжірибеде жүзеге асыратын тек басшы ғана. Оның қызметінің жемісті болуы көптеген күрделі факторлар арқылы анықталады.
Басшы еңбегінің тиімділігін істің қорытындысымен ғана өлшеуге болады. Басшының еңбегін, оның шығарған өнімі, қабылдаған шешімі және барлық уақытта дерлік оны қабылдауға кеткен уақыты көрсетіп бере алмайды. Сондықтан басшының өндірісті басқарудағы еңбегін, оның шешімді қабылдауға жіберген уақытымен емес, ақырғы нәтижесін есептеп объективті бағалау қажеттігі туады.