126жм назарқұл Еркебұлан


Миоидты және миоэпитеальды жасушалар. Шығу тегі, құрылысы, функциясы. – 100%



бет82/84
Дата02.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#156163
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021 — копия

79. Миоидты және миоэпитеальды жасушалар. Шығу тегі, құрылысы, функциясы. – 100%
Миоэпитеальды жасушалар(миоэпителиоциттер) – миоэпитеальды тіннің гистологиялық элементі. Олар секреторлы эпителиоциттермен бірге ортақ дің жасушаларының дивергентті дифференциалдануы нәтижесінде терілік эктодермадан дамиды. Миоэпителиоциттер бездік жасушалардың табаны мен базальды мембрана арсында орналасқан. Олардың өінділері сілекей, тер, көз жасы және сүт бездерінің секреторлық(ұштық) бөліктері мен кейбір шығарушы өзектерінің сыртын қамтып орналасқан.
Құрылысы. Бездердің ұштық бөліктерін қапсыра қоршайтын өсінділері арқасында миоэпителиоциттердің пішіні жұлдызша немесе кәрзеңке тәрізді болып келеді. Жасушаның ортасында ядросы және жалпы маңызды органеллалар орналасқан. Миоэпителиоциттердің ерекшелігі – өсінділерінде мезенхималық типті тегіс бұлшықет жасушасындағы сияқты жиырылғыш аппаратын құрастыратын тұрақты актинді және тұрақты емес миозинді филаменттердің болуы.
Қызметі. Миоэпителиоциттердің жиырылуы бездердің ұштық бөліктерін қысып, шығарушы өзектері арқылы секреттің бөлуіне мүмкіндік туғызады.
Миоидты жасушалар – генетикалық алуантүрлілігі бар жасушалар тобы. Миоидты жасушалар мезодерманың энтомезенхимасынан, эктодермадан ,нейроэктодермадан және хордаалды пластикандан дамиды.
Орналасуы: сүт безінің, сілекей безінің , тер бездерінің соңғы бөлімдерінде, тимуста.
Миоидты жасушаларға миофибробласт(энтомезенхиманың туындысы), миоэндрокинді жасушалар ( бүйректің юкстагомерулярлы комплексінің миоэндрокинді жасушалары, жатырдың қабырғасындағы ренин-секреттеуші миоциттер ), эктодерма туындылары (регенерациялайтын эпидермистің миоидты эпителиоциты, сілекей безінің , тер безінің, сүт бездерінің миоэпителиоциттері), эпифиздің , мишықтың, мидың миоидты жасушалары( нейроэктодерма туындылары) және тимустың миоидты жасушалары (хордаалды пластинканың туындысы) жатады.
Тимустың миоидты жасушаларының функцияларына тоқтасақ:

  1. Антигенпрезентация- олар тимоциттерге антиген түзеді, лимфоциттердің арнайы клондарының пролиферациясын стимулдайды.

  2. Тимоциттермен әрекеттесу- тимоциттерді апоптоздар қорғау.

  3. Қысқару- активті Н-холинорецепторын тасымалдайды, қысқаруға қабілетті.

  4. Цитокиндер синтезі .

80. Нерв тіні. Олардың жалпы сипаттамасы. Эмбриональды гистогенез. Нейробласттардың және глибласттардың дифференцировкасы. Нерв тіндерінің компонентті құрылымының регенерациясы туралы түсінік. – 92,02%
Нерв тіні- екі гистологиялық элементтерден – нейрондар (нерв жасушалары) мен нейроглиядан (глиялық жасушалардан) тұратын жетекші тін.
Нейрондар- нерв тінінің басты құрылымдық –қызметтік бірлігі, ал нейроглия көмекші рөлді атқарады- жүйке жасушаларының қалыпты дамуы мен қызметін атқаруына қолайлы жағдай жасайды.
Жүйке жүйенің функциясы:
1)Түскен мəліметті сақтау өңдеу (анализ ,синтез);
2) ағза қызметтерін реттеу;
3)Ағзаның қоршаған ортамен байланысын қамту.
Жүйке тіні нейроэктодермадан (ұрықтың сыртқы қабаты- ұрық эктодермасының дорзалды бетіндегі ) және нейральды плакодалардан (эктодерма қалыңдауы) дамиды. Хордомезодерманың индукциялық әсерінен нейроэктодерма жасушалары цилиндр пішінді болып, нерв табақшасын құрайды. Нейруляция процесі барысында нейральды көзден 2 бастама қалыптасады:
1. Нерв түтікшесі ұрық дамуының 18-22 тәуліктерінде пайда болады. Нерв табақшасының шеттері нерв буылтығы болып көтеріледі де, орталық бөлігі ұрық ішіне батып, нерв науашасын қалыптастырады. Нерв буылтықтарының бір-біріне жылжуы нәтижесінде нерв науашасы бүктеліп, нерв түтішесі түзіледі. Нерв түтікшесінен ми мен жұлынның нейрондары , макроглиясы, көздің торлы қабығы дамиды.
2. Нерв қырқашасы (ганглиоздық табақша) нерв үймекшесі мен эктодерманың арасында қалып қойған нерв табақшасының бөлігінен дамиды. Олар белсенді миграциялауға қабілетті. Нерв қырқашасынан вегетативтік және жұлын нерв түйіндері, бүйрек үсті бездің милық заты, терінің меланоциттері, диффузды эндокриндік жүйенің жасушалары пайда болады.
3. Нейральды плакодалар (гр. Plax- табақша) – нерв тінінің үшінші даму көзі. Олар нерв түтікшесінің бас бөлігінің бүйір тұсындағы эктодерманың қалыңдаулары болып табылады. Нейральды плакодалардан дәм сезу, есту, тепе-теңдік эпителиоциттері және V,VII, IX, X жұп бас нервтерінің түйіндерінің нейрондары дамиды.
Нейробласттар- үлкен және дөңгелек ядросында тығыз ядрошығы бар, цитоплазмасы нашар боялған жасушалар. Олардың негізгі белгілері: 1) бөліну қабілетінен қайтымсыз айырылған; 2) цитоплазмасында арнайы органеллалары- нейрофиламенттер мен нейротүтікшелер бар; 3) бір өсіндісі- аксоны униполярлы нейробласт стадиясында дамиды. Мультиполярлы нейробласт стадиясында дендриттері қалыптасып, рибосомдары мен ЭПТ дамып, көлемі өсіп, жас нейронға, яғни пронейроцитке айналады. Онда тез арада синтездік және секреторлық аппараты (грЭПТ, Гольджи комплексі) дамиды, цитоплазмасында нейромедиаторларға толы синапстық көбікшелер пайда болады. Жинақталған сайын олар аксонға тасымалданады, сөйтіп жас нейрондар арсында синапстық байланыстар қалыптасады.
Спонгиобласттар (глиобласттар) – пролиферацияға қабілетті, ОЖЖ-нің макроглиясы- астроциттер мен олигодендроциттердің даму көзін атқаратын жасушалар. Микроглия қан тамырларынан көшіп шыққан моноциттерден дамиды. Басқа көзқарастар бойынша микроглия жасушаларының популяциясы екі текті- бір бөлігі қанның момноциттерінен, екіншісі – нейроэктодермадан дамиды.
Нейрондар тұрақты популяцияны құрайды, себебі олар гистогенез барысында бөліну қабілетінен айырылған. Сондықтан нерв тінінде нейрондардың жасушалық регенерациясы өтпейді, бірақ нейрондар жасушаішілік регенерацияға, яғни, өздерінің кейбір ескірген немесе зақымданған құрамдастарын (молекулаларын, органеллаларын, синапстарын) жасушаішілік метаболизмдік процестер әсерінен қалпына келтіруге қабілетті.
Нерв талшықтарының үзілуі нәтижесінде екі кесінді пайда болады: 1)-орталық- нейрон денесімен байланысқан бөлімі; 2)- перифериялық- нейрон денесімен байланысы жоқ шеткері бөлімі. Осылардың әрқайсысы дегенерацияға(лат.degeneratio-тозу, бұзылу) ұшырайды. Орталық бөлігі- өрлеме түрінде, перифериялық кесінді- төмен түсетін дегенерацияға.
Өрлеме дегенерацияда білік цилиндірінің орталық кесіндісі тек зақымдалған жерде бұзылады, аксонның қалған бөлігі бұзылмай қалады. Аксонның проксимальды бөлігінің ұшында рестракциялық колба пайда болады. Зақымдалған нейронның денесі тигролизге, хроматолизге ұшырайды, яғни гр ЭПТ мен бос рибосомдардың үйінділері ериді. Ядросы периферияға ығысады. Зақымдалған аймақта нерв талшығының миелинді қабығы да ериді.
Төмн түсетін дегенерация кезінде білік цилиндрі мен миелинді қабығы фрагменттерге ыдырайды. Ыдырау өнімдерін микроглия және Шванн жасушалары фагоцитоз арқылы жояды. Дегенерация процесін алғаш рет А.В.Уоллер сипаттады, сондықтан оны Уоллер дегенерациясы деп те атайды.
Уоллер дегенерациясы аяқталғанда жүйке талшығының регенерациясы басталады. Зақымданғаннан кейін бірнеше күн өткен соң, нейрон денесінің құрылысы, қызметі қалпына келіп, зақымдалған аймаққа цитоплазманың құрамдастары жеткізіледі. Рестрациялық кеңеюден аксонның өсу конустары өседі. Тірі қалған нейролеммоциттер пролиферация процесіне (жасуша бөлінуінің арқасында тіннің ұлғаюы) ұшырап, тізбекке тізіліп, Бюнгнер тізбегін түзеді. Ол өсіндіге бағыт беру қызметін атқарады. Өсу конустарының өсу жылдамдығы 0.3мм/тәулік, ал зақымдалған жерден асқаннан кейін- 3-5 мм/тәулік. Нейролеммоциттер жүйке талшығының жаңа миелинді қабығын түзеді. Оптимальды жағдайларда жүйке талшығының регенерациясы 3-4 айға созылады.

Уникальность- 70%


81.Нейроциттер (нейрондар). Шығу тегі. Морфофункциональдық жіктелуі.
Нейрон құрылысы.
Нейрон (грекше -талшық, жүйке) – нерв жүйесінің құрылымдық атқарушы өлшемі болып табылады, сонымен қатар жоғары мамандандырылған жасуша, жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалды бірлігі. Нейрон-электрлік және химиялық сигналдарды қолдана отырып, ақпаратты сырттан қабылдауға, өңдеуге, сақтауға, беруге және сыртқа шығаруға арналған электрлік қоздырғыш жасуша.
Шығу тегі
Нейроциттер негізінен тармақталған болып келеді, Нейроэктодерма учаскесінен - жүйке пластинкасы пайда болады. Жүйке тақтасы ішке қарай иіліп, жүйке ойығы пайда болады және жүйке роликтері. Жүйке жиегі білігі жақындайды және жабылғаннан кейін жүйке пайда болады түтік. Жүйке түтігінен органдар пайда болады. Денесі сұр түсті протоплазма мен ядродан тұрады. Қысқа тарамдалған өсінділерін дендриттер, ал ұзын өсіндісін аксон (нейрит) деп атайды. Өлшемдері: d = 4-5 мкм-140 мкм Саны: 1011-1012 кл. Қасиеттері: олардың саны жасына қарай азаяды, бөлу қабілеті жоқ.
Морфофункциональдық жіктелуі.
Нейрондардың пішіндері : себет, жұлдыз тәрізді, алмұрт, пирамида тәріздес. Нейрондардың жіктелуі . Нейрондар функциялары бойынша рецепторлық немесе сезімтал-афферентті, ассоциативті және қозғалатын-эфферентті болып бөлінеді . Алғашқы кезде нейрондар ішкі және сыртқы орталықтың әсерін қабылдайды . Ал ассоциативті нейрондар жүйке байламдарын бір-бірімен байланыстырады . Зардап шеккен нейрондар жүйке органдарына әсер етеді, олардың тітіркендіргіш реакциясын жүйке импульсіне айналдырады .
Нейрондардың морфологиялық құрылымы әртүрлі. Нейрондарды жіктеу кезінде бірнеше принциптер қолданылады:
нейронның денесінің мөлшері мен пішінін ескеріңіз;
процестердің тармақталу саны мен сипаты;
аксон ұзындығы және мамандандырылған қабықтардың болуы.
Нейронның дене мөлшері кішкентай түйіршікті жасушалардағы 5 мкм-ден алып пирамида нейрондарында 120-150 мкм-ге дейін өзгереді. Процестер саны бойынша нейрондардың келесі морфологиялық түрлері бөлінеді . Мысалы, ортаңғы мидағы тригеминальды нервтің сенсорлық ядросында болатын униполярлы (бір процесспен) нейроциттер,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет