Лидерлік - бұл жеке адамдар немесе бір топта адамдарға әсер ету қабілеті және оларды белгілі бір мақсатқа жету үшін жұмыс үрдісі болып табылады.
Бихевиорист ғалымдар лидерліктің тиімді қолданудың үш тәсілін атап көрсеткен:
1) жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсіл;
2) тәртіптілік тәсіл;
3) жағдайлық тәсіл.
Жеке адамдардың лидерлік теориясымен келісілген немесе әйгілі адамдар теориясы жағынан қарастырғанда, басқарушылардың таңдаулары жеке адамдардың барлығына қатысты қасиеттерге ие болғандары анықталған. Бұл ойды жетілдіре отырып, былай атап көрсетуге болады: егер адамдар бұл қасиеттерді өз ойларында таба білсе, онда олар бұл қасиеттерді тәрбиелей алар еді және осы мен бірге тәжірибелі жетекші бола алар еді.