Біліктілікті арттыру курстары бойынша
курс жетекшісінің есебінің үлгісі:
1.Біліктілікті арттыру курсының мерзімі, тақырыбы, тыңдаушылар категориясы
2.Біліктілікті арттыру курсының мақсаттары мен міндеттері, күтілетін нәтиже
3. Жоспар бойынша тыңдалған лекциялар мен өткізілген практикалық сабақтардың мазмұнының талдауы
4.Тыңдаушылардың кіру және шығу сауалнамалары нәтижелерінің талдауы
5. Тыңдаушыларға сипаттама беру
6 Практикалық жұмысқа талдау жасау (мақсаты, міндеті, білім беру ұйымына сипаттама, тыңдаушылардың іс-әрекеті, нәтиже)
7. Жалпы қорытынды, ұсыныстар мен нұсқаулар
- Қазақстан Республикасында педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүйесін жаңарту елімізде білім сапасын арттырудың және оны халықаралық білім кеңістігіне кіріктірудің басты шарты ретінде педагогтардың кәсіби деңгейі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру қажеттілігінен туындаған.
Оқу бағдарламасын құру 1Курстың аты
Курстың аты мазмұнына сай болу керек. Курстың аты оқу бағдарламасын нақты және дәл ашып, ұйымның атауына сай келуі керек.
2 Бағдарламаның жалпы сипаттамасы
2.1.Оқытудағы анықталған сұраныстар
2.2.Оқу бағдарламасының мақсаттары
2.3.Мақсатты аудитория
2.4.Сабақ кестесі және мерзімі
2.5.Оқыту әдістемесі
2.6.Оқу материалдары
2.7.Өткізілетін орны және қосымша құралдар
2.8.Тренер
2.9.Бағдарламаның координаторы
2.10.Ұйымнан курсқа қатысушылар
2.11.Тренингтік іс-шаралар
3.Оқу бағдарламасының мазмұны
3..1.
4.Оқу нәтижесін бағалау әдістемесі
4 .1.Корпоративтік бағалау
4.2.Жекелей бағалау
4.3.Тыңдаушылардың бағалауы
4.4.Тренердің бағалауы
Аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттің жылдық
жұмыс жоспарының құрылымының үлгісі
1.Өткен оқу жылын қорытындылау және жаңа оқу жылына жұмыс жоспарлау.
2. Педагогикалық жетістіктердің көрсеткіші.
3.Кадрларды аттестацияға дайындау.
4 Мұғалімдердің біліктілік сапасының диагностикасы.
5.Пән мұғалімдерінің эксперименттік әдістемелік –зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
6.Ашық іс-шараларды дайындау.
7.Дарынды балалармен жұмыс жүргізу бағдарламасы мен іс-шаралар жоспарлары.
8.Мұғалімдердің білім жетілдіру курстарын ұйымдастыру.
9.Пәндік байқауларды ұйымдастыру.
10.Оқу-тәрбие жұмысына жаңа әдістер мен технологияларды енгізу.
11.Мұғалімдерге кәсіптік қолдау мен ақыл кеңес ұйымдастыру.
12.Оқу-тәрбие барысын қорытындылау.Мониторинг жасау.
Педагог кадрлар біліктілігін үздіксіз арттыру кезеңдері
1.Педагогикалық диагностика негізінде әлеуметтік тапсырыс пен кәсіби сұранысты зерттеу.
2.Бірінші кезең негізінде оқытудың мазмұны ,формасы мен әдістерін анықтау.
3.Білімді қабылдау, меңгеруді ұйымдастыру.
4.Алған білім, қалыптасқан біліктілікті дамытуға байланысты іс-әрекеттер.
5.Меңгерген білім, біліктілікті үйлестіру және тәжірибеде қолдану.
6.Алған білімді іс жүзіне асыру барысында пайда болған сұранысты қанағаттандыру
Жаңарған білім мазмұны жағдайындағы әдістемелік қызметтің негізгі бір түрі- жас мұғалімдермен жұмыс жүргізу.Ұжымға келген жас мұғалімді қабылдау, оған ұжымның дәстүрлі жұмыс бағытын таныстыру, маман ретінде атқаратын міндеттерін нақты түсіндіру, оның кәсіби біліктілігін жетілдірудегі жылдық, тоқсандық жоспарларын бірлесіп жасау, жас маманға өз жұмысының нәтижесі негізінде алғашқы күн, алғашқы апта, алғашқы ай, алғашқы тоқсан, алғашқы жыл жайында алған әсерлері бойынша ой толғау немесе презентация жасауға көмектесу.
Аудандық әдістемелік кабинетте жас мұғалімдер мектебін ұйымдастырып, тұрақты түрде өткізіп тұру- аудан мұғалімдерін сапалы мамандармен толықтырып отырудың бір жолы.
Жас мұғалімдер мектебінің мақсаты :
-жас мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыруға қажеттілік тудыру.
Жас мұғалімдер мектебі жұмысын жоспарлауда олардың кәсіби деңгейлерінің әр түрлілігін (1,2,3 деңгей бойынша) ескеруіміз керек.
Мерзімі
|
Деңгейі
|
Атқарылатын жұмыс түрлері
|
Қыркүйек
|
1
|
Тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды әзірлеу жөнінде практикум
|
Қазан
|
2
|
Дөңгелек үстел :» Жақсы мұғалім болу жолдары.»
|
1
|
Психологпен кездесу :
Қарым-қатынас жасау педагогикалық проблема ретінде.
|
2
|
Тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысу арқылы қарым-қатынас тәсілдерін меңгеру.
|
Қараша
|
1
|
Жаңа материалды меңгерту сабақтарын ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерді таңдай білу жөнінде практикум
|
Желтоқсан
|
3
|
Проблемалық оқыту әдістемесі
|
Қаңтар
|
1
|
Бекіту және жинақтау сабақтарын жобалау практикумы
|
Ақпан
|
1
|
Білімді бақылау және бағалау сабақтарын құрастыру практикумы
|
|
2
|
Психологпен кездесу: «Педагогикалық такт. Конфликттік жағдайлардан шығудың жолдары мен тәсілдері.»
|
Наурыз
|
1
|
Оқытудың интерактивтік әдістері
|
1-3
|
Әдістемелік күн. «Жас мамандардың сабақтарында оқушылардың ойлау және танымдық әрекеттерін арттыру жағдайы»
|
Сәуір
|
1
|
Оқытудың дәстүрлі емес формаларын қолдану . Ашық сабақтарға қатысу және талдау.
|
Мамыр
|
1-3
|
Жас мұғалімдер мектебі жұмысының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел:
«Мамандығым –мақтанышым».
|
Нәтижеге бағытталған білім беру үлгісі және оқитын ұйым тұжырымдамасы шеңберінде жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіби өсуін ұйымдастыруға және технологиялық тұрғыдан жүзеге асыру мәселелеріне, біліктілікті арттыру жүйесіне арналған «Кәсіби тұрғыдан өсіру мақсатында оқыту үлгілері»атты еңбекте(авторлары А.Ә.Жайтапова, З.Ә.Исаева, В.Т.Тихомирова, А-2004ж.) жас мұғалімдер мектебінің жұмысының нәтижесін бағалайтын бірнеше сұрақтар мен тапсырмаларды пайдалануға болады:
-Өзіңіз орындайтын қызмет түрлерінің (жұмыс салаларының)тізімін жасаңыз.
-Сіздің былтырғы жылғы негізгі жетістіктеріңіз қандай?
-Жұмысыңызда сізге не жеңілірек, ал не қиынырақ? Неліктен деп ойлайсыз?
-Жұмысыңызға қандай факторлар кедергі жасайды?
-Өзіңіздің болашақтағы кәсіби өсуіңізді қалай елестетесіз?
-Алдағы жылы кәсіби тұрғыда неге қол жеткізуді көздейсіз?
-Өз-өзіңізді дамыту арқылы қол жеткізгіңіз келетін үш басты мақсатыңызды жазыңыз.
-Өз мақсаттарыңызға жету үшін өз-өзіңізді дамытудың жеке жоспарын жасаңыз.
Жас мұғалімдер мектебіндегі оқытудың негізгі мақсаты-ұйым жұмысының тиімділігін арттыру. Жас мұғалімдер мектебі жұмысының нәтижелі болуы оған қатысушылардың өзін-өзі дамыту тұлғалық және ұйымдастырушылық өсу үшін оқып-үйрену тәсілі ретінде екендігін, оқуға деген қажеттіліктерін талдау және бағалай білуге тікелей байланысты.
Курсаралық жұмыстар ретінде бірнеше әдістемелік жұмыстар ұйымдастыруға болады. Соның бірі әдіскерлердің методологиялық семинарларын өткізіп, оның тиімділігін зерттеу. Әдістемелік семинардың тиімділігін, қажеттілігін зерттеу түрлері: семинар соңында әртүрлі бағытты қамтитын сауалнамалар алу, тест жүргізу, тренингтер өткізу, семинардың өткізілуі туралы ой толғау жазғызу, семинар жұмысын бағалату, әдіскерлердің семинарлардан алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу деңгейлерін анықтау мақсатында тапсырмалар беру және т.б.
Әдіскерлердің методологиялық семинарларына ұсынылатын
тақырыптар:
Әдіскерлердің жұмысын жоспарлау
Кабинеттегі құжаттармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Әдіскердің ғылыми-әдістемелік жұмысы,статьялар мен баяндамалар жазуы
Білім беру ұйымдары мен педагогикалық қызметкерлердің іс-тәжірибелерін зерттеудегі әдіскердің жұмысы
Курстық іс-шаралардағы(әзірлеу және өткізу) жұмыс
Курстық іс-шараларды өткізу кезіндегі диагностикалық жұмыстары
Әдіскер жұмысының мониторингі
Нормативтік –құқықтық құжаттармен жұмыс
Басқа мекемелермен ынтымақтастық ұйымдастыру
12 жылдық мектептің ерекшеліктері
Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
Білім беру ұйымдары жұмыстарын зерттеуді ұйымдастыру,жаднама құрастыру
Конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру және өткізу
Байқаулар мен конкурстарды өткізу
Тәжірибелік-сынақ жұмыстарын ұйымдастыру
Аналитикалық есептер құру(атқарылған жұмыстар бойынша)
Педагогикалық қызметкерлер үшін кеңестер өткізу
Қазіргі сабақ. Сабақты талдау және өзіндік талдау
Мұғалімнің әдістемелік бірлестіктегі жұмысын ұйымдастыру
Педагогикалық қарым-қатынас тәсілдері
Оқулықтармен жұмысты ұйымдастыру
Жаңа буын оқулықтарының концепциясы ,оқулықтардың техникалық сцецификациясы
Әдіскердің өз бетімен білім алуын ұйымдастыру
Жаңа педагогикалық технологияларды ендір.
Кәсіптік мектептерде оқу-тәрбие процесінұйымдастыру
Әдіскердің имиджін қалыптастыру тәсілдері
Әдістемелік жұмысты нәтижеге бағыттауда апта сайын кабинет жұмысының қорытындысын шығарып отырудың және де алдағы аптада атқарылатын жұмыстардың орындалу мүмкіндігін ескерудің, әдістемелік кабинеттің жұмыс кестесін сақтаудың мәні зор.
Әдістемелік кабинеттің(орталықтың) жұмыс кестесінің үлгісі:
Апта күндері Жұмыс түрлері
Дүйсенбі Ұйымдастыру жиналысы
Сейсенбі Нормативтік құжаттармен жұмыс
Сәрсенбі Әдіскерлерге арналған оқу семинарлары
Бейсенбі Әдістемелік шеберлікті жетілдіру бағытындағы
жұмыстар
Жұма Семинарлар,конференциялар,авторлармен
кездесулер ұйымдастыру
Әдістемелік кабинет (орталық) кеңесінің отырысы - тоқсанына бір рет.
Әдістемелік семинарлар өткізу --- айына бір рет
Ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша есеп ---тоқсанына бір рет
Білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызметтің негізгі бағыттары
1.Ақпараттық аймақта:
- аймақтық ақпараттық педагогикалық жүйенің және педагогикалық ақпараттардың мәліметін құру.
2.Диагностикалық – болжау аймағында:
-БА бойынша педагогикалық кадрлар сұранысының диагностикасы;
-басшылар мен мұғалімдердің ақпараттық сұраныстарының диагностикасы.
3.Білім беру мазмұны аймағында:
-жалпы орта білім беретін мектептердің оқу жоспарларын меңгертуді қамтамасыз ету;
-ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын зерттеу бағытында педагогикалық кадрлармен жүргізілетін жұмыстар;
-педагогикалық білім беру ұйымдарына даму режиміне көшуде әдістемелік көмек беру;
-жаңа білім беру мазмұнын ендіруді әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз ету;
-білім беру ұйымдарын жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялармен таныстыру және оларды білім беру ұйымдарына ендіруге көмек беру.
4.Инновациялық және эксперименттік аймақта:
-инновацияны сынақтан өткізу;
-тәжірибелік-сынақ жұмыстарын ұйымдастыру;
-инновациялық білім ұйымдарының педагогикалық кадрларымен әдістемелік
жұмыстарды ұйымдастыру.
5. Біліктілікті арттыру аймағында:
-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
-әдістемелік жұмыс қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру;
-шағын жинақталған мектептердің педагогикалық ұжымына арналған БА курстарын ұйымдастыру.
6. Аттестация аймағында:
-педагогикалық кадрларды аттестациялауға қатысу;
-білім беру ұйымдарын аттестациялауға қатысу.
7.Коммерциялық қызмет аймағында:
- ақылы білім беру қызметін ұйымдастыру.
№ 1 қосымша
Қазақстан Республикасы жалпы және кәсіптік
білім беру жүйесіндегі білім беру ұйымдарының
қызметкерлерімен жүргізілетін
әдістемелік жұмыс туралы
е р е ж е
Қазақстан Республикасы «Білім туралы»
Заңын жүзеге асыруға қатысты
құжаттар жинағынан
Әдістемелік жұмыс- бұл әрбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп басшысының, білім беру жүйесінің басқа да қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігі мен біліктілігін жан-жақты арттыруға, жалпы алғанда, педагогикалық ұжымның ілімдік потенциалын арттыру мен дамытуға, нақты айтқанда, оқу- тәрбие үдерісін жетілдіруге, нақты оқушылардың білімін, тәрбиесін және дамуын тиімді дәрежеге жеткізуге бағытталған өзара байланысты іс-шаралардың (педагогтардың өз бетімен білім алуын, өзін-өзі тәрбиелеуін, жетілдіруін басқару шараларын қоса) ғылым мен озық педагогика жетістіктеріне, оқу-тәрбие үдерісінің нақты талдауына негізделген біртұтас жүйесі.
Әдістемелік жұмыс-педагогикалық кадрлардың, идеялық, ғылыми-ілімдік кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін арттыру жөніндегі жүйелі ұжымдық, топтық, жеке жұмыстардан тұратын кешенді және шығармашыл үдеріс. Ол оқу-тәрбие үдерісін басқарудың, мұғалімдерді жоғары мәдениетті, өз жұмысының сапасы мен нәтижесіне талап қойғыш етіп тәрбиелеудің маңызды құралдарының бірі болуы тиіс. Оның стратегиялық бағыттарының бірі-оқушылардың, тыңдаушылардың танымдық, ойлаушылық қызметін жандандыратын, терең және берік білім, білік, дағды қалыптастыратын оқытудың рационалды және нәтижелі әдістерін тәжірибе жүзінде шығармашылықпен игеру.
Әдістемелік жұмыс –үздіксіз білім беру мен аралық оқытудың ажырамас құрамды бөлігі , білім сатысы оқуы аралығындағы жұмыстар.
Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары және мазмұны
1. Мектептегі, аудандағы(қаладағы), облыстағы әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары оқу-тәрбие жұмысының талдау жүйесі, диагностика негізінде анықталады және ғылым, техника, технология жетістіктерін және жұмыстың жергілікті жағдайларын есепке ала отырып, мектепке, білім беру бөліміне(басқармасына) қойылатын қазіргі заман талаптарына бағытталған.
2. Әдістемелік жұмыстың мазмұны анықталынған бағыттармен, нақты белгіленген мақсаттар мен міндеттермен анықталады. Ол ең алдымен заңды және нормативті құжаттармен танысудан; оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын, әдістемелік нұсқауларды , оқытудың және сыныптан тыс , мектептен тыс пәндік және тәрбиелік жұмыстың қазіргі технологиялары мен әдістерін оқып үйренуден; жаңашыл және озық тәжірибемен , ондағы озық ойларды шығармашылықпен қолдана білумен, менеджменттің міндеттері және ойларымен, жаңғыртумен, инновациямен танысудан тұрады.
Әдістемелік жұмыста оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және мұғалімге , білім беру ұйымына тәжірибелік көмек көрсетуге бағытталған алуан түрлі әдістемелік жұмысты дайындап , өткізу және аудан көлеміндегі білім беру үдерісінің мониторингі маңызды орын алады.
Жұмыс түрлері
Ұжымдық: пәндік, циклдық, проблемалық, әдістемелік бірлестіктері, конференциялар, семинарлар, педагогикалық оқулар, шығармашылық кездесулер, шығармашылық лабораториялар т.б.
Топтық: шығармашыл , зерттеу, сынақтан өткізу т.б.
Жеке өзіндік : ұстаздық ету, кеңестер беру, кәсіби жағынан машықтандыру, өз бетімен білім алу.
Әдістемелік жұмыстың құрылымы
1 . Мектепте: қазіргі заман талаптары мен жолдарына сай оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында мұғалімдер мен барлық педагогикалық ұжымның оқыту қызметінің мониторингі негізінде мектеп Жарғысымен белгіленеді.
2. Ауданда (қалада): білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің біліктілігін
көтеру және оларды қайта даярлау оқу орындары туралы Үлгі Ережемен, осы Ережемен анықталады
Жұмыстың ұйымдастырушылық түрлері
Мектептегі және мектепаралық әдістемелік бірлестіктер , (кафедралар) пән мұғалімдеріне, 1-4 сынып мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне, мектепке дейінгі мекеме мен мектеп-интернат тәрбиешілеріне арналып құрылады. Бірлестік отырыстары әр тоқсанда бір рет немесе қажет жағдайда өткізіледі.
Мектептегі әдістемелік бірлестіктер сол мектепте бір пән бойынша 3 мұғалімнен аз болмаған жағдайда құрылады. Басқа жағдайларда пәнаралық, мектепаралық бірлестіктер құрылады.
Аудандық әдістемелік бірлестіктер пән мұғалімдеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектепке дейінгі мекеме мен мектеп-интернат тәрбиешілеріне, мектеп кітапханашыларына арнап құрылады. Бірлестік отырыстары жылына екі-үш рет өткізіледі.
Ауданда біріктірілген сыныптардан тұратын шағын комплектілі мектептер болған жағдайда біріктірілген сынып-комплектілердің мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі құрылады.Бірлестік отырыстары жылына екі-үш рет өткізіледі.
Біршама пәндерді шет тілдерде оқытатын шет тілдері мұғалімдері үшін мектепте әдістемелік бірлестік (кафедра) құрылады, оның жұмысын білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын институттардың ғылыми-әдістемелік орталықтары басқарады.
Әдістемелік жұмысты жоспарлау
Әдістемелік бірлестіктің жоспары диагностика, талдау, бақылау жүйесінің негіздері және мұғалімдердің , тәрбиешілердің біліктілігін арттыру жұмыстарын саралау және даралау міндеттері негізінде бір жылға құрылады, оны директор бекітеді. Мектептен тыс әдістемелік бірлестіктер жоспарын аудандық (қалалық)білім беру бөлімі (басқармасы) бекітеді.
Әдістемелік жұмысты басқару
Мектептегі әдістемелік бірлестікті тәжірибесі мол, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтар ішінен 1 жылға сайланған(тағайындалған) жетекші басқарады.
Есеп берудің немесе басқаша ақпарат берудің мерзімі мен түрлерін құрылымды бөлімше басшылары белгілейді.
Әдістемелік жұмысты директор басқарады, ал бұл жұмыстың бағытталуы мен бақылауы –директордың орынбасарларының міндетінде.
Әдістемелік бірлестік жұмысына жетекшілік ету және үйлестіру үшін мазмұны бойынша педагогикалық кеңес жұмысын қайталамайтын әдістемелік кеңестер құрылуы мүмкін.
Аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттер (орталықтар) туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
Аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет (орталық) аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің (басқармасының) бөлімшесі болып табылады.
Әдістемелік кабинеттің(орталықтың) Өкілетті мекемесі-аудандық (қалалық) білім беру бөлімі.Әдістемелік кабинет (орталық) өз жұмысын Өкілетті мекеменің тікелей басшылығымен және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін көтеретін және оларды қайта даярлайтын облыстық институттармен келісе отырып іске асырады.
Әдістемелік кабинет(орталық) Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының 27 шілде 2007 жылғы «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Президентінің нормативті, құқықтық актілеріне, Өкілетті мекеменің бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес қызмет істейді
Әдістемелік кабинет (орталық) педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын және оларды қайта даярлайтын облыстық институтпен бірге білім қызметкерлерінің біліктілігін көтерудегі ұйымдардың қажеттілігін анықтайды, сөйтіп аудан (қала) көлемінде мониторингті іске асырады.
Әдістемелік кабинет (орталық) білім беру ұйымдары қызметінің сипаты мен ерекшелігіне қарай аудандардағы(қалалардағы) әдістемелік бірлестіктердің саны мен бағытын анықтайды, педагогикалық кадрлардың біліктілігін үздіксіз көтеретін және оларды қайта даярлайтын жүйеде білім сатысы оқуы аралығындағы жұмыстарды жүзеге асырады.
2.Аудандық (қалалық)әдістемелік кабинет (орталық)
қызметінің негізгі бағыттары
Кабинет (орталық) жұмысының негізгі бағыттары:
1) Аудандағы (қаладағы) жалпы және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.
2) Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын енгізуге және ұйымдастыруға қажетті жағдайлар туғызу.
3) Білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінің мониторингі.
4) Білім беру технологияларын игеруде, оқытудың белсенді әдістерін қолдануда педагогикалық ұжымдарға және мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.
5) Басқарудың және педагогикалық қызметтің озық тәжірибесін анықтау, оқып-үйрену, қорыту, тарату және ендіру, мәліметтерді жинау, өңдеу және сақтау.
6) Біліктілігін көтерген басшылар мен педагогтар жұмысын оқып-үйрену.
7) Жеке меншіктің барлық түрлеріндегі білім беру ұйымдарын аттестациялау, аккредитациялау және лицензия беруге қатысу. Білім беру қызметкерлерінің аттестациясын ұйымдастыру және өткізу.
3.Аудандық(қалалық) әдістемелік кабинет
(орталық) жұмысының негізгі мазмұны
1. Кабинет (орталық) жалпы және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық және басшы кадрларының қызметіне:
пәндер және 2 не одан да көп пәндерді оқытатын мұғалімдер бойынша;
кәсіби дәрежесінің деңгейі бойынша ;
жас педагогтарға;
сынақтан өткізуші және авторлық бағдарламалармен, оқулықтармен жұмыс жүргізушілерге;
оқытудың жаңа немесе дәстүрден тыс әдістері мен технологияларын меңгеруге байланысты инновациялық немесе тәжірибелік күн тәртібінде жұмыс жүргізушілерге;
білім сатысы оқуларында біліктілігін көтергендер мен даярлықтан және қайта даярлықтан өткендерге ;
барлық деңгейлердегі (халықаралық,республикалық,облыстық, аудандық, мектепішілік) семинарларға,мәжілістерге қатысушыларға талдау жасайды және есеп жүргізеді.
2. Мемлекеттік базистік жоспардың негізгі және қосымша түрлерінің жүзеге асырылуына және аудан көлеміндегі педагогикалық үдерістің тиімділігін көтеруге жағдай туғызу.
3. Ұжымдық , топтық, жеке әдістемелік жұмыстарды жоспарлайды ұйымдастырады, жүзеге асырады.Әдістемелік бірлестіктерді, тірек мектептерді немесе озат мұғалімдердің, басшылардың шығармашылық зертханасын анықтайды,оқытудың белсенді әдістерін қолдануға нұсқаулар береді.
4. Педагогикалық инновациялық ақпарат орталығын құрады. Кабинеттердің (орталықтың) ұсынуымен жаңашыл білім беру үдерісін насихаттайтын жарнама-
ақпараттық анықтамалық жинақ (анықтағыш) шығарады.
4. Аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттің
(орталықтың) басшылары және құрылымы
1.Әдістемелік кабинетті (орталықты) білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын және оларды қайта даярлайтын облыстық институттың келісімі бойынша аудандық(қалалық) білім беру бөлімі (басқармасы) тағайындаған меңгеруші басқарады.
2. Әдістемелік кабинеттің (орталықтың) қызметкерлерін жұмысқа алу және босату меңгерушінің келісімі бойынша білім берудің аудандық (қалалық) бөлімі(басқармасы) бұйрығымен жүзеге асады.
Аудандық әдістемелік кабинеттің (орталықтың) құрылымы аудандық(қалалық) білім беру кеңістігінің ерекшелігіне байланысты қызметкерлер саны мен міндеттері жөнінен әр түрлі болуы мүмкін.
Аудандық(қалалық)әдістемелік кабинеттің (орталықтың) құрылымы:
Меңгеруші.
Оқу нәтижелерінің диагностикасы және мониторингі бөлімі.Рейтингтік бағалау.
Педагогикалық үдерісті ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі.
Эксперттік кеңес .
Кабинет кеңесі (төрағасы).
Педагогикалық инновациялар бөлімі.
Психологиялық қызмет .
Әлеуметтік қызмет.
Баспа қызметі.
Кітапхана.
Материалдық база және қаражат
Кабинет (орталық) қызметі бюджеттен (өзі қарауына енетін білім бөлімі бекіткен шығындар сметасына сәйкес) және өз қаражатынан, соның ішігде білімдік қызмет етуден:ғылыми -әдістемелік өнімдерді іске асыру ,тұрғындарға қызмет ету, кәсіпорындар мен ұйымдардың ,жекелеген адамдардың өз еркімен жарна төлеуінен жинақтаған және де басқадай табыс көздерінен қаржыландырылады.
Қаражат:
семинарлар, мәжілістер, байқаулар, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыруға және өткізуге;
жұмыс жоспарлары бойынша ғалымдарды, тәжірибесі мол ұстаздарды, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді келісім-шарт негізінде жұмысқа пайдалануға ;
кітапхананы педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен , күнделікті басылымдармен, бейне-дыбыстық құралдармен және техникамен үнемі қамтамасыз етуді жүзеге асыруға жұмсалады.
Кабинет (орталық) қызметкерлердің жайлы қызмет етуіне, көрмелер ұйымдастыру үшін кітапхананы, байқаулар, конкурстар, семинарлар, кеңестер өткізуге қажетті мүліктерді білім беру бөлімі мен (басқармасымен) ортақ не жеке пайдаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995ж 30 тамыз
2.ҚР «Білім туралы»Заңы.27.07.2007 ж.№319-111 ҚРЗ, Астана Ақорда
3.ҚР « Тілдер туралы» Заңы, 11.07.1999 ж, 11.07.1999 ж, №151-1
4.ҚР Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2001 ж. 07 ақпан №550 Жарлығы)
5. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары
6. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 11.10.2004 ж, №1459
7. 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты даму концепциясы аясында Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалау, 14.11.2006 ж. №211
8. Әлмұхамбетов Б.А., Бенцион Я.С. Педагогикалық кадрлармен әдістемелік жұмыс: келелі мәселелер, тәсілдер, шешімін іздеу. А- 1999
9. Баймолдаев Т. М. « Менеджмент – басқару тәсілі» А- 2001
10.Бітібаева Қ.О. «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары» А- 2008
11Жайтапова А А ., Шамина Г. А. Содержание деятельности методиста в контексте модернизации образования» уч. Пособие А- 2006
12 Шаймерденова К. « Абайдың ағартушылық ойларындағы жаңашылдық және бүгінгі мектеп мәселесі» А- 2002
13.Тұрғынбаева. Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе Монография. А-2007
14 Керімбаев Н. « Қазақ әдебиеті мұғалімдерінің білімін және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жолдары» А- 1994
.
Достарыңызбен бөлісу: |